Интернетке үйден қатынау қызметінің нарығы. Таңдау жасауға мүмкіндік бар

Интернетке үйден қатынау қызметінің нарығы. Таңдау жасауға мүмкіндік бар

Даму жолындағы алғышарттар мен қайшылықтар Үй шаруашылықтары үшін интернет желісіне кеңжолақты қатынау қа­зіргі уақытта интернетке қатынау нарығы өсуінің негізгі драйвері болып табылады. Корпоративтік сегментте «күштердің орналасуындағы» салыс­тыр­малы тұрақтылық пен айқындылық интер­нет-провайдерлерді «үйдегі» тұтынушылар нарығын белсенді игеруге итермелейді. iKS-Consulting бағалауы бойынша 2010 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында Қазақстанда интернет желісіне кең­жо­лақты қосылысы бар үй шаруашылықтарының саны1 685 мың шамасында болды, бұл ену көрсеткішіне іс жүзінде 14% сәйкес келеді.

Үй шаруашылығы сегментіндегі КЖҚ  абоненттерінің саны, 2007-1Н2010


Ақпарат көзі: iKS-Consulting
Источник: iKS-Consulting
Осылайша 2010 жылдың бірінші жар­ты­сында үй шаруашылығы сегментіндегі КЖҚ абоненттері санының өсімі 2009 жыл­ғы жылдық өсімнен асты, тиісінше 205 және 165 мың абонент.
Біздің пікірімізше, нарықтың мұндай шап­шаң дамуына провайдерлермен қатар тұтынушылар белсенділігі ықпал етеді. Про­вайдерлер бір оператордың қыз­мет­те­рін кешенді тұтынуға ынталандыратын түр­лі акциялар мен арнайы пакеттік ұсы­ныс­тарды іске қосуда. Өз кезегінде бірқатар себептерге орай, клиенттердің үйден қо­сы­лу жылдамдығы мен сенімділігіне қа­тыс­ты талаптары да анағұрлым күшейіп ке­леді. Тұтынылатын контенттің «ұл­ға­юы­нан» (нақты уақытта видео қарау, му­зы­ка, фильмдерді, БЖ көшіріп алу) «үйдегі офис» жағдайында жұмыс істейтіндер са­ны да артты. Мұны ішінара экономикалық дағдарыстың оң әсеріне жатқызуға бо­лады; қоғамда қашықтан ыңғайлы жұмыс істеу мүмкіндіктері жиі талқылануда: өз уа­қытын пайдалануды оңтайландыру мен тиім­ділігін арттыру, қосымша кіріс алу, жүк­тілік демалысы кезінде жұмысты жал­ғастыру мүмкіндігі және т.б.
Республика көлемінде нарықтағы бәсе­келестік туралы айту әлі ерте – «Қазақ­телеком» АҚ қызмет көрсететін үй шаруа­шылықтарының саны айтарлықтай жоғары. Қазақстанның әрбір ірі қаласында «үй желісін» ұйымдастырушы үш-төрт жергі­лікті интернет-провайдер бар, алайда олар арагідік сипатқа ие. Ал солтүстік астана мен оңтүстік астана нарығындағы бәсе­ке­лес­тік қазірдің өзінде айқын көрініс табуда. Өңірлік нарықтарды кезең-кезеңмен игеру қазақстандық ерекшелік болып табыл­май­ды. Бұл – түрлі елдердің нарығында орын алып отырған салалық логика. Орталық қала­ларда енгізілген шешімдер кейіннен өңірлерге таралып, өңірлік даму шешімінің жан-жақты пысықталуы арқасында ол анағұрлым жоғары қарқынмен жүзеге асуы мүмкін. Осылайша Алматыдағы на­рық­­ты белгілі бір ықтималдықпен басқа өңір­лерде жүзеге асырылатын модель ретінде қарастыруға болады, себебі Ал­ма­ты­да Қазақтелекомға бәсекелес бола ала­тын операторлар республикалық ауқым­ға ие және олардың Қазақстанның түрлі өңірлерінде біршама үлестері бар.
Алматыда үй шаруашылығы сегмен­тін­де кеңжолақты интернет-қатынаудың негізгі жеткізушілері  мыналар: «Қазақ­те­ле­ком» АҚ (Megaline және ID Net ), Beeline, Алма ТВ, ICON, Digital TV. Бұл операторлар қалалық «көппәтерліктердегі» өз қатысу үлестерін белсенді түрде күшейтуде, сон­дықтан көптеген алматылық отба­сы­лар­дың кемінде екі провайдер арасында таң­дау жасауына мүмкіндігі бар.
iKS-Consulting бағалаулары бойынша 2010 жылдың орта шенінде үй шару­а­шы­лығы сегментінде КЖҚ нарығының көлемі нақты алғанда 170 мың абонентке жуық­тады. Нарықтың ойыншылары бойын­ша құ­рылымы мынадай түрге ие:

Алматы қ. операторлар бойынша үй шаруашылығы сегментінде КЖҚ нарығының құрылымы, 1П2010-07-19
 
Источник: iKS-Consulting
«Қазақтелеком» нарығының үлесі басым, алайда балама провайдерлер үле­сі­не іс жүзінде нарықтың бестен бір бөлігі кіреді, ал бұл – айтарлықтай үлкен үлес.
Бәсекелестік – нарық пен тұтынушылар үшін жайлы деген пікірмен ешкім дауласа қоймас. Алайда қандай да бір ұсынысқа байланысты шешім қабылдау оңай мәселе болмайтыны рас.
Біз тұтынушыға осы орайда оңтайлы шешім қабылдауға көмек көрсету үшін Алматыдағы негізгі КЖҚ провайдерлерінің ағымдағы ұсыныстарына талдау жүргіздік. Талдау барысында қазіргі уақытта қызметті жеткізуші мен тұтынушы арасындағы негіз­гі коммуникация құралы болып табылатын ресми сайттарда орналасқан жоғарыда бе­рілген операторлардың бөлектелген ин­тер­нет-қатынауын қосу шарттары туралы жал­пыға қолжетімді ақпаратты пайда­лан­дық.

Ең жақсы бағаны іздеу жолында
Шешім қабылдауда баға түйінді фак­тор­лар­дың бірі болып табылады. Әсіресе бөлектелген интернет-қатынауға абонент алғаш рет қосыларда бағаның алар орны зор. Бүгінгі күні операторлар кең спектрлі тарифтік жоспарларды ұсынады. Қызметті тұтынудың нақты көлемін бағалайтынымен қатар, бекітілген ай сайынғы төлемақыны көздеп, қызметті қарқынды пайдалануын ескермейтін лимитсіз тарифтік жоспарлар бар. Пайдаланушылар көбінесе үнемдеу үшін абоненттік төлемі төмен және тегін қосатын тарифтік жоспарды таңдайды. Мәселен, ІСОN-ның Trinity 256 тарифтік жоспары бір көргенде анағұрлым тар­тым­ды болып көрінеді – ай сайынғы абоненттік төлемақысы бар-жоғы 900 теңге. Алайда оператор абоненттік төлем шотына трафиктің 200 Мбайтын ғана ұсынады. Ал бұл электронды поштамен жұмыс істегеннің өзінде де жетер-жетпес. Қосымша трафик құнын ескере келгенде, айына 500 Мбайт тұтынатын абонент осы тарифтік жоспар бойынша 3600 теңге төлейді (төменде бе­ріл­ген тарифтер кестесі ең төменгі або­нент­тік төлемі бар тарифтік жоспардың «үнемділігіне» қатысты тұжырым жасауға мүм­кіндік береді).
Бұл ретте үй пайдаланушысы айына 2000 теңгеге 20 Мбит/с дейінгі жыл­дам­дықта интернет желісіне қосыла алады. Мұндай мүмкіндікті Вееlinе өз або­нент­теріне «Скоростной 2» тарифтік жос­па­ры­мен ұсынады. Бүгінгі таңда 20 Мбит/с – бұл үйден интернет желісіне қатынаудағы ең үлкен жылдамдық. Мұндай жылдамдық нақты уақытта жұмыс істейтін қосым­ша­лар­ды пайдалану үшін өте қолайлы. Мұн­дай жылдамдықта трафикті оңай өндіруге болады. Билайнның «жылдам» тарифтік жоспарларының абоненттері абоненттік төлемге қосылып, жұмсалмаған трафик кө­лемін келесі айда пайдалана алады (қыз­меттерге ақы төлеу бойынша опера­тор­дың талаптарын орындаған жағдайда), бірақ мұндай жылдамдықта «шектеліп қалу» мүмкін емес. «Скоростной 2» або­ненттік төлем шотында бар болғаны 2 Гб қа­растыратындықтан, бір айдағы қо­ры­тын­­ды шотқа болжам жасау мүмкін емес, яғни қалған трафикке қосымша ақы төлеу керек.
Еш қиындықсыз 10 Гб игеретін або­нент­тер үшін «Megaline Turbo» тарифтік жос­пары анағұрлым тиімді ұсыныс болып табылады. Turbo абоненттері 8 Мбит/с дейін интернет желісіне қатынау жыл­дам­ды­ғына ие болатындығына қарамастан (сөзсіз 20-дан төмен, бірақ айтарлықтай аз емес), 5845 теңгеге тең абоненттік тө­лем есебінен сыртқы трафиктің 20 Гб (!) кө­шіріп ала алады. Бұл – Қазақтелеком же­лісінің ішкі ресурстарының трафигін есепке алмағандағы жағдай.
 
Тұтынатын трафик көлемінің бағасы көрсетілген негізгі интернет-провайдерлердің тарифтік жоспарлары:


Трафикті белсенді тұтынуға ынта­лан­ды­­ратын ғаламдық желіге қатынаудың мегабитті жылдамдықтарын опе­ра­тор­лар­дың қамтамасыз етуі жағдайында ин­тер­нетті пайдалану шығындарын бақы­лап, жорамалдау өзектілікке айналуда. «Үй ин­тер­неті» бір уақытта бірнеше адам пай­да­ланатын отбасы қызметі болғандықтан, жоғарыдағы «қызықты математика» жат­ты­ғулары отбасы бюджетін бей-берекет етіп, діңкелететіні анық. Лимитсіз тарифтік жоспарларды пайдалану осы проблеманы шешуге мүмкіндік береді. «Лимитсізге» деген нарық мүддесін асыра бағалау қиын. Трафик есептелінбейтін, өз атын толық ақтаған «Megaline Hit» тарифтік жоспарын енгізу бірнеше жыл бұрын нарықтың күрт өсуіне және үйден қосылуға деген жаппай сұраныстың артуына алып келді.
Кабельдік ТВ операторлары – Алма-ТВ және Digital TV жоғарғы жылдамдық шегін тұрақты сақтай отырып, өз абоненттерін интернет желісіне шектеусіз қатынаумен қамтамасыз етеді. Бірақ олар ұсынатын тарифтік жоспарлар шеңберінде интернет желісінің сыртқы ресурстарына қатынау жылдамдығы 1 Мбит/с-тан аспайды. Ал қазір 1 Мбит/с-тан аз жылдамдықты қана­ғат тұтпай, одан да жоғары жылдамдықты қажет ететін пайдаланушылар саны өсуде. Осылайша бүгінгі күні Megaline-ның негізгі бәсекелесі «Интернет дома» қызметімен Вееlinе болып табылады. Орташа алғанда, екі оператордың тарифтері мен шарттары шамалас. 2 Мбит/с дейінгі жылдамдықта Лимитсіз 3900 тарифтік жоспарымен Вееlinе-дікі тиімдірек. Бұл ретте екі опе­ра­тор айына 4600 теңгеге жоғары жыл­дам­дық­та қосылуды ұсынады (салыстырмалы кес­тені қара.).
Соңғы жылы белгілі мақсатты тұты­ну­шы­лар топтарына арналған арнайы ли­мит­сіз тарифтік жоспарлары енгізілген. Опе­раторлардың саралап жіктелген тариф­тік саясаты нарықтың белсенді өсуін көр­сетеді. Операторлар адрестік қосым­ша­лар есебінен оны кеңейтуге талпынуда. Арнайы тарифтік жоспарлардың арасында Megaline Start пен Megaline Turbo Plus-тың алар орны зор. Start-ты «әлеуметтік жоба» деп атауға болады. Осы тарифтік жоспарды енгізгеннен кейін интернет желісіне лимит­сіз қосылу айына кем дегенде 2000 теңгеге мүмкін болды. Өмір салты «онлайнға» айналған жанның көңілінен Turbo Plus әбден шығады. Оның 8 Мбит/с дейінгі ең жоғарғы жылдамдығын ADSL арқылы қамтамасыз етуге болады және бұл жыл­дам­дық сыртқы ресурстармен қатар, опе­ратор желісінің ішкі ресурстарына да сақталынады. Қазақтелекомның желіішілік ресурстарына қатынаудың барынша ықти­мал жылдамдығы пайдаланушының қан­дай трафик көлемін өндіретініне қара­мастан, өзгеріссіз қалатынын атап өткен жөн (кейін бұл ненің арқасында мүмкін екенін қарастыратын боламыз). Осылайша «турбо» арналарының пайдаланушылары «ауыр» контентпен жеңіл алмасып, он­лайн­да бейнені көріп қана қоймай, өз­де­рінің геймингтік немесе хостингтік сер­верлерін де ұйымдастыра алады. Мұндай мүмкіндіктерге бекітілген ай сайынғы төлем арқылы қол жеткізуге болады.
Алайда тәжірибелі интернет пай­да­ла­ну­шылар арасында «жылдамдық еш­қа­шан артық болмайды» деген пікір кең таралған. Пайдаланушы неғұрлым тал­ғампаз болса, желінің өткізу мүмкіндігіне қоятын та­лап­та­ры да соғұрлым жоғары болады. Бүгінде операторлардың тал­шық­ты-оптикалық желілерді белсенді салуы және оған тұтынушылардың жап­пай көшуі теле­ком­му­никация саласын дамытудың әлемдік тенденцияларының бірі болып табылады. Интернетте видео көру, радио тыңдау немесе «ком­пью­тер­ден» телефон шалу пай­даланушылар арасында барынша кең таралып, барынша дамыған (xDSL) қаты­нау технологиялары өткізу мүмкіндігіне қойылатын талап­тар­дың күшею қарқынына ілесе алмай ке­ле­ді. Олардың орнына FTTx тех­нологиялары, атап айтқанда, FTTH (Fiber-To-The-Home, Оптика үйге дейін) келуде. Талшықты-оптикалық байланыс желіжолдарын пайдалану желідегі де­рек­тер беру жыл­дамдығы шегін арт­ты­ра­ды. Қазақстанда мұндай желілерді ұлттық ауқымда салуды Қазақтелеком мен Beelinе бастады. Осын­дай желілердің салынуы арқасында түбегейлі жаңа жылдамдық дең­гейіне шығу мүмкін болды. Бұл орайда Қазақ­телекомның ID-Net қызметін атап өтуге болады. Сыртқы ресурстарға қатынау жылдамдығы 2 Мбит/сек дейін болған кезде оператор желісі ішінде деректермен алмасу 100 Мб/с жылдамдықта қамта­ма­сыз етіледі. Бұл Қазақстанның әртүрлі қала­ларындағы пайдаланушылардың ком­пью­терлері арасындағы деректермен алмасу жылдамдығы жергілікті офистік немесе үй желісіндегі екі компьютердің әре­кеттесетін жылдамдығына ұмтылады де­генді білдіреді.

Негізгі интернет – провайдерлердің лимитсіз тарифтік жоспарлары

Тарифті саралау
Көріп отырғанымыздай, негізгі бә­се­ке­лес­тердің «жоғары жылдамдықты» тариф­тік жоспарлар бойынша бағалары ай­тар­лықтай шамалас. Осы жерде қызметті ұсынудағы ерекшеліктер зор маңызға ие болады. Бұл ретте барлық Mеgaline тариф­тік жоспарлары тегін болып табылатын оператордың ішкі ресурстарына қатынауды көздейді (бұл Казнеттің басым бөлігі) және белгілі деңгейге жеткеннен кейін сыртқы ресурстарға қатынау жылдамдығы тө­мен­дей­тін трафик көлемі есепке алынбайды.
Мұнымен қоса, желіішілік ресурстарға қа­тынау жылдамдығының тұрақтылығы да маңызды және ол абоненттің бір ай ішінде өндірген трафигіне байланысты емес. Қалай дегенмен Қазақтелеком желісінің ішкі ресурстарына қатынау жылдамдығы өзгеріссіз қалады – 1 Мбит/с дейін және көшіріп алынатын трафик көлемін ескермейді. Бұл пайдаланушыға трафиктің шекті көлеміне жеткенімен де, қазақ­стан­дық серверлерден фильмдерді көшіруіне, ал желідегі ойындарды қалайтындарға – виртуалды ойын алаңдарында басқа қазақстандықтармен бірге жоғары жыл­дам­дықта ойынды жалғастыруына мүм­кіндік береді. Осының арқасында Қазақ­телекомның ID Net Motor жаңа тарифтік жос­парының абоненттері үшін сырт­қы ресурстарға қатынау жыл­дам­ды­ғы­ның төмендеуі тек шартты жағдай болып қала береді, яғни сыртқы трафиктен 40 Гб және одан да көп көшіргенде ғана төмендейді! Бұл шарт аталған оператордың желісінің пайдаланушылары арасында трафиктің тегін және есепке алынбауы жағынан өте қолайлы. Желі өскен сайын пайдаланушы контенті де ұлғайып, түрленетіні айқын. Beeline әзірге желінің ішкі және сыртқы ре­сурс­тарына қатынауды бөлек есепке ал­майды, тек абоненттің жалпы өндірген тра­фик көлемін есептейді. Тиісінше желінің бар­лық ресурстарына бағытталған тра­фик­тің шекті көлеміне жеткенде қатынау жылдамдығын төмендетеді. Beeline және Megaline желісінің абоненттерінің әзірге трафик есебінсіз өзара трафикпен ал­ма­су­ға мүмкіндігі жоқ. Бұл мәселе бойын­ша операторлардың келісімге келуі жа­қын болашақ ісі болатынына сенім артамыз.

Пакеттік ұсыныстар
Жаңа жылдамдық деңгейінен басқа, FTTx базасында ұйымдастырылатын жаңа буын желілері пайдаланушыларды көп­теген зияткерлік сипаттамалары бар за­манауи қызметтер кешенімен қамтамасыз етеді. Бұл қызметтер пайдаланушының ағымдағы қажеттілігіне қарай, өз бетінше пакетке қызметтерді қосуына немесе одан алып тастауына, қызметтің параметрлерін өзгертуіне мүмкіндік береді.
Кеңжолақты қосылу интернетке қаты­наумен қатар, IP-телефония және IP-TV қызметтерін кешенді пайдалануға жол ашады. Қазақтелекомның кең өріс алып жатқан жаңа талшықты-оптикалық желісі ID Net, ID-TV, ID Phone, ID-Host қол­да­ныс­тағы қызметтерін ID брендіне біріктіру үшін жасалуда.
Бұл ретте пайдаланушылар қосымша мүмкіндіктер мен онлайн-сервистерден басқа, аталған қызметтерді кешенді пай­даланудан экономикалық тиімділік көруі қажет. Бұған операторлардың пакеттік ұсынысы дәлел бола алады. Ол бүгінгі күні клиент үшін күрестегі басты факторлардың бірі екені анық.
Осылайша Қазақтелеком қызметтерін қосу кезінде (телефон желісі+бөлектелген Megaline арнасы+ ID-TV цифрлық телевидениесі) бөлектелген желі және ТВ қосу үшін төлем алынбайды, ал телефон желісі 50% жеңілдікпен қосылады. Мұнымен қоса, интернет пен телевидениеге қо­сылған Қазақтелеком абоненттері або­ненттік төлемнен 10%-дан аса үнем­дейді.
Сондай-ақ ICON абоненттерді ком­пания қызметтерін кешенді пайдалануға ынталандырады. Интернет-қатынау және ТВ қызметтерін кешенді пайдалану кезінде ТВ қызметін пайдаланғаны үшін абоненттік төлемге 50% дейін жеңілдік беріледі.
Барлық қызметтер үшін оператордың клиентке бірыңғай шот беруі кешенді ұсы­ныстардың қолайлылығы болып табылады. Бұл орайда барлық дерлік операторлар өз қызметтерін алдын ала төлем шарттары бойынша жүргізсе, ал Megaline және ID Net абоненттеріне кредиттік сұлба бойын­ша қызмет көрсетіледі, яғни олар тұтынған қызметтері үшін есепті айдан кейінгі айда төлейді.

Қорытынды
Әлемдік интернет-қатынау на­рық­та­рын салыстыру қазақстандық на­рық­тың технологиялық жағынан ғаламдық трендтерге сәйкес дамып келе  жат­қанын көрсетеді. Опера­тор­лар ең жоғары қатынау жыл­дам­дық­тарымен қамтамасыз етуге талпынуда, тариф­тер­ді жоспарлы түрде төмен­де­ту­де.
Сенімді желі салудан басқа, клиент­тердің деректер алмасудағы қа­жет­тіліктерін белгілі бір орында ғана емес, олардың талабы бойынша қанағат­тандыра отырып, серіктестік қа­рым-қатынас құру ұзақ мерзімді табыс кепілі екенін әлемдік тәжірибе көр­сетіп отыр. Олай болса, қазақ­стан­дық операторлардың өсу және жетілу жолындағы мүмкіндіктері зор.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста