Голландиялық картопты Қарағандылық өнім ығыстырмақ

Бұйырса, картоптың «королі» – Голландияға қол жаймайтын боламыз. Қарағанды облысы Абай ауданы Көксу ауылындағы «Астро-Агро» ЖШС Қазақстан ғана емес, Орта Азия нарығынан Голландияның картоп тұқымын жеткізушілерді ығыстырмақ. Сөйтіп, импорт алмастырушы отандық өнімдерді сырт елде саудалауды мақсат етіп отыр. «Вируссыз шағын түйнектер негізінде іріктелген картоп өсіру» жобасымен өндірілетін өнімнің басымдығы – картоп тұқымының тазалығы, жоғары өнімділігі, түрлі топырақ-климат жағдайларына бейімдігі мен экологиялық саулығында. Бұл бағытта серіктестік өздері өсіретін 42 сортты картоптан жартылай голландиялық негізде вируссыз түйнек алуға ден қоюда.
«Астро-Агро» ЖШС басшысы Александр Шимпф қазақстандық ғылыми орталықтармен (Алматы қаласындағы қазақ картоп және көкө­ніс шаруашылығы ҒЗИ, Астана қаласындағы ҚР Ұлттық биотехнология орталығы) және Еуропа­ның «Агрика», HZPC сияқты белгілі фирмалары­мен байланыста. 2006 жылдан ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тарын жүргізуде. Зерттеулер картоптың вирустық аурулары егістің толық жойылуына соқ­тыруы мүмкіндігін көрсеткен (мәселен, жыл сайын осыдан келетін әлемдік шығын 90 млн тоннаға дейін жетеді екен).
Екінші бір проблема, Қазақстанның өзі жы­лы­на картоптың іріктелген тұқымының 95 па­йызын шетелден сатып алады. «АстроАгро» да – осы қатарда. Әр жылы Голландиядан 30-45 млн теңгеге тұқым алумен келеді. Ол тұқымның 1 тоннасы – 1000 евро, одан да қымбат.
Серіктестіктің баға саясатында оның тон­на­сы­ның құнын 400 евроға дейін түсіру қа­рас­ты­рылған. Осылай­ша, картоптың аудан­дас­тырылған вируссыз тұқым шаруа­шы­лығы жүйесін енгізу импортты алмастырмақ. Сол үшін жыл бойы (2006-2008) шаруашылықта тәжірибе жұмыстары жүргізіліп, жоғары сапалы вируссыз шағын түй­нек­тер алынған. Технологиялық кешенді зерт­хана зерт­теуге мол мүмкіндік береді.
Александрдың бұл қадамына Германияға көшіп барып, сонда өзі құрған «Агротех Гмбх» компаниясының бас директоры болған Валентин де қолдау көрсеткен. Ол осыдан жеті жыл бұрын «Астро-Агрода» өткен халықаралық семинарда былай деп ашық айтқан: «Біз «Фонтанэден» бас тартатын боламыз (голландық сорттардың бір түрі). Ол бізді екі рет жерге қаратты: сақталуы нашар. Одан да қазақстандық сорттарға жә­не өз селекциямыздың өнімдеріне басымдық бере­міз».
Ал «Астро-Агро» ЖШС басшысы Александр: «Кар­топты голландиялықтардың бізден сатып алғанын қалаймын!» – дейді.

Дерек:
Картоп шаруашылығы Голландияда басқа елдермен салыстырғанда едәуір жақсы дамыған. Голландияда картоптың орташа өнімділігі 400-500 ц/га құрайды. Жыл сайын Голландия картоптың жалпы түсімінің үштен екісінен астамын экспорттайды екен. Голландиялық ғалымдар мен картоп өсіруші фермерлер, зор тәжірибеге ие бола отырып, картоп өсіру технологиясының дамуына зор үлесін қосты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста