Гипертония жасарып келеді

Гипертония  жасарып келеді

«Қазақстан халқының жартысынан көбі гипертония ауруымен ауырады» деп дәрігерлер алаңдап отыр. Олардың пікірінше, халықтың гипертония туралы хабарының аз болуы бұл сырқатты дұрыс елемеуге және ерте анықтау үшін дәрігердің көмегіне жүгінуден сырт қалуына әкеліп отырған көрінеді. Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары жөніндегі орталықтың бас директоры Сәуле Диқанбаева: «Статистика көрсеткендей, Қазақстанда қан айналымы жүйесінің аурулары басқа аурулар арасында да, халық арасындағы өлім-жітім бойынша да бірінші орын алады», – дейді.

Оның айтуынша, қан айналымы жүйесі ауруларымен республика халқының 50,3 пайызы сырқаттанады, оның үстіне артериялық гипертония ауруының саны күн санап артып келеді.

Сәуле ДИҚАНБАЕВА, Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары жөніндегі орталықтың бас директоры:
– Зерттеулер нәтижесіне қарағанда, артериялық гипертониямен көбінесе ер кісілер науқастанады екен. Алайда дәрігерлерді алаңдатып отырған басты мәселе – артериялық гипертонияның жастар арасында дендеп бара жатқаны. Өкінішке қарай, жастар мен жасөспірімдер арасында сырқаттану оқиғалары жылдан-жылға артуда. Қазақстанда жүргізіліп жатқан скринингтік зерттеулер мен профилактикалық тексеру бағдарламалары шеңберінде 2008 жылы 1 млн 850 мың адам тексерілді. Олардың ішінде 197 178 адам қан айналымы жүйесінің ауруынан, оның ішінде артериялық гипертониядан зардап шегетіні анықталды. 2009 жылы 227 531 науқас анықталды. Бұл – ауруды анықтаудың жақсаруы емес, науқастар санының артуы болып отыр.

Маманның айтуынша, артериялық гипертония көп байқалмай, дендей беретіндіктен, қант диабеті, пиелонефрит, жүрек ауруы секілді басқа созылмалы ауруларды асқындырады.

Кардиология және ішкі аурулар жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының бас дәрігері Сымбат Абзалиеваның мәліметіне қарағанда, Қазақстанда гипертония ауруының жыл сайын 20 пайызға өсіп отырғаны байқалады.  

Бүгінгі таңда ауру туралы статистикалық деректерге көз жүгіртер болсақ, қай ауру түрінен болса да, еліміздің алдыңғы қатарда тұрғанына көз жеткіземіз. Кімнің де болса көкейінде неге деген сұрақтың көлбеңдеуі заңды. Иә, неге?  Дәрігер мамандардың айтуына қарағанда, мұның басты себептері: 1) экологиялық жағдай – қоршаған ортаның ластануы (ауа, ауызсу); 2) әлеуметтік жағдай (уақтылы дұрыс тамақтанбау, дұрыс демалмау); 3) салғырттық (салауатты өмір салтын ұстанбау, дәрігерлік тексеруден дер кезінде өтпеу, ауырған жағдайда дұрыс ем алмау).  Рас, олардың да сөзінің жаны бар. Экологияның ескерілмей, тасада қалып жатқан түйінді тұсы жетерлік. Ал әлеуметтік жағдайдың әупірімдеп тұрғаны тағы да рас. Күйбең тірлікте күнкөріс қамымен таңды-таңға ұрып, жанталасып жүріп, демалуға уақыт таппайтындар жетерлік. Азық-түлік бағасының қымбаттауы жылда пайыздап көтерілген жалақыға жеткізбей, дұрыс тамақтануға мұрша берер емес. Ал салғырттығымыз тағы бар. Ел арасында «дәрігерге еврей ауырмай тұрып, орыс ауырғанда, ал қазақ құлағанда барады» деген сөз бар. Қазақта мұндай «жайсаң» мінездің бары да рас.

Ал, халықтың пайымы бойынша, мәселенің мәйегі – медицина саласы деңгейінің төмендігінде. Олай деулерінің де жөні бар сияқты. Өйткені жоғарғы палата отырысында Байқоңыр қаласы және оның жанындағы Төретам мен Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің арасындағы келісімді ратификациялауға арналған заң жобасын талқылау барысында ҚР денсаулық сақтау министрі Ж. Досқалиев еліміздің медицинасына «мешеу» деген диагноз қойған болатын. Егер министр солай десе, демек, солай шығар.
Не десек те, мәселе күрмеуленіп тұр. Алайда бір-бірімізді айыптап, кінәліні іздегеннен күрмеу шешілмейді. Сондықтан төте жол тауып, қолдағы бар мүмкіншілікті дұрыс пайдаланып, дәрігерлер «жалақымыз аз, озық қондырғылар жоқ» демей, ал халық «табысымыз төмен, уақытымыз жоқ» демей, аурудың алдын алуда, ауруға қарсы күресте бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарар болса, жағдайдың, әйтеуір, бір оң нәтиже берері әбдән кәдік.

Гүлнұр СӘДІБЕКОВА, терапевт-дәрігер:
– Бүгінгі таңда гипертонияның  жасарып және көбейіп бара жатуының басты себебі әртүрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты адамдардың күйзеліске жиі ұшырауы мен салауатты өмір салтын сақтамауы болып отыр. Тұрғындардың уақтылы профилактикалық тексеруден өтпеуі аурудың көбеюіне ықпал етіп отыр.

Ел есіне
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшылары (1970 ж) ересек тұрғындарды тексеру кезінде (жасына қарамай) мына көрсеткіштерге сүйенуді ұсынады: артериялық қысым 100/60 мм  сынап бағанасынан 140/90 мм сынап бағанасына дейін – қалыпты, 140/90 мм сынап бағанасынан 159/94 мм сынап бағанасына дейін – шекаралық гипертензия, ал  160/95 мм сынап бағанасынан жоғары – артериялық гипертензия.

Дәрігерлік кеңес:
Салауатты өмір салты, зиянды қылықтардан бойды аулақ ұстау, организмге шамадан тыс физикалық жүктеме түсірмеу, тұзды аз пайдалану өмір сүру мерзімін ұзартады, ал уақтылы жүргізілген ем адамның еңбекке қабілеттілігін арттырады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста