Ежелгі қазақтың тыйымын қазіргі қазақ қыздары сәнге айналдырды

Ежелгі қазақтың тыйымын қазіргі қазақ қыздары сәнге айналдырды

Соңғы кезде әлеуметтік желіні жаулаған жыртық-жыртық шалбар, жемтір-жемтір жейделердің суреті көз сүріндіреді. Тіпті саудада нарқы басым «брентке» айналғаны да жасырын емес.
Бала кезіміз 93-97 жылдардағы нарықтық қайта құру заманына тап келген біздің буын жыртық шалбар кию мен шынтағы тесік жейде киюдің қаншалықты намыс екенін жақсы білеміз. Біздің жыртық киім жоқшылықтан, қолда барды пайдалану үшін жасалған әрекет еді. Естеріңізде болса Оралхан Бөкейдің әйгілі «Ардақ» әңгімесінде қызының жасауы жоқ екен деп айтпасын деп үйдегі жүктің астына кепкен тезек жинататын еді ғой. Бұл – намыс. Кез келген ата-ананың мойынында қызға берер жасауын сайлы етіп апару міндеті тұрады. Ал осы жасауы жасалмағандар намыстанады.

1931-1932 жылдардағы ашаршылық кезінде де адамдар жыртық-жыртық киім киіп, жұтаң өмір сүргенін осы күнде суреттерден, деректі фильмдерден көреміз. Бұл – жоқшылықтан, байдалы түгіл бас қайғы болған заманның көрінісі еді.

Сол кезде де дәл бүгінгі дамыған замандағыдай шоқпыт-шоқпыт жыртық киім кимеген екен. Тым құрығанда жамау жамап киген. Ал қазіргі кезде жыртық киім кию модаға айналды.

Бұрынғы кезде аналарымыз қыз балаларға жыртық киім кигізбейтін еді. Ұяты, ары, намысы сол жыртықтан ұшып кетеді дейтін. Қала берді, қыздың ибасы мен иманы бүтін киімде ғана сақталады емес пе.

Жыртық киім кию қазақ санасында жоқшылықты, кедейлікті шақыру болып саналды. Сондықтан да, «ескі жамағанның есі шығады» десе де ескіні жамап кигізген еді.

Ежелгі қазақтың тыйымын қазіргі қазақтың ұрпағы модаға айналдырды. Бұл қазақы санаға, қазақтың ұлттық болмысына, қазақтың салт-дәстүріне қолды бір сілтеп, өзімбілемдікке салыну. Осы жыртық киім туралы танымал айтыскер ақын Мұхтар Ниязовтың:

«Астанада бос жүрген ит көрмедім,бірақ шалбары таланбаған қыз қалмапты..Жоқшылықтың жыртығы жүректі ауыртады ғой, ал тоқшылықтың жыртығы жүректі айнытады екен..Шалбар жырту мода болса, біздің ауылдың иттерінің бәрі дизайнер болды ғой», - деген сөзінің астарында үлкен мән жатқанын аңғаруға болды.

Бұл жыртық шалбардың, жемтір жейденің модаға енгені сондай, өткенде «Әйел бақыты» бағдарламасына келген кішкентай қыздың «Маған анамның жыртық киім кигені ұнайды» деген сөзінен-ақ ұрпақ санасының уланғанын байқау қиын емес.

Қазақтың ежелден ырым-тыйымы, салт-дәстүрі түгелдей дерлік ұрпақ саулығына, келер ұрпағының амандығына негізделген ерекше ғылым екенін ескере келе, жыртық киім киюге неге тыйым салғанын бағамдауға болатын секілді. «Халық айтса қалт айтпайды» дегендей, қазіргі кезде қазақ халқының ырым-тыйымдарының астарында әлем ғалымдары мойындаған медициналық дәлдіктер жатқанын айтқымыз келеді.

Бұл «модаға» діни тұрғыдан бірдеңе деудің өзі артық. Себебі хақ дініміз исламда әйел адамның да, ер адамның да киім кию әдебі толықтай дерлік түсінікті тілмен жеткізілген.

Ежелгі қазақ секілді кимешек-шылауыш киіп, бүрмелі көйлекпен жүрмесе де бүгінгі қыз-келіншектеріміз бүтін киім киіп жүрсе екен дейміз. Қыз - болашақ ана, ана - болашақ ұлттың тірегі! 

baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста