Есірткінің дәмін татпа ермек үшін

Осыдан үш-төрт жыл бұрын көшеде темекі тартқан қыздарды көрсек таңданып, ерсі қылық деп санап едік. Ал қазір етіміз үйренді ме, әйтеуір кездесе қалса назар аудармайтын да болдық. Себебі одан күрделі, одан да маңызды мәселе бар: ол – нашақорлық. Бүгінде өмірлерінде бір рет болса да анашаның дәмін сезінгендер жиі кездеседі. Сондықтан нашақорлар саны жыл санап арта түсуде. Қазір әлемде 500 млн адам есірткі қолданады екен.
Зерттеулерге сенсек, ең көп қолда­натын­­дар 16-20 жас арасындағы жастар, олар – 40 пайыз. 21-25 жас аралығын­да­ғылар 30 пайыздан жоғары болса, 26-30 жас аралығындағылар 20 пайызды көр­сетіп отыр. «Алғаш есірткінің дәмін кіммен тар­тып көрдіңіз?» деген сұраққа олардың 70 пайызы «досыммен» деп жауап берген. Бұл «жастарға өз ортасы көп ықпал етеді» деген сөз. Демек, баланың қай ортада жүргенін жіті қадағалауымыз керек. Бүгінгі таңда Алматыда 4656 адам тіркеуде тұр. Оның ішінде 656-сы әйелдер болса, 10-ы – жасөспірім. Жас мөлшерінен келер болсақ, есірткіні көп әуестенетіндер 18−25 жастың аралығындағы азаматтар.
Жастарды есірткі пайдалануға ұрын­ды­ра­тын тұрмыстағы әртүрлі келеңсіздік­тер – ата-анасының ішімдікке немесе на­ша­­қор­лыққа салынып, баланың назардан тыс қалуы, әлеуметтік теңсіздіктер. Ты­ғы­рық­тан шығар жол таппаған жасөспірім дос­­тарының үгіт-насихатымен өмірдегі қиын­дықты бір сәт болса да ұмытып, жа­нын тыныштандырып, ләззат алғысы ке­леді. Алайда олардың көпшілігі бұл ләззат құнының қаншалықты қымбат боларын білмейді де. Есірткінің ерекшелігі де сол – бір дәмін татқан адамды өзіне тез баурап алады. Нәтижесінде, жасөспірім қалай нашақорға айналғанын білмей де қалады. Мамандардың айтуынша, бұл тұқым қуа­лайды. Ата-анасы есірткіні пайдаланған ба­лалардың 90 пайызы есірткіге тәуелді бо­лып туылады екен.
Есірткі адамның өмірге деген көзқа­ра­сын түбегейлі өзгертеді, өмірге деген бар қызығушылық пен әуестігін жояды. Әл­сіздік, тамаққа тәбеттің бірде аш қас­қыр­дай болып, бірде төмендеуі, тістері сар­ғайып, шіри бастауы, шаштары түсіп, бетті әжім торлауы – нашақорға тән қа­сиет­тер. Ғалымдардың тексеруінше, на­шаны пайдаланған жастардың өмір жасы ұзаққа созылмайды, өкпелері қабынып, бронхит, тіптен өкпе рагіне шалдығуы мүм­кін. Миға кері әсерінің салдарынан есте сақ­тау қабі­леті нашарлап, ұмытшақ бо­лады.
Зүбайра ТАСТЕМІРОВА, дәрігер-нарколог:
– Жастардың есірткі пайдаланып жүргенін анықтау қиын емес. Себебі ол аз уақыттың ішінде өзгеріске ұшырай­ды. Олар ашушаң, дөрекі, кез келген нәрсеге жаға ұстасып кетуге даяр тұ­рады. Егер ол үйге оралғанда үстінен темекіден өзге иіс шығып тұрса, есірткі тартқаны анық. Мұны оның көз жана­ры­нан да байқауға болады. Олар қан­та­лап, шөл қысқан соң қайта-қайта су ішкісі келіп отырады. Сабаққа бармай, қа­шып жүреді. Ал егер ол ине қолда­на­тын болса, оның киімі өзін ұстап бе­реді. Ондай адамдар ыстық-суыққа қа­рамастан ұзын жеңді киіммен жү­реді. Бұл әрекеттері ине шаншыған жер­лерін айналасындағылар байқап қал­маса дегеннен туындайды.
Өз-өзіне қарауды ұмытқан олар шаштарын өсіріп, киім киісіне назар ау­дармайтын да дәрежеге жетеді. Әб­ден еңселері түсіп, өмірге деген құл­шынысы азайып, ұзамай өзі де көз жұ­муы мүмкін. Өйткені мұндай адам­дар­дың өмір жасы ұзаққа бармайды.
Есірткінің бірнеше түрі бар: марихуана, анаша, морфин, героин, кодеин, метадон. Бұлардың адамға әсер етуі де әртүрлі. Мы­салы, морфин, героин түрін қолдану нашақорлар арасындағы өлімнің және мүгедектіктің басты себебі болып табы­лады. Мұндай түрлерін ең алдымен ине шаншу арқылы қолданады. Сондықтан оларды қолдану кезінде — СПИД ауруын жұқ­тыру мүмкіндігі де жоғары болмақ. Сонымен қатар есірткі адамның жүйке жүйесінің өзгеруіне себеп болады, ол ашу­лан­шақ, дөрекі, айналасындағы адам­дармен қарым-қатынасында қатыгездік байқалады. Нашақор адам осы күнімен, бір сәттік жан рахатымен өмір сүргендік­тен, ол келешек жайлы ойламайды да. Тіптен есірткі табу үшін алдауға, ұрлыққа, қала берді адам өлтіруге де барады.
Бұл аурудан қалай құтылуға болады? Біріншіден, мұндай қиындыққа тап болмас үшін ата-ана баласына сақ болуы керек. Өйткені енді ғана жетіліп келе жатқан жасөспірім сенгіш, айналасындағының бәрін көргісі, білгісі келіп тұратын, елік­тегіш келеді. Олар өздерінің ер жеткендігін көрсеткісі келіп, сіздің ойыңызға да кел­мейтін әрекеттерге баруы мүмкін. Темекі тар­тудан бастап нашамен аяқтау олар үшін жәй ғана көңіл көтеру болып саналады. Сон­дықтан ата-ана есірткінің зияны ту­ралы міндетті түрде балаларына айтып оты­руы керек. Оның соңы қайда апарып соқ­ты­ратындығын мысалдармен тү­сін­дірген жөн. Себебі баланың психологиясы өте нәзік, оған ауыр сөздер айтпай, бәрін анық түсіндірген жөн.
Жазғы демалыс кезінде балаларды жіті бақылауда ұстау керек. Әйтпесе, аңдамай басқан қадамы ертең айықпас дертке ұласуы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста