"Ешбір себепсіз ұрды". Алматыда соққыға жығылған автобус жүргізушісі прокурорларға үндеу жасады

Алматыда автобус жүргізушісіне ер адам шабуыл жасаған. Жәбірленушігің айуынша, құқығын бұзған ер адам жазасыз қалып отыр. Ол прокурорларға үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы тұрғыны Асылбек Мамадариев Қазақстан бас прокуроры Берік Асыловқа және Алматы прокуроры Берік Жүйріктаевқа құқықтары бұзылғаны туралы шағымын айтып, үндеу жолдады.

Алматылықтың айтуынша, ол қалалық ішкі бағытта жолаушылар автобусын жүргізеді. 23 маусымда күнделікті жолаушыларды тасмалдау кезінде, сағат 19.00 шамасында оған ер адам шабуыл жасаған. Оқиғаның видеосы танымал пабликтердің бірінде жарияланды.

Кадрлардан ашулы ер адам тоқтап тұрған автобустың есігін тепкілеп ашып, жүргізушіге жұдырық жұмсағаны көрінеді. Бұл кезде автобус салонында жолаушылар болған. Олардың бірі келіп автобус жүргізушісіне араша түседі. Бұл ретте шабуыл жасаған ер адам сигнал басқанын, ал автобус жүргізушісі оны өткізбегенін, салдарынан көлігі соғылып қала жаздағанын айтып айғайлағаны есітелді.


Асылбек Мамадариев оған шабуыл жасаған ер адам есірткіге мас болғанын айтады.

"Есірткі қабылдаған мас күйінде мені ешбір себепсіз, автобустың есігін теуіп, ұрып-соғып ашып алып, автобустың слонында отырған жолаушылардың көзінше, маған қатысты боқтық сөздер айтып, бет тұсымнан жұдырығымен бірнеше рет соққы беріп, жарақат салды. Оның іс-әрекетін салондағы жолаушылардың бірі тоқтатпағанда маған одан ауыр жарақат салуы әбден мүмкін еді. Автобусқа елеулі зақым келді", - дейді жәбірленуші.

Автобус жүргізушісі осы оқиға бойынша шабуыл жасаған ер адамның үстінен Түркісіб аудандық полиция бөліміне арызданған. Алайда, оның айтуынша, арызын қылмыс құрамы жоқ деп тіркеусіз қалдырған.

"Бірнеше күн шағым жазып жүріп істі қозғаттым. Алайда ешқандай тергеу әрекетін жүргізбестен қылмыстық істі қылмыс құрамы жоқ деген, өздерінің "бір қызығушылықтарымен" қайта қысқартып тасатады. Онымен Түркісіб аудандық прокуратурасы толығымен келісіп отыр", - дейді автобус жүргізушісі.

Ол жауапты полиция қызметкерлерін және прокуротура қызметкерлерін заң талаптарына сай жауапкершілікке тартуды сұрады.

"Сонда жұмыста отырған азаматтарды күндізгі уақытта, көпшіліктің көзінше есірткі қабылдаған тұлғалар, боқтық сөз айтып, ұрып-соғып дене жарақатын салған жағдайда қылмыстың құрамы болмайды ма? ... Құрметті прокурор мырзалар маған қатысты заңсыз әрекетін жасап, денеме жарақат салған Григорий Семёновке қатысты заң талаптарына сай шара қолдануларыңызды өтініп сұраймын. Оның істеген заңсыз іс-әрекетіне байланысты, заңсыз, негізсіз жауапкершіліктен босатқан жауапты полиция қызметкерлерін және прокуротура қызметкерлерін заң талаптарына сай жауапкершілікке тартуларыңызды сұраймын", - дейді Асылбек Мамадариев.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста