Елімізге еңбегі сіңгендерді елеп жүрміз бе?

Елімізге еңбегі сіңгендерді елеп жүрміз бе?

Жан баласын жатсынбай, бауырына тартқан дарқан көңіл қазақтың жақсылығын төрткүл дүниеге түгел паш етіп, оның ықылым замандардан бері жалғасып келе жатқан рухани байлығы мен әдеби, мәдени мұраларын насихаттау ісіне азды-көпті еңбегі сіңген өзге ұлт өкілдері де баршылық. Мысалы, қазақ ауыз әдебиетінің ұмытылуға жақын үлгілерін ел аузынан жинақтап, жарыққа шығару, зерт­теп-зерделеу тұрғы­сынан алғанда, өзге ұлт өкіл­де­рінен бізге В.Радлов,
Г.По­та­нин, А.Диваев, И.Ме­лио­ранский, А.Алекторов, И.Ильминский есімдері етене таныс.
Бір ғажабы, «Маған бүкіл қазақ да­ласы ән салып тұрғандай болып кө­рінеді» деп Потанин қызыққан қазақ елінің батырлық эпостары мен ғашық­тық жырларын, ән-күйлерін жинастыру, талдап-таразылау сияқты жұмыстар белгілі бір дәрежеде ғылымдағы ро­мантика есебінде қабыл­данған. Тіпті орыстың ұлы ақыны А.Пуш­киннің өзі 1830 жылы Жайық бойындағы қазақ жыршыларының аузынан атақты «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының сюжетін жазып алған. Жалпы, әдебиет­танушы ғалымдардың пікірінше, XIX ғасыр­дағы орыс ориенталистерінің іс-әрекеті н­әтижесінде қазақ фольклорис­тикасы әлемдік даңққа ие болды. Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинақтап бастыру ісіне белгілі башқұрт этно­графы, түрколог және фольклор­танушы Әбубәкір Диваевтың сіңірген еңбегі де өте зор.

Абай ОМАРОВ (коллаж)
Тағдырдың бұралаң жолдары кейде тосын жағдайларға да толы болып жатады. Мәселен, сонау XIX ғасырдың 30-жыл­дарында патшалық Ресейдің пәрменімен Қазақстанға жер ауып кел­ген көрнекті поляк азаматтары – Густав Зелиньски, Адольф Янушкевич, Бро­нислав Залесс­килердің еліміздің этнографиясына, мәде­ниетіне қосқан үлесі зор. Мысалы, Г.Зе­линьскидің «Кир­гиз» атты поэмасы – әлем­дік әде­биеттегі қазақ тақырыбына жазыл­ған алғашқы туынды. Еуропалықтар үшін таңғажайып экзотика болып саналған қазақ халқының өткен ғасыр­дағы өмір үрдісі, салт-санасы аталған поэмада көркем де кестелі тілмен шебер баяндалған. Сол сияқты, поляктар көтерілісіне қатысып, әуелі Сібірге, одан соң Қазақстанға жер аударылған Адольф Янушкевич те жер­гілікті ұлт тілін шебер меңгергені соншалық, айдауда жүргеніне қарамастан, қазақ әндерін, ертегі-аңыздары мен тағы­лымды әңгімелерін жинастырумен болған. Сөйтіп, 1861 жылы «Дневники и письма из пу­тешествий по киргизским степям» деген атпен Парижде кітап етіп шығарған. Былайғы жұртқа жұмбақ болып келген қазақ даласының, қазақ халқының рухани дүниесіне бойлауға себепкер болған бұл кітап кезінде Ресейде де, бүкіл дүниежүзінде де жоғары бағаланған.
Қазақ мәдениетіне деген асқан жанашырлығымен тарихта қалған поляк азаматтары туралы айтқанда Александр Затаевич туралы сөз қозғамау мүмкін емес. XX ғасырдың басында қазақ даласына табан тіреген ол дала жыраулары мен сал-сері­лерінің, әнші-күйшілерінің ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жете отырып, халық даналығын ғана емес, сонымен бірге этно­гра­фиялық, тарихи деректерге толы бай мәліметтерді де бойына сіңірген дүниелерін қажымай, талмай жи­настырумен болды. Бұл ретте, А.За­тае­вич жинап бастырған «Қазақтың 1000 әні» мен «Қазақ халқының 500 ән-күйі» – бабалар аманатын болашақ ұр­пақ­қа шашау шығармай жеткізген теңдессіз туынды екендігі анық.
Қорыта айтқанда, қазақ халқына елеулі еңбек сіңірген өзге ұлт өкілдері аз емес. Тіпті бір мақаланың ішінде олардың бәрінің атын атап, түсін түстеп шығу мүмкін де емес. Сондықтан реті келгенде аттарын айта жүру, еңбектерін елеп-ескеру бүгінгі ұрпақтың өткен тарих алдындағы парызы болмақ.    

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста