Елімізде арықтауға арналған қауіпті препараттар ашық сатылып жатыр

Елімізде арықтауға арналған қауіпті препараттар ашық сатылып жатыр

Елімізде арықтауға арналған қауіпті препараттар ашықтан ашық сатылып жатыр. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік тыйым салған дәрінің жарнамасы жер жарады. Оны тіпті дәріхана сөрелерінен оп-оңай алуға болады, деп хабарлайды Астана арнасы

Биологиялық белсенді қоспа бұрын Қазақстанда да тіркелген. Бірақ 2021 жылы стандартқа сай емес екені анықталып, тіркеу күші жойылды. Десе де, бұл препаратты іздеген адам желіден оп-оңай тауып алады. Жеке тұлғалар оны емін-еркін саудалап жүр.

Ал Астанадағы жеке дәріханалардың бірінен бұл дәрі оңай табылды. Бірақ сатушы мұны алуға кеңес бермейтінін айтқан.

Осыған ұқсас препаратты тұтынған Әлия да өлім аузынан қалдым дейді. Семіздіктен арылуды ойлаған әйел, қалай сергелденге түскенін байқамай қалған.

«Кейін қатты ауырдым. Салмақ тастадым 5 келідей. Асқазаным, бүйрегім бәрі ауыра бастады. Врачқа барып едім, дәрі ішкенімді айттым. Ол кісі біраз ұрысты. Құрамында зиян заттар көп екен», — дейді Әлия есімді шымкенттік тұрғын.

Салмақ тастататын дәрі-дәрмектердің пайдасынан зияны көп -дейді дәрігерлер. Адамның қан қысымы көтеріліп, миға қан құйылады. Жүрек ұстамасы мен қалқанша безінде қиындықтар пайда болуы мүмкін. Тіпті өліп кетуі де ғажап емес.

«Адам өзі ойлану керек қой, 5 мың теңгелік дәріні тұтынып, қалай азуға болады? Зиян екенін бағасына қарап та білуге болады. Мықты дәрі болса, ондай бағада сатылмас еді. Оның денсаулыққа зиян екенін көп әйелдер ескермейді. Оңай жолды таңдайды, бірақ түбінде ауруға айналады. Осы дәрілерді ішіп қаншама адам өліп жатыр», — дейді дәрігер Жанель Ілияс.

Дәрігерлер арықтаудың ең тиімді әрі қауіпсіз жолы дұрыс тамақтану екенін айтады. Қауіпті препараттар артық салмақтан арылуға көмектеспейтінін ескертті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста