Елес соңында еліріп жүрген жастарды қалай тоқтатамыз?

Жасыратыны жоқ, есірткіге тәуелділік күн өткен сайын артпаса, кемімей отыр. Соның ішінде жасөспірімдердің есірткіге тәуелділігі төбе шашыңызды тік тұрғызады. Аттандап, бекерге атқа қонып отырған жоқпыз.  13-14 жастағы жасөспірімдер уланып жүр. Соңғы кезде олардың жасы 3-4 жасқа жасарғаны байқалады. Өйткені кейінгі уақытта жасөспірімдер арасында  уытты заттарды иіскеу (токсикомания) белең алуда. Ол  – нашақорлықтың қақпасын айқара ашу­дың бірінші баспалдағы.   Жасөспірімдер бұл күні желім, сыр, жанармай, ұшуға бейім еріт­кіш секілді уытты заттарды иіскеп, еліру­де. Ертең егілетініне күмән жоқ.  Нар­ко­логиялық тіркеуде тек ресми сандар сөйлейді. Ал ол тізімге енбей қалғандары қанша?
Токсикомания – адамның жүйкесіне әсер ететін, әрі оған психологиялық және физикалық тұрғыда тәуелді ететін нашақорлықтың бір түрі. Оның сал­да­рынан адам ағзасының ішкі мүшелері зақымда­на­ды. Ол – өз алдына. Токсикомания адамды жан күй­зе­лісіне әкеліп соғады. Дей тұрсақ та, токсико­манияның нашақорлықтан бір айырмашылығы – токсикомандар қолданатын заттарды кез келген дүкеннен сатып алу мүмкіндігінде. Себебі олар есірткі заттар тізіміне енбейді. Сондықтан емін-еркін сатыла береді. Токсикомания аты бөлек дегені болмаса, нашақорлықпен пара-пар. Қосылғыштар­дың орны ауысқанымен, қосынды өзгермейтіні секілді. Мамандардың айтуынша, кейінгі уақытта токсикомания эпидемиялық сипат иеленіп отыр. Ең қорқыныштысы, 15-жасқа дейінгі балалар ток­сикоманға айналуда! Бұл – дабыл қағып, өз шашы­мызды өзіміз жұлатын мәселе.
«Уытты заттарды иіскейтін адамның ақыл-есі дамуы тежеледі» дейді мамандар. «Әуелгіде шарап ішкендей күй кешкен олар бара-бара елес көре бас­тайды. Құлағына әлдене бір дыбыстар келе­тіндей жағдайға түседі. Есін жоғалтады. Бұл жағдайы тек бірнеше сағаттан кейін ғана тарқайды» дейді дә­рігерлер. Есі кірмелі-шықпалы күй кешкен балада қайда­ғы даму?
Қоғамның тағы бір дертіне айналған бұл індет өткен ғасырдың 60-жылдары ТМД елдеріне ауыз салыпты. Соның ішінде біздің ел де бар. Содан бері уытты заттардан балаларды қорғау проблемасы туындады. Бірақ ол проблема шешімін табар емес. Еліміздің түкпір-түкпірінде тізімге іліккен балалар жетерлік. Токсикоман балалар өріп жүр.
Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы алып зауыт «АрселорМиттал Теміртау» АҚ маңына топтасқан қаңғыбас балалардың барлығы дерлік – токсикомандар. Олардың зауыттан шық­қан толуол майын иіскеп, еліріп отырғанын жазған-ды басылымдар. Бұл да өтірік емес. Жеңдерін то­луол майына шылқытып, шылап алып, «кайф ұс­таған» балаларды бұрын да көргенбіз. Енді толуол­дың шыққан «тегін» түгендеп көрелік.
Толуол – медицинада және медициналық өндірісте, сол сияқты кейбір дәрі-дәрмектерді даярлауда epiткіш ретінде қолданылатын, адам үшін уытты, оның жүйке жүйесін және қан жасау мүшелерін зақымдайтын хош иісті, көмірсутек. «Толуолды бензолдан Фридел-Крафтс реакциясы бойынша алуға болады» дейді ақылды кітаптар. Олай болса, толуолды иіскеп жүрген теміртаулық балалардың токсикоман екеніне бәс тігуге бармыз.
Қарағанды облыстық наркологиялық дис­пансерінің тізімінде бүгінде 26 959 адам болса, оның ішінде есірткі және пси­хо­тропты заттарды қолданушылардың  са­ны 4400-ді құрайды. Мұнда 18 бен 30 жас аралығындағы жастардың үлесі – 45 па­йыз. 25 жасөспірім де – осы ті­зім­де. Қазіргі уақытта облыстық диспансер тізімінде токсикомания дерті бойынша 41 адам тізімде тұр.
Бөлім меңгерушісі Алпыс Жанатұлының ай­туынша, әзірге жағдай бір қалыпты. Был­тыр – 48 адам, 2010 жылы 65 адам болыпты. Жыл басынан бері тізімге үш жасөспірім қосылған. Алпыс Жанатұлы ток­­сикоман дертіне көбіне-көп тұрмысы нашар, жағдайы төмен отбасы­лар­дың ба­ла­лары шалдығатынын айтады. «Тұрмысы тү­зу, ауқатты отбасылардан мұн­дай ба­ла­лар шықпайды», – дейді.
Статистикаға жүгінсек, облыста тізімге алын­ған балалардың басым үлесі темір­тау­лықтарға тиесілі. 100 мың тұрғынға шақ­қанда 8,9 адамнан келіп отыр. Әлбетте, бұл – тізімге алынғаны ғана. Мамандар мас­күнемдік дерті бойынша тізімге алын­ған­дардың санын емін-еркін үш есеге кө­бейтуге болады десе, нашақорларда да со­лай. Токсикоман балаларды ше? Мұнда да жағдай соған жетіп жығыларына дау жоқ.
Алпыс АМАНЖОЛОВ, Қарағанды облыстық наркологиялық дипансерінің бөлім меңгерушісі:
– Токсикалық заттарды иіскеп, дерт­ке шалдығатындардың барлығы дер­лік – жағдайы жоқ отбасылардың ба­ла­лары: әке-шешесі маскүнемдікке салынған болмаса отбасында толық тәрбие алмаған балалар. Уытты зат­тарды иіскеу есірткіден кем емес. Екеуі де адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Эйфориялық әсер береді. Эй­фория  – объективті жағдайға сай кел­­мейтін көтеріңкі, қуанышты көңіл күй немесе мамыражай бейқамдық. Ми­­микалық және жалпы қозғалыстың ши­рығу, психикалық қозу нышан­да­рының байқалуы. Балалар «не үшін мұндайға бардың» деген сауалға «әр­түр­лі мультиктер көреміз, сол үшін» дей­ді. Шын мәнінде, олай емес. Олар – баланың көз алдында пайда болатын елестер. Уытты заттарды иіс­кеу, демалу арқылы оларда галлю­ци­нация пайда болады. Жүйкесі бұзы­ла­ды. Бір дәмін татқан адам бұған бой ал­дыра береді. Сонымен қатар ол қан­ға сіңу арқылы жү­рекке, бүйрекке, ба­уырға зақым кел­тіреді. Токсикалық зат­тарға бой ал­дыр­ғандар түрлі дерттерге ерте шал­дығады.

Әлбетте, деректер арагідік болса да, отбасысы тап-тамаша балалардың да аң­да­­май ұрынып қалатынын  жоққа шығар­май­­ды. Бұған себеп жасөспірімнің еліктеу­ші­лігі екен. Олай болса, балаңыз от бас­пасын де­сеңіз, оған қым-қуыт тірлікте  көп көңіл бө­луді ұмытпаған абзал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста