Екібастұзда үйде аш-жалаңаш, қараусыз жатқан 4 бала табылды
Қаладағы пәтерлердің бірінде еріктілер кездейсоқ антисанитариялық жағдайда өмір сүріп, бірнеше күн тамақ ішпеген балаларды тапты. Сонымен қатар, олардың барлығы жүре алмайды және киерге киімдері де жоқ болып шықты деп хабарлайды ulysmedia.kz.
- Біз шошып кеттік. Өмірде әр түрлі жағдайлар болды. Бірақ мұндай қатыгездікке алғаш рет тап болдық. Балалар жалаңаш, аш, барлық жерде нәжіс, зәрдің иісі. Көшеде аяз болғанына қарамастан қаптаған шыбын", - дейді "Павлодар VITA іздеу жүйелері" қоғамдық бірлестігінің белсендісі Людмила Былинина.
Белсенділер бұл көп балалы отбасына азық-түлік пен балаларға киім керек деген соң кейін келді. Ата-аналар үйде болған.
- Көршілері полицияға қоңырау шалып, шу шыққанға шағымданған. Бірақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенде, үйде бәрі тыныш болған. Полицейлер оларға көмек керек екенін көреді. Балалар аш. Осылайша, біздің топта SOS жедел көмек жинау туралы хабарлама пайда болды. Тез арада азық-түлік, памперс, киім-кешек алып отбасына әкелді , - деді Людмила.
Оның айтуынша, пәтерде 3, 7, 5, 4 жастағы 4 бала болған. Барлығы ауру, олардың ешқайсысы жүре алмады.
- Қыздың қарны қабақтай, ұлдардың бірі екі күннен бері құсып жатыр, екі үлкен баланың аяқтары қайрылып кеткен. Олар 3 күн тамақ ішпеді, тамақ жоқ , – деді ерікті.
Жедел жәрдем бригадасы балаларды анасымен бірге шұғыл ауруханаға жеткізді. Оларда киім мен аяқ киім де болмаған.
- Балаларды әрең киіндіріп үйден алып шықты. Олар сыртқа шықпаған. Бәрінен шошып тұрды. Құдды бір жабайы Маугли сияқты болды. Аналарының айтуынша, олардың денсаулығы күр нашарлап, бір жыл бұрын жүре алмай қалған, – деді Эплинина.
Кейін анықталғандай, отбасы Екібастұзға Төртқұдық ауылынан 2019 жылы көшіп келген. Балалар бірде-бір медициналық мекемеге бекітілмеген. Оларды дәрігерлерге бірде-бір рет көрсетпеген. Балалардың анасы әлеуметтік көмек алғанын айтты. 49 мың теңге. Ақша жалдау ақысын төлеуге кеткен. Күйеуінің табысы тұрақсыз.
- Балалар білікті медициналық көмекке зәру! Біз балаларды әлі де құтқаруға болады және олар мүгедек болып қалмайды деп үміттенеміз, – дейді еріктілер.
Бүгін олардың талабы бойынша төрт бала Павлодардағы облыстық балалар ауруханасына шұғыл жеткізілді. Бір балада ковид расталды, ал басқаларында пневмония бар.
Біз материалды жариялауға дайындап жатқанда, Павлодар облысының билігі қызметтік тергеуді бастағаны белгілі болды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова мәлімдеді.
- Аталған факті бойынша арнайы ведомствоаралық комиссия құрылды. Қазіргі уақытта балалар анасымен Облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Балалардың жағдайы тұрақты, хәлдері орташа. Қызметтік тергеу басталды, мәселе кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысында қаралатын болады , – деп Айзада Құрманова.