Диплом жұмысы қанша тұрады?

 Жақында елімізге танымал оқу орындарының бірінің соңғы курсында оқып жүрген танысым ғылыми жетекшісінен 60 мың теңгеге дайын диплом жұмысын сатып алғанын мақтана айтты. Осыдан кейін маған «Қазақстанда «диплом жұмысы» атты еңбектің құны түсіп кеткен бе?» деген ой келді. Диплом жұмысы студенттің бүкіл оқу кезінде жиған білімінің қорытындысы емес пе? Ал бізде оны студенттер арзан ақшаға сатып алып, мемлекеттің белгілі бір маманы болып қызмет ете беретін болды.
Нұрмұхаммед Мамырбеков

Қазіргі күні диплом жұмысы деген біреулер үшін қаржы табудың көзіне айналып кеткен сияқты. Ал бұл еңбекті ұстаздардың өздері студенттерге сатып жүргенін естігенде, тіпті жаның түршігеді. Жан түршігу деген – жай сөз ғана, мұндай іске бүгінде барлығымыздың да етіміз үйреніп кетті, тіпті оны қалыпты жағдай ретінде қабылдайтын болдық. Кейбір баспасөз беттері мен сайттарда «дайын диплом жұмысы сатылады» деген жарнамалар өріп жүргені ешкімге жасырын емес. Қазір диплом жұмысы қанша тұрады? Жақында біз Алматыдағы біраз оқу ордаларының студенттерімен жолығып, бұл мәселені анықтап көрген едік. Сонымен, Алматы қаласы еліміздегі ең үлкен мегаполис болғаннан кейін, мұнда диплом жұмысы өзге өңірлерге қарағанда сәл де болса жоғары тұрады екен. Студенттердің айтуынша, егер қалтаңда шамамен 40-80 мың көлемінде ақша болса, қандай тақырыпта, қандай мазмұнда болса да, диплом жұмысын сатып алуға болады. Оны жекелеген адамдардан да, ұстаздардың өздерінен де сатып алуға толық мүмкіндігің бар. Арнайы жазатын адамдар оны қалаған уақытыңда дайындап, алдыңа әкеп береді. Студенттерді былай қойғанда, бүгінде магистранттардың өздері дайын диссертация іздейтін болды. Олардың сөздеріне қарағанда, магистрлік жұмыс дипломға қарағанда анағұрлым жоғары тұрады, мұндай еңбекті сатып алу үшін, кем дегенде, 80 мың теңге шығындауың қажет.

Сәуле, ЖОО түлегі:
– Мен ақылы бөлімде оқимын. Сондықтан оқуыма ақша табу үшін күндіз-түні тынбай жұмыс істеуіме тура келеді. Екінші курстан бастап дүкенде сатушы болып қызмет атқарып келемін. Диплом жұмысын дайындауға уақыт болмағандықтан, тапсырыспен жаздырып жатырмын. Тек мен ғана емес, қазір қалтасында қомақты ақшасы бар студенттердің көбі дайын диплом жұмысын сатып алуды көздейтін сияқты. Мұны өзімнің бірге оқитын құрбыларыма қарап айтып отырмын. Ал енді диплом жұмысының бағасына келер болсам, біреулер оны 50 мың теңгеге жазып беруге уәде берді. Өзім төрт жыл бойы сабаққа дұрыс бармағандықтан, жаза алмайтын да едім. Диплом жұмысын жазуға құлқым да жоқ. Себебі дипломды қолыма алғаннан кейін сала бойынша қызмет етуді жоспарлап отырған жоқпын.

Айгүл, оқытушы:
– Студенттердің көбі сабақтан тыс әртүрлі жұмыс істейді. Олардың диплом жұмысын жазуға уақыттары бола бермейтін шығар. Әрине, ұстаздар көзқарасы бойынша бұл дұрыс емес. Дегенмен біз жастарымыздың да басындағы жағдайды дұрыс түсіне білуіміз керек. Егер ол болашақта оқып жатқан мамандығы бойынша кәсіп қылмаса, бұл дипломның оған не қажеті бар. Біз, ең әуелі, білім саласында жаңа реформалар жасауымыз керек. Содан кейін барып студенттерді кінәласақ, мейлі.

Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті филология факультетінің деканы:
– Мен бірнеше жылдан бері филология факультетінде деканның қызметін атқарып келемін, бірақ студенттің дипломды жаздыртыпты немесе сатып алыпты дегенін естіп, көрген жоқпын. Жалпы, біздің оқу ордасында мұндай келеңсіздік орын алмайды деп айтуға болады. Бәлкім, жекеменшік оқу ошақтарында осы жағдай кездесетін шығар. Білген жағдайда оны бірден ауыздықтау қажет.

Көріп отырғаныңыздай, бүгінде біреулер үшін диплом қорғау деген түкке тұрмайтын іс сияқты көрінеді. Кейбіреулер бұған шынайы білім алғысы келмейтін студенттердің өздері кінәлі десе, енді біреулер құлқынын ойлаған ұстаздар жауапты дейді. Ал басқалары аз жалақы алатындықтан, мұндай іске ұстаздар амалсыздан, мәжбүрліктен аяқ басатынын айтады. Қалай десек те, біз еліміздің жарқын болашағы үшін арзан іске аяқ баспай, Отан алдындағы өз жауапкершілігімізді түсінуіміз керек. Білім – болашақтың кілті екенін әр қазақтың түсінетін уақыты әлдеқашан жеткен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста