"Діни экстремизмнен қорқу керек дегенде бізді "кәпір" деді" - Ринат Зайытов
Айтыскер ақын Ринат Зайытов "Айтыс Маса" Youtube арнасына сұхбат беріп, қаңтар оқиғасы жайлы өз ойын айтты.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Біз айтыста діни экстремизмнен қорқу керек деген кезде, бізді кім деді? Бізді "кәпір" деді. Құдайдың өзі кешірсін, бізді, айтыскер ақындардың көбісін "кәпір" деді. Соны айтқан кезде, бізді "діннен безгендер" деді. Қазір мынаның ар жағында "Ринат Мұхамеджан Тазабекті, Бекболат Тілеуханды меңзеп отыр" деуі мүмкін. Жоқ, оны қарапайым халық айтты. Олар ұйымдасқан кезде, сенің айтқан пікіріңнің, ойыңның, айтысыңның астына өздерінің ойын жазып, қарша боратқан кезде ол қоғамның пікірін еріксіз екіге бөледі", - деді Ринат Зайытов.
Сұхбаттың толық нұсқасы осы жерде: https://youtu.be/p_dDgXkx8So
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу