"Дикий Арманның" жары Тоқаевтан көмек сұрады (видео)
Атышулы Арман Жұмагелдиевтің жары Айкөл Әлікжанова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео-өтініш жариялады. Ол Президенттен тергеудің әділ болуын сұрап, күйеуі Қазақстанға отбасылық жағдаймен келгенін айтады, деп хабарлайды Экспресс К.
Арман Жұмагелдиевтің ісі жан-жақты қаралса екен. Мен оның қоғамдық қорғаушысы әрі әйелімін. Ол Қазақстанға біздің қызымыздың туған күніне бола келді. Сол қаңтар оқиғасы кезінде мен қызыммен ауруханада едім, — дейді Айкөл Әлікжанова.
Оның айтуынша, Арман Жұмагелдиев қонақүйде болғанда адамдарға көмектесуді ғана ойлаған. Ол қаңтар оқиғасын ұйымдастырмаған.
Арман бұл жағдайда үшінші тараптың адамы. Ол жағдайды ретке келтіріп, тек тыныштықты ойлады. Халық пен билік арасында көпір болуға тырысты. Оған оның қонақүйде адамдарға азық-түлік таратқаны дәлел, — дейді "Дикий" Арманның жары.