Дидарға демеу қажет

Сіздерге хат жазуымның басты себебі: біздің 19 жастағы баламыз Дидар Абдуалидің былтыр көктемде оң аяғының тізеден төмен жерінде ісік пайда болып, Республикалық онкология институты оған «острокома» (сүйек ісігі) деген диагноз қойды. Содан кейін екі рет химиялық терапия алып, жағдай ушығып бара жатқан соң, облыстық ауруханада баламыздың оң аяғын тізеден жоғары кесіп тастады. Сөйтіп, операциядан соң баламыз тағы да алты рет химиялық терапия алған соң, дәрігерлер тексере келіп, ондай емді алты айға тоқтатқан болатын. Міне, сол кезде баламыз біршама тәуір болып қалды.

Бірақ биылғы сәуірде Дидарымызды кезекті тексеруден өткізгенімізде, дәрігерлер «метастаза» (екі өкпеге ісік шапқан) деген диагноз қойды. Ол қазір 1 сантиметрдей болып тұр. Сөйтіп, химиялық терапияны тағы сегіз рет (барлығы 16 рет) жасады. Енді баламыздың жүрегі, бүйрегі, бауыры ауыратын болды. Дәрігерлер «өкпесіне операция жасату керек» дегенді айтады.
Содан не істерімізді білмей, Иерусалим қаласындағы Хадас госпиталіне хат жаздық. Ондағылар хатымызға берген жауабында «келіңіздер, емдейміз» депті. Алайда ол жақтың емі өте қымбат екен. Бізге «70-80 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшаға жасаймыз» деп отыр. Осыдан кейін біз жан-дәрмен ақша іздеуге кірістік. Сөйтіп, 10 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы жинадық. Тұрып жатқан үйімізді сатуға қойып едік, күні бүгінге дейін алушысы табыла қоймады.
Баламыз Дидар қазір ІІ топтағы мүгедек. Протез аяғымен Банк колледжінің 3-курсын тамамдады. Енді 4-курсқа барып оқысам деп армандайды. Бірақ ол үшін ауру дегеннен арылу қажет. Сондықтан да біз қайырымды азаматтардың жәрдеміне сенім артамыз.
Үлкен үмітпен: Дидардың ата-анасы – Серікбай және Эльмира Жиренбаевтар.

P.S.
Дидардың жағдайына жанашырлықпен қарап, көмектесеміз деген азаматтарға банктік есеп-шотты жариялаймыз:
Банк: Филиал АО АТФ банк
Мекенжайы: 050000 Алматы қаласы, Фурманов көшесі-100 үй
БИК ALMANKZKA
Код 956
Банк РНН 600400239284
Есепшот нөмірі KZ38826A1KZTD5000182
Валюта шоты KZT
Абдуали Дидар СЕРІКБАЙҰЛЫ
 Байланыс телефондары: 391-74-60; 8-701-415-33-14.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста