Бүгін мәжіліс депутаты Тәңірберген Бердіоңғаров Парламент буфеті жайлы жазып, асханамызда бәрі тиын-тебен тұрады деп ойлайды, шындығында олай емес деп мұңын шақты. Бұл пікір депутаттар мен қоғам өкілдерінің қызу талқысына ұласты.
Халық қалаулыларының кейбірі әріптесін қостағанмен, мұндай буфеттерге кіретін уақыты жоқ екенін айтып жатқандар да болды. Ал депутат Нұрлан Жазылбеков Мәжілістің ас мәзірінің суретін салып, жұрттың назарын аударды. Мәзірде салаттар бағасы 113-170 теңге, саңырауқұлақ және харчо сорпасы 178-263 теңге, ал екінші асқа берілетін ыстық тамақтар 228-455 теңге аралығында екен. Айта кету керек, қазіргі кезде мұндай арзан бағаны еліміздегі мектептердің асханасынан табудың өзі қиын. 31.kz
Депутаттардың ас мәзірі (фото)
Последние статьи автора