Депутат елімізде вейптерді сатуға тыйым салуды сұрады

Депутат елімізде вейптерді сатуға тыйым салуды сұрады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұргүл Тау жасөспірімдер арасында вейптер кеңінен тарап жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде елімізде құрамында белгісіз химиялық заттар мен никотиннің едәуір мөлшері, вейптердің балалар мен жастар арасында жоғары қарқында таралуы эпидемия сипатында десек болады. ҚР Қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2020 жылдан бастап «вейп» шарығы 292 есеге өсті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2018 жылы Қазақстанда жүргізген зерттеуінің қорытындысына сәйкес, 15 жастағы ұлдардың 14 пайызы, қыздардың 6 пайызы электронды темекіні бір рет қолданып көрген. 11-15 жас аралығындағы ұлдардың 8,5 пайызы, қыздардың 3,8 пайызы вейпті тұрақты түрде алған», - Нұргүл Тау Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, 2022 жылы жүргізілген зерттеулер бойынша 2018 жылғы деректермен салыстырғанда жасөспірімдер арасында вейптер кеңінен тарап жатқаны анықталды.

«Әсіресе, екі есе өсім 13-15 жас аралығындағы балалалар арасында байқалды. Жалпы, вейпті алған балалар саны 1 миллионға жеткен. Бизнестің жоғары табысын ескерсек, вейп бойынша балалар мен жасөспірімдерге бағытталған маркетинг қолданылып келеді. Бұл тұрғыда вейптердің орташа есеппен 2000 теңгеден аспайды», - деді депутат.

«Жоғарыда айтылғандардың негізінде, депутаттық сауалда қойылған мәселелерді қарауға және елімізде вейптер мен оның басқа түрлерін сатуға толығымен тыйым салу мүмкіндігін қарастыру ұсынысын жасаймыз», - деді ол.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста