Бұрынғы күйеуім балаларымның көзінше зорлады

Бұрынғы күйеуім балаларымның көзінше зорлады

Алматыда аяғы ауыр келіншекті балаларының көзінше экс-күйеуі зорлап кеткен. Осылай деп Египетте білім алған азаматтың бұрынғы әйелі  31 телеарна редакциясына шағымданған. «Қара жамыл, елмен араласпа, тіпті туыстарыңмен тілдеспе! - деп некедегі кезімде тыйым салған азамат, арамыз ажыраса да, қорлық көрсетуін тоқтатар емес», - деп егіліп отыр орамалды келіншек. Ирина Советжанқызы қос тарапты да тыңдап көрді.

Камерадан жүзін жасырған келіншек, «қазіргі қайынжұртымның бетіне салық салмайын деп, түрімді тұмшаладым» - дейді. Оның үстіне, айтар әңгімесінің мазмұны да тым ауыр. Ұзын ырғасы мынадай. Айнұр 2010 жылы 16 жасында туыстарының айтуымен, небәрі үш рет кездескен азаматтың етегінен ұстап, күйеуге шығады. Араға бір жыл салып, тұңғышына аяғы ауырлаған кезде, ерімен еріп, Египетке кетеді. Бірақ жүктілігінің жетінші айлығында ешқандай туыстық қатынасы жоқ ер адамның қасына тастап, күйеуі Қазақстанға кетіп қалады.

АЙНҰР, жәбірленуші:

— Ол кезде ол Египетте оқыды. Ешқандай жұмыс істеген жоқ. Бір кісілер ақша салып тұрды. Кімдер салып тұрды білмеймін, жақсы квартирада тұрдық, Каирда.

Араға ұзақ уақыт салып, күйеуі қайта келеді. Елге келгеннен соң, екінші баласына аяғы ауырлайды. Бірақ бұл жағдайына қарамастан, күйеуі Еркебұлан Әшімов, бірінші әйелінің үстінен, екінші әйел алады. Жұбайлар содан кейін жараспай, ресми түрде 2016 жылы ажырасып кетеді. Бірақ жұмысы, білімі жоқ келіншектің балалары әкесінде, яғни экс күйеуінде қалады. Келіншектің айтуынша, биылғы жылдың бірінші маусымы күні балаларын бір күнге қарап бер деп экс күйеуі кездесуге шақырған. Бұл уақытта Айнұр екінші жігітке тұрмысқа шыққандықтан, күйеуінен рұқсат алып барады.

АЙНҰР, жәбірленуші:

— Ол жерде есікті жауып, балалардың көзінше мені шешіндіріп, қинап, қылқындырып мені зорлап тастады. Балалардың көзінше. Осындай ғана кішкентай бөлме. Күйеуім бар, мен екіқабатпын, тиіспе десем де, ештеңеге қараған жоқ. Одан бетер, мен не істеймін енді ішіңде балаң болса деді.

Оқиға болған күннің ертесінде қазіргі күйеуіне бар жағдайды айтып берген келіншек, өзін экс-күйеуінің зорлағандығы туралы Алмалы аудандық ІІБ арыз қалдырады. Бірақ содан бері полиция әрекетсіз отыр дейді. Біз келіншек күдіктіге балаған экс күйеуін Талғар ауданына іздеп бардық.

ЕРКЕБҰЛАН ӘШІМОВ, Алматы облысының тұрғыны:

– Доказательство жоқ. Сотқа жетпейді. Өйткені, біз регистрациядамыз. Ол кезде сіздер некедесіздер ме? - Иә, некедеміз. Сонда некелеріңіз әлі бұзылмаған ба? - Бұзылмаған.

Бірақ біздің қолымызда жұбайлардың некесі 2016 жылдың 24 маусымы күні бұзылғандығын растайтын сот шешімі бар.

Ал, бұл іс бойынша, Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі, қылмыстық құрамның жоқтығына байланысты істің жабылғанын айтып сұхбат берді.

Сондай-ақ, бұрынғы күйеуімнен қорлық көрдім деген келіншек, Еркебұлан Әшімовтің, теріс бағыттағы діни ағымды насихаттайтын кітаптарды үйінде сақтап отыр деп Талғар аудандық ІІБ, ҰҚК екінші шағымын қалдырғанын айтады.

Бірақ бұл іске қатысты ресми пікір алу әзірге мүмкін болмады.

31.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста