Бурабай тұншығып, туризм тұралап тұр

Бурабай тұншығып, туризм тұралап тұр

Қазақстан Еуразияның қақ ортасында, Шығыс пен Батыс дәстү­рін жалғастырып, күретамыр­дың бойында жатыр. Кең-байтақ даламыздан шөлді аймақты, орманды да, сулы-нулы өлкені де табуға болады. Осыған сай елімізде танымдық, сауықтық, этникалық, экологиялық, шипажай-сауықтыру, аңшылық секілді түрлі туризм түрлерін ұйымдастыруға болады. Алайда Жаратқанның берген сол мүмкіншілігін пайдалана алмай отырғанымыз рас.
Еліміздегі емдік су көздері бар ай­мақ шипажай салуға сұранып тұрса, өт­кен ғасырлардағы қала орындары ар­хеологиялық қазба жұмыстарын жүргізу арқылы ашық аспан астындағы мұражайға айналдыруға, табиғаты ғажайып аймақтар қорықтар тұрғызуға дайын тұр. Тіпті көне замандардан басталған мәдениетіміз бен әдебиетімізді әлемге паш етуге тұ­рарлықтай тарихи мекендер де жетерлік. Шетелдік сарапшылар «Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім туристік саланың дамуына оң әсерін тигізеді» деп баға беруде. Алайда отандық туризмнің дамуы жөнінен Қыр­ғызстанмен де терезе теңестіре алмай келе­міз. Мысалы, отандастарымыз жаз шықса Бурабайға емес, Ыстықкөлге қарай ағылады. Бұл – отандық туризмді дамыта алмай отырғанымыздың анық көрінісі.
Жер көлемі жөнінен әлем елдері бойынша 9-орында тұрсақ та, биыл туризм саласы бойынша 68-орыннан 71-орынға төмендеп кеттік. Ал сырттан келетін туристердің саны 2000 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өспеген. Өспек түгілі, соңғы жылдары еліміздің әсем табиғаты мен демалыс орындарына келетін туристер саны күрт азайған. Ма­мандардың айтуынша, бұған басты се­беп елімізде туризм саласындағы дұрыс жарнаманың жоқтығынан көрінеді. Тіпті аталмыш жерлерді туристік орындарға айналдырудың орнына табиғатын лас­тауға жол беріп отырғанымыз салғырт­тығымыздан болса керек. Мысал ретінде, Астананың іргесіндегі кез келген елдің табиғатымен тайталаса алар Бурабай көлінің қазір ластанып, курортты аймақтың қоқысқа тұншығып жатқанын айтсақ та жеткілікті шығар.
«Қолда барда алтынның кадірі жоқ» десек те, бүгінгідей қаржылық дағдарыс кезеңінде барымызды бағалаудан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Біріншіден, жыл сайын Қазақстан аумағынан шығып, шетелге барып демалатындар ақшамызды шека­ра асырмай, теңгеміздің қалтамызға түсуіне жол ашылар еді. Әйтпесе әлі күн­ге жат жұрттың экономикасының да­муы­на үлес қосып келе жатқанымыз  – ащы да болса шындық. Екіншіден, ту­ған жеріміздің әсем табиғатын шет мем­лекеттердің азаматтарына танытуға мүм­кіндік туады. Үшіншіден, күтімсіз жат­қан жерлер адамдардың назары ауған соң, қамқорлыққа алынуына себепші бол­са, төртіншіден, бюджетке де түсер пайдасы аз болмаса керек. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристiк нысандарды ұтымды пайдалануға мүм­кiншiлiк бередi, сонымен қатар эконо­миканың басты тармақтарының бiрi ре­тiнде дамытуды қажет етедi.
Осы орайда саяхатшыларға қызмет көрсетудің ең озық әдістерін игеру, ұлттық болмысымызды таныту мақсатында қолда барды пайдалану – дәл қазір ақсап тұрған жұмыстардың бастысы.
Қайткен күнде де қазақстандық және шетелдік азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыратын, кең мүмкіндікті қам­та­масыз ететін заманауи, тиімділігі жоға­ры және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру – бүгінгі күннің басты талабы.

Әсел Қариева, туристік фирманың менеджері:
– Бүгінгі таңда отандық туристік фир­малар әлемнің 80-нен астам елімен серіктестік қызмет істейді. Сондай-ақ әлемнің барлық жетекші туристік елдерімен әуе қатынасын орнатты. Бірақ басқа мемлекеттерге қарағанда, Қазақстанға келу үшін виза жасау қиын. Шет мемлекеттер үшін Қазақстан курорттары жөнінде ақпарат та өте аз. Әйтпесе мына «екінші Швейцария» атанған Бурабайды көруге кім ынтық болмайды?! Сондықтан елімізге ат басын тірейтін туристер саны азайып отыр. Бүгінгідей дағдарыс кезеңінде туристік орындарды дамытып қана қоймай, демалыс орындарындағы қызмет көрсету бағасын 20-30 пайызға төмендету қажет. Бұл елімізде туристік жолдың кеңеюіне жол ашар еді. Қазір алдағы уақыттарға жоспарлар жасалуда. 2011 жылы ішкі туристер ағыны 4,5 миллионға, ал сырттан келетін туристер қатары 9,5 миллионға жетеді деп күтілуде. Қазіргі таңдағы статистика агенттігінің көрсеткіші Қазақ­станды тамашалуға келетін турис­тер санының 5,3 миллионға жеткенін көрсетіп отыр.

Ой салар дерек
Бурабай аймағындағы туризм саласынан түсетін пайда облыс бюджетінің 10 пайызын құрайды екен. Мәселен, Бурабай көлдерін тамашалауға бір маусымда – 500 мың, Зерендіге 15 мың шамасында адам келетін көрінеді. Туристердің басым көпшілігі – Германия, Англия, Жапония, Корея мен Қытайдан келетіндер. Бүгінде дүниежүзі бойынша, туризмнен түсетін табыс мұнайдан түсетін табыстан кейін, екінші орынды алады. Ал бізде...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста