«Бұл не деген батпан құйрық?»

«Белсенді болсаң, байлыққа белшеңнен батасың. Азын-аулақ айлыққа қарап отырасың ба? 50-60 мың теңге жалақының соңында жүресің бе осылай есек секілді?» деп намысымыз бен тек жатқан жынымызға тиіп, желілік маркетингке өтуге желіктіріп қоятын таныстарымыз, тамырларымыз көбейіп барады. «Түгеншекең қызметін тастап, сонда кіріпті. Қазір түкірігі жерге түспейтін миллиардер екен» деп «желіліктер» әңгіме айтқанда, аузымыздың суы құрып, тамсана бастағанымызды өзіміз де сезбей қалатын кездеріміз бар.
Сосын әлгі «сетевик» кенедей жабы­сып, қыр соңымыздан қалмай қойғанда, «бұл батпан құйрықтың қандай құйрық» екенін дереу ұғынып үлгердік. Ұғынбаған­дар иллюзияға малданып, пирамиданың бір сатысы болып және кетті. Бейресми де­ректер «бүгінде бұл бизнесте 50 мыңға жуық қандасымыз жүр» дейді. Ал сол 50 мың­ның желілік сауда қағанағын қарық, сағанағын сарық қылды ма?
«...Бостан-босқа жатқан құйрық...»
Көптеген мәліметтер еліміздегі желілік маркетингтің жыл өткен сайын өркен жа­йып келе жатқанын айтады. Мәселен, бұ­рынғы кеңестік елдер арасында Ресей мен Қазақстанда бұл жүйе кейінгі жылдары қар­қын алыпты. Қазақстанда соңғы бес жылда бұл бизнес екі есеге өскен. Демек, желілік сауданың ел ішінде қандай дең­гейде екенін осыдан да аңғаруға болатын секілді. Әрине, бұл істе жетістіктерге жетіп жатқандар да баршылық.
Талғат ӨТЕТІЛЕУҰЛЫ, қытайлық «Тянь­ши» компаниясының өкілі:
– Кезінде кәуап сатып, дәстүрлі биз­неспен шұғылдандым, кейін қаражат жа­ғынан қысылып, келеңсіздіктерге тап бол­дым. Содан көп ақша табудың жолын із­деп, осы бизнесті 2004 жылы Алматыда бас­тап, 2005 жылы Қарағандыға көшіп кел­дім, қазір өзімнің кеңсем бар. Ағайын­да­рым да, жора-жолдастарым да осында.

Өнімдер өзіме де жақсы көмектесті. Ком­панияға келмей тұрып ауырғаным бар-ды. Содан айықтым. Өнімдерін отба­сы­мыз­бен пайдаланамыз. Жақында ие болған көлігім – компанияның сыйлығы. Еңбегім­нің бағаланғаны деп білемін. Бұ­рындары бас­қа елдің өкілдеріне машина бе­ріп жат­қан­да, мен де солар сияқты темір тұлпар алып жатсам қазақтың ұлттық киі­мімен шық­сам деп армандайтынмын. Сол арма­ным орын­далып, өткен жылы авто­көлік кілтіне ие бол­дым. 2011 жылдың 3 та­мы­зында Қы­тай­дың Тяньцзинь қаласын­да сал­танатты түрде 200 адамға тарту етіл­ді, со­ның 12-сі Қазақстан­нан. Осы ком­панияға кел­гелі бері көп мем­лекетті араладық. Жыл сайын ше­телге де­мал­уға барып тұрамыз.
Бірақ бәрі бірдей емес. Дәлірек айтқан­да, көпшілігінде оның ұшар басындағы адам­ның ғана қамбасы қомақты толады. Бас­қа­сы соның сілекейін ғана қанағат тұты­сады.
Желілік индустрияның шыны мен сыры неде?
ХХ ғасырдың 30-жылдарында дүниеге келген МLM бизнесін кәсіп еткен 125 ел бар екен. Бүгінгі таңда 4000 ірі же­лілік компания бар болса, олардың ай­на­лымы 300 миллиард АҚШ долларын құ­райды. Күн сайын дүниежүзінде жүз мың­даған адам тәуелсіз дистрибьюторлар қа­тарын толықтырады. Ал экономист-сарап­шылардың айтуынша, ХХІ ғасырда тауар­дың 70 пайызы МLM жүйесі арқылы тұты­нушысын таппақ. Бірақ біздің елдегі желі­лік маркетинг емес деп ойлаймыз. Жасы­ра­тыны жоқ, бүгінгі желілік маркетингтегі дистрибьюторлар айлығын асырып айтып, алдап-арбау әдісін жете меңгерген. «Бір айда 200 мың таптым» дегенде, қызық­пай­тын пенде болмасы анық. «Өзің кір, со­сын өзіңнен кейін 2-5 адам тартсаң, өзе­гің талмайды. Төбеге шырт-шырт түкіріп жа­тасың да қоясың, содан айына 70-80 мың теңге есепшотыңа ұдайы түсіп тұра­ды» немесе «осынша адам тартып, осынша балл жинасаң, Францияға, Италияға тегін қыдырып барасың, көлік аласың» деген сыңайдағы шақырулардан әбден запы бол­дық. Одан қалды, «кірмей-ақ қой, тек шай ішуге кел» деп шақыруға көшетінін қай­терсіз. Тап бір сіз кенереңіз кеуіп, шөлдеп, шай таппай жүргендей.
Сарапшылар жұртты желіктіретін же­лі­нің өзіндік тиімді жақтарын да жоққа шы­ғармайды. Айталық, егер ғайыптан тайып, желілік бизнесіңіздің тасы өрге домалап кетсе, онда табысыңыздың еселеу мүмкін­дігі, қаржылық тәуелсіздік, өзіңіздің дер­бес бизнесіңіз сынды критерийлер. Бұл же­тістіктерді кез келген агент майын та­мызып айтып беруге шебер-ақ. Тек олар оның кереғар тұстары туралы жақ ашпай­ды. Экономикамен ұйықтап, экономика­мен оразасын ашатын үнемшіл қауымның айтуынша, бұл бизнес «бостан-босқа жат­қан батпан құйрық емес». Ең бастысы, мұнда табыстың, айлықтың тұрақсыздығы. Сондай-ақ моральдық, материалдық са­лым­дарды қажет етуі секілді тиімсіз қыр­лары да бар. Сондықтан да сіз, агентіңіз айт­қандай, дереу байып кете қоймайсыз. Әп-сәтте толағай табысқа кенелмейсіз. Ол үшін талай жыл керек. Ал ол талай жылдың таудай табысты болуына да кепіл жоқ. Желілік маркетингтің шыны мен сыры бұл.
Желілік маркетинг тауарларының қауіпсіздігіне кепіл бар ма?
Бұлай деуімізге былтырғы жылы өз­бек­тердің кәсіпкер ретінде тіркелмеген же­лілік маркетингпен айналысатын жеке тұлғаларға тыйым салуы түрткі болып отыр. Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жы­лы 1 ақпаннан бастап өзбек үкіметі қау­лы шығарып, шектеу қойған-ды. Себеп – «өзбектің ішкі нарығына шетелден ағы­лып келіп жатқан алуан түрлі тауарлардың сапасына күдіктің күшеюі». Қазақ байғұс желілік маркетингпен табыс тауып, баю­дың қамынан аса алмай жүргенде, өз-аға­мыз халқының денсаулығына алаңдаулы. Сонымен қатар өзбектер «Өзбекстандағы желілік сауда-саттық төлемі қолма-қол ес­ептесу емес, келісімшарт негізінде ақша ауда­рымымен ғана жүзеге асырылуы тиіс. Ол үшін коммерциялық құрылымдар кө­тер­ме сауда жасауға құқық беретін лицен­зия алуы керек. Ал төлемақысын қабылдау тек арнаулы сауда нүктелерінде бақылау-кассалық терминалы арқылы жүргізілетін болады» деп, кәмелеттік жасқа толмаған азаматтарға мұндай саудамен айналысуға рұқсат етілмейтінін және шегелеп алған-ды. Сондай-ақ өзбектер салықтан жалтар­ды деп, Oriflame компаниясының Өзбек­стан­дағы өкілдігін жауапқа тартқандығы және бар. Ол аз десеңіз, емдік дәрі-дәр­мек­тер мен парфюмерлік тауарлар сата­тын Ташкенттегі ParfuMed сауда желісінің төрт дүкені және түріктің Turkuaz супер­мар­кеті мен өзбек-эмират бірлескен кәсіп­орнының «Комфорт-Элит» атты дүкендер желісінің жұмысын тоқтатуына да мұрын­дық болған сол өзбек соты еді.
Ал біздегі желілік бизнестің қауіпсізді­гіне кім кепіл? Салығын, заңдық негізін айтпағанның өзінде...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста