Бұйрықты айналып өткен қулық

Бұйрықты айналып өткен қулық

Қазақстан Республикасының заңы бойынша осы елдің әрбір азаматы тегін орта білім алуға құқылы. Алайда мемлекет тарапынан қаржыланатын тегін мектептерде оқушылардан ұдайы ақша жиналатыны қазір құпия болудан қалды. Тіпті жағдайдың ушыққаны соншалық, өткен жылы бұл мәселеге Бі­лім министрлігі араласып, мек­теп­терде ақша жинауды үзілді-кесіл­ді тыюға нұсқау берді. Осыдан кейін барып мектепте ақша жинау саябырлады десеңіз... қате­ле­се­сіз! Енді ақша жинаудың түр­лі әдіс-тәсілдері де пайда болды. Мәселен, ақшаны енді бұрынғыдай ұстаз емес, ата-ана­лар комитеті жинайтын болды.

«Өзгенің қолымен от көсеудің» жарқын көрінісі. Әр сыныптан «сынып қорына» ақша жинағыш белсенді ата-ана­лар  да пайда бола кетті. Ақша жиналатын себептердің түрлері де қысқармады. Мерекеде ұстаздарға сыйлық ұсыну, мектептерді безендіру, жөндеу жұмыстары се­кіл­ді мәселелер осы белсенді ата-аналар тарапынан қол­дау тауып жатты. Мектептер арасында сұрау сала оты­­рып байқағанымыздай сынып қорына жиналатын ақша 1000-2500 теңге аралығында көрінеді. «Айына 2500 теңгеден жинап отырып, бір жылда қалай 25 000 тең­ге беріп қойғаныңды да байқамай қалады екен­сің» деп ата-аналардың бірі айтқандай бюджеттен қар­жы­лан­дырылатын мектептерге жылына әр баладан 25 000 теңгеден қосымша ақша жиналуы аз ақша емес. Билеті өт­пеген концерттің билеті, өмірі таусылып бітпейтін, бірақ пайдасы шамалы қосымша оқулық кітапшалар, мә­­дени іс-шаралар өткізуге де сынып қорынан «қам­қор­лық» жасалып отырады. Айналып келгенде, бұл ар­қы­лы біреулердің қалтасы да томпайып отырады.
«Заманына қарай – амалы» деген – осы. Тіпті сынып жетекшісінің сұраған ақшасын оқушының ұмытып кетпеуі үшін күнделігіне жазып беруге дейін жеткені мектептегі ақ­ша жинау үрдісінің қаншалықты «гүл­ден­генін» көрсетсе керек. Алматы қалалық білім басқармасы да соңғы кездері мек­тептер мен балабақшаларда ата-ана­лардан ақша жинаудың жиілегенін рас­тау­да. Сондықтан олар жақында барлық білім ордаларының басшыларына «заң­сыз ақша жинайтындар жазаланады» деп ескертіпті. Осы бұйрық негізінде үш бір­дей мектеп директоры қызметінен қуыл­ған. Мамандардың айтуынша, білім беру ғи­мараттарын жөндеуге әр мектепке жы­лына 2 млн теңге қаржы бөлінеді және бұл сома жеткілікті көрінеді.
Сондай-ақ биыл министрлік тарапы­нан «барлық қоштасу кештері мектеп қа­бырғасында өтеді және оған ақша жинау­ға тыйым салынатыны» хабарланды. Мә­селенің қалай өрбіп жатқанын бақылау үшін қаладағы бірқатар мектептерді ара­лап шықтық. №161 қазақ гимназиясын ат­та­ған сәтте қабырғада жазулы тұрған ха­барландыруға көзіміз түсті. «Білім де­пар­таментінің 16.10.2008 жылғы №324 бұйрығына сәйкес оқушылардан қаржы жинау тоқтатылды». Әп-бәре­келді! Тегін білім алу жүйесінде қосымша қаржы жи­нау жүрмесе керек-ті деп қуанып қалдым. Залды бойлап жүріп келемін. Мақсатым – кездескен оқушы, ұстаз бол­са, пікірін білу. Шо­ғырланып тұрған бір топ адамды көріп, солай қарай беттедім. Мектеп бітіруші түлектердің шаруасымен жүрген 11-сы­нып­тың ата-аналары екен.
Өзін Айжан деп таныстырған ата-ана: «20 маусым күні түлектердің мектеп біті­руіне орай қоштасу банкеті мектепте өтеді. Шағын дастарқан жайы­лып, оған ата-ана­лардың өз ер­кімен ақша жиналуда. Кейбір ұстаздар естелік сыйлық қалдыруға да қар­сы­лық білдіруде. Бірақ 11 жыл білім берген ұстазды ескерусіз қалдыру ұят қой. Мектеп әкімшілігі мектеп пен ұстаздарға сыйлық қалдыруға қар­сылығын білдірді. 20 маусымда аттестат алғанша ешқандай ақша жиналмасын деп ескертті», — деді.
Атын атауды қаламаған 11-сынып жетек­шілерінің бірі: «Жақында қала­лық де­партаментте жиналыс болып, онда мектеп бітіруші түлектердің қоштасу кеші­не, естелік альбомға, жалпы шығынға жи­на­латын ақша 7500 теңгеден асып кетпесін» деп ескертті. Қазіргі таңда мек­теп­тегі фуршетке 5000 теңгеден жинап жатырмыз. Бірақ естелік альбом қымбатқа түсті. Себебі сапасы жоғарылары 5000 теңгеден артық екен. Шындығына кел­ген­де, қалалық департамент 7500 тең­ге­­ден аспасын дегенмен, қазір бәрі қым­бат­тауына байланысты бұл сома ештеңеге жетпейді. Жалпы, ақша жи­нау мәселесін ата-аналар комитеті ше­шеді», – деп жауап берді.
Соңғы қоңырау салтанатына дайында­лып жүрген 11-сынып оқушыларын да әң­гімеге тарттық. Екі-үш бала жарыса: «Артынан өзіміз үшін мейрамханада той­ла­ғымыз келеді. Аттестат алғанша ақша жиналмасын деп тапсырма берді. 20 мау­сым күні аттес­тат алсақ, келесі күні мей­рамханада той­лаймыз. Адам басына 10 мың теңге ша­ма­сында жиналады деп бел­гіленген. Нақ­ты сомасын ата-аналар комитеті мен ұстаздарымыз талқылап жа­тыр», – деді.
Ал  № 15  қазақ-орыс гимназиясы­ның по­лиция инспекторы Шың­ғыс Үм­бет­ов: «Мек­тепте ақша жиналуына жол бер­мей­мін. Оқушылар арасында «ақ­­ша жиналып жа­тыр ма?» деген са­уалмен жиі-жиі са­уал­нама жүргізіп отырамын» дегенімен, «Мек­теп бітіру кешіне ақша жи­налып жатыр  ма?» де­ген сұрағымызға «білмеймін» деп жа­уап берді.
«Бақсақ, бақа екен» демекші, ақ­ша жинауға ұстаздардан бұрын ата-ана­лар­дың өзі мүдделі көрінеді. Рас, арасында әлеуметтік жағдайы келіңкіремеген ата-аналар қарсы шығып та жатыр. Алайда елден ерек ақша бермеген оқушының жол­дас­тары алдында төменшіктеп, қалай да ақшаны тауып беруге күш салатыны анық. Ата-ана да баласын достарынан қал­масын деп, «жерден қазып, көктен сауса да» қажетті соманы табуға тырысады. Осы­лайша, айналып келгенде, «ақша жинал­масын» деген бұйрықтың да күлі көкке ұшады.

Жарас МЫҢЖАСАРҰЛЫ, Алматы қалалық білім басқармасы бастығының орынбасары:
— Сәуір айында қала әкімінің орынба­сары С.Сейдумановтың қатысуымен Бі­лім басқармасында үлкен мәжіліс өткен бо­латын. Сонда осы ақша жинау мәселесі кө­те­рілді. Соңғы шешім бойынша биылғы бі­тіруші түлектерден 7500 теңгеден ар­тық ақша жиналмауы керек. Сондай-ақ мек­теп түлектеріне банкет жасауға тыйым салынды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста