Бүгінгінің әйелдері де таз болып барады

otabletkax.info

Кеңес кезінде шашымыз қиылды. Етек-жең қырқылды. Сонымен бірге ұяттың көбесі де сөгілгендей-тін. Бүгінде етегіміз ұзарып кетпесе де шүкір, қысқа шаш сәннен қалып, бұрымымыз ұзарды. Бірақ.... «Байы бүгін өлгендей қолаң шашты шашып тастап, тылтиған тұсақ бөксені тылтима дамбалмен таңып тастаған» (Қалихан Ысқақ) бикештер бүгінде жетерлік.

Қыздарымыздың шашын өсіргенімен, оны жайып тастап жүргені біртүрлі ерсі көрінетіні рас. Данагөй ата-бабаларымыз қыз баласына ұзын шашты жайып жүруге қатаң тыйым салған. Бұрынырақта күйеуі қайтыс болған әйел шашын жайып тастап, бетін тырнап, жоқтау айтқан. Сол себепті де жайылған шаш жамандық шақырушы деп есептеген. Тағы бір қызығы, жігіттеріміздің қысқа шашы ұзарып барады. Белгілі бір стильде емес, қалай болса солай, қобырай өсірілген шаштарына қарап, қыз, ұл екенін ажырата алмайтын болдық. Енді біреулері тұлым қойып, елдің назарын ерекше аударып жүр. Дана халқымыздың титімдей нәрсенің өзін назардан тыс қалдырмайтын салт-дәстүрінен хабары жоқ кейбір жастар мұны жанып тұрған «мода» санайды. Одан көріп екіншісі, сонымен жаппай сәнге айналдырып алады. Солардың көбінің тұлымды не үшін қоятынынан хабары жоқ екені – беп-белгілі. Тек әйтеуір, «сән бе, сән» деп еліктейтіні болмаса. Еліктеу бар да, оны орнымен пайдалану бар. Жастарымыз көнеден келе жатқан шаш тарихынан хабардар болып жүрсе дегендік еді біздікі...Негізінде, бағзы замандарда тұлымды көз тимес үшін, зарығып көрген балаға қоятын болған. Әке-шешесі бала бір жасқа толғанда қарын шашын алып, төбесіне бір өрімдей шаш қалдырып, өскен соң өріп қоятын болған. Айдар шашты да аңсап күткен балаға қойған. Ал ержеткен ұлға кежім шаш қойған. Яғни желкеден жіберетін шаш. Бұл дәстүрдің кеңес кезінде ұмытылғаны рас. Бүгінде сәнқой жігіттеріміздің арқасында қайта оралды. «Тамаша» ойын-сауық отауының актері Марат Көккөзовтің тұлымын ерекше атауға болатын сияқты. Одан бөлек, сахнада жүрген тұлымды жігіттеріміз де жетерлік. Дана ата-бабаларымыз шаштың киесі бар екенін бұрыннан-ақ білген. Сол себепті де шашқа өте сақ қарауға үндеген.

Ғалымдардың көп жылғы зерттеулеріне қарағанда, шашқа адамның басындағы қылтиған қыл деп қана қарамау керек, оған тұтас бір ғылыми еңбек арнаса да артықтық етпейтін көрінеді. Құп рас. Ол адамның көркіне көрік қосып қана қоймай, денсаулығына да аса зор ықпал ететіні дәлелденіп отыр. Шаш арқылы көптеген жағымсыз энергияларды «жұқтыруға» болады екен. Сол себепті де ата-бабаларымыз әйел адамдарға жалаңбас жүрмеуді, мешітке орамал тартып кіруді, түнде ұйықтағанда орамал тартып жатуды ескертуі тегін емес. Қазіргі кримина-листика саласында шаш арқылы түрлі ақпарат алуға болады. Таңғалмай көріңіз, бір тал шаш арқылы есірткі қабылдайтынын не қабылдамайтынын, сондай-ақ қылмыскерге қатысты көптеген мәліметтерді анықтай алады. Саусақ бедері бір-біріне ұқсамайтыны сияқты, шаш та солай. Тіпті кезінде қала көшелерінде топырлап жүретін сығандардың бір тал шашты жұлып алып, сол арқылы түгін қалдырмай тонап кететіні жөніндегі аңыз да ақиқатқа бір табан жақын сықылды... Бүгінде «африканские косички» деген шаш үлгісі сәнге айналды. Негізі, ол африкалық емес, қазақтың ежелгі салты болып саналады. Оны көпшілік біле бермеуі мүмкін. Ежелгі салт-дәстүрімізге сүйенсек, ата-бабаларымыз көп бұрымның қасиеті де көп болады деп сенген. Африкалықтар, өзбектер, тәжіктер, ұйғырлар қыз баланың шашын көп бұрым етіп өреді... Сән өз жөнімен, «бүгінгі жастар шаш үлгілерінің тарихынан хабардар болып жүрсе, қыздарымыз жалбыраған шаштарын жинап, салт-дәстүрімізге құр-метпен қараса» деген ниет қана біздікі...Ұл баланың шаш қою атаулары: Кекіл, айдар, тұлым. Айдар шашты ер баланы «тіл-көзден» сақтайды деп қойған. Оған арнайы мал сойып, үлкендердің батасын алған. Алғашқы мүшелінде шашын сол жасының құрбандығы ретінде қырқатын болған. Баланың шашын тықырлап алып, маңдай тұсына кекіл қойған. Баланың кекіліне періште ұялайды деп сенген. Қыздардың шаш атаулары: Тобығына дейін өсірілген ұзын шашты екіге бөліп өрген, оны қос өрім, егіз өрім деп атаған. Шай құяр бір жасқа толғанда оның да қарын шашын алып, екі шекесіне екі шөкім шаш қалдырып, өсірген. Оны – «тұлым шаш», «тұлымшақ» деп атаған. Оны да «көз тимесін» деген ниетпен қойған. Шашбау, шолпы, шаштеңге, шашқап – шашқа арналған әшекей бұйымдар. Бағзы заманда шашбауды зергерлер күмістен өрнектеп, ауырлау етіп жасаған. Шашты қос өрім етіп өріп, шашбауды таққанда ол ауырлығынан басты тартып тұрған. Бұл өз кезегінде қыздардың еңкеймей, басты тік ұстап, әсем жүруіне көп септігін тигізген.Шаш түсі – мінездің хабаршысы.Қара шаштылар – қызу қанды, қайратты, жігерлі адамдар. Қоңыр шаштылар – елгезек, әсершіл, сезімге берілгіш, жұмсақ мінезді, өз ойы мен эмоциясын жасыра алмайтындар. Қызыл, алтын түсті сары шаштылар – ақылды, мәдениетті, көпшіл, айлакер, кекшіл адамдар. «Тазға тарақ не теңімнің» заманы өткен. Дегенмен «Таз болсаң, тақиядан көрме» дейміз тағы да...Иә, ғылым қарқынды дамып отырған мына заманда тазды қолаң шашқа айналдыру да түк болмай қалды. Оған таңғалудың өзі ерсі көрінетіндей ме, қалай?.. Расында, бүгінде әлемде қарқынды дамыған трихология ғылымының арқасында тазға шаш «егіп» өсіруде. Шаш шаруашылығымен айналысатындар көбейіп келеді, шүкір. Соған орай, шаш «ауруына» шалдыққандар да аз емесАлайда біздің елімізде дәл осы саланың дамуы тастабандап, тасбақа аяңмен жүзеге асуда. Мұның себебі шашымыз «ауырмайтын» болғандықтан шығар. Трихология, яғни, шаш пен бас терісін зерттейтін ғылымға әлем елдері айрықша назар аударып отыр. Өйткені бүгінде әртүрлі экологиялық жағдайларға байланысты таз адамдардың қатары өсе түскен. Әрі тазданған басына шаш өсіруге талпынғандардың сұранысы да артып отырған көрінеді. Сондықтан да трихологиялық орталықтар ашып, шаш етектен пайда тауып отырған елдер де бар. Шаштың морфологиясы мен физиологиясын зерттейтін ғылым түрі Батыста жеке ғылым ретінде тек XX ғасырда дами бастағаны белгілі. Әу баста жай мектеп түрінде ашылса, бүгінде трихологиялық институттар деңгейіне жеткен. Лондонда трихология институты мен бірнеше орталықтар бар. Бүгінде Халықаралық трихологтар ассоциациясы мен Еуропалық шаш зерттеу қоғамы бар. Ресейдің өзі бұл ғылыммен 90-жылдары ғана танысса, мамандарын тек 2000 жылы ғана дайындап шығара алды. Бірақ Денсауминнің кадр тізімінде бұл мамандық жоқ, тек дерматокосметологияның бір тармағы ретінде ғана қарастырылады. Бізге тосын кәсіптің дабырасы тек 90-жылдардың соңында жетті. Мамандардың жұмыс істей бастағанына да 7-8 жылдың көлемі ғана болды. «Денсауминнің тізімінде жоқ мамандар елімізде қалай дайындалуда» деп бас қатыруға болатын-ақ жағдай. Расында, еліміздің ірі қалаларында ашылған трихологиялық орталықтағы мамандардың басым бөлігі – шетелде оқып, білімін жетілдіріп келгендер.Сондықтан да шетелге телмірулі... Бір қарағанда бұл мамандық басқа дәрігерлердің жұмысына қарағанда оңай сияқты. Бірақ бас пен шаштың айналасында да шешілмеген «мәселе» көп екен. Трихолог маман алдына келген адамның физиологиялық жағдайын жіті тексеріп шығып, шаштың түсіп, тазда-нуының себебі неден екенін анықтап алған соң ғана ем тағайындайды.

Ал түбіменен түсіп қалған шашты қайта өсіріп шығару тек сиқыршының қолынан ғана келетін іс сияқты көрінуі мүмкін. Иә расында, бүгінде осындай мүмкін емес нәрселерге қол жеткізіп отырмыз. Бүйрек, жүректі ауыстырғандай, бүгінде шашқа да трансплантация жасалатын болды. Арнайы клиникалардағы бейнесюжет арқылы басқа қалай шаш «егіп» жатқанын тамашалауға болады... Өзіміз шашы түгелдей түсіп қалған адамды тазбас атандырып жүрсек, оны медицина тілінде алопеция деп атайды. Трихологиялық орталықтарда алдымен компьютерде шаш ауруының диагностикасы тексеріледі. Бастың қасқалануы да, жиі терлеуі де, қайызғақтан арылмауы да шаш ауруларына жатады. Асқазан-ішек жолдары, эндокриндік және иммундық жүйенің бұзылуы да шаштың сыпырылып түсуіне сеп болатын көрінеді. Одан қалса, экология, шашты дұрыс күтпеу, стресс, инфекция да әсер етеді. Адамның шашы күндігіне 50 ден 80 талға дейін түседі, «бұл қалыпты жағдай» дейді мамандар. Оның орнына жаңадан шаш өсіп шығады. Алайда патологиялық ауытқуларда шаш өспей қалады. Ерлердің – 96 пайызында, әйелдердің 79 пайызында шаш түсуі өте жиі байқалады. Әйелдер үшін шаштың көп түсуі – косметикалық дефект болғанымен, психологиялық дискомфорт, яғни неврозға ұрындыратын төте жол. Бүгінде америкалық RUBENHAIR компаниясының асығы алшысынан түсіп тұр. Оның негізін қалаушы Рубен Богинді кәсіптің көзін таба білген демеске амал кем. Әлемнің түкпір-түкпірінен ағылып келіп жатқан адамда есеп жоқ. Соған орай ақша да.Әу баста шашты трансплантациялаумен айналысқан. Рубиннің өзінің айтуынша, шаш өсірумен айналысатын хирургтердің халықаралық конференциясына қатысқаннан кейін клиника ашсам деген ой келген. Шаш өсірудің микрохирургиялық әдісін тәжірибе арқылы арттырса, қарапайым ғана кез келген дәрігер жасай алатынына көз жеткізген. Оның өзі пласти-калық және эстетикалық хирургия болып екіге бөлінеді. Шаш трансплантациясы – айдаладағы тақыр жерге арпа еккенмен бірдей жұмыс. Бірнеше сағатқа созылатын ауыр операцияның өзі оңай емес.

Оның нәтижесін күту де – психологиялық жағынан ауыр соққы. Шаш, қас, сақал трансплантациясына жаңа технологиялар енгізіле бастады. Оны меңгеру, жұмыс істей білу оңай шаруа емес. Тыртықсыз жасау да нағыз бесаспап маманның ғана қолынан келеді. Бір күнде 3 500 графт, 170 тал кірпік, 1 000 дана қас өсіріп шығару – қиын жұмыс. Сұлулық индустриясына сүбелі үлес қосатын дәл осы трихологиялық орталықтардың дәурені жүріп тұр десе де болғандай. Оның дамуына жаппай жасанды сұлулыққа ұмтылғандар қомақты үлес қосуда. Статистикаға жүгінсек, бүгінде елімізде ерлердің – 60 пайызы, әйелдердің 37 пайызы тазданудан зардап шегеді. Бұдан он жыл бұрын дәл осы диагнозды емдеу мүмкін еместей көрінетін. Елімізде эстетикалық медицинаның дамуы батыс елдерінен кем түспейді. Жасанды сұлулыққа ден қойғандар бүгінде шаштарын қалыңдатып, қас пен кірпікті де қолдан өсіруге ден қойған. Сұраныс көп. Біздің ғасырымыздағы ең көп таралған аурудың бірі әсіресе бастың айналасындағы аурулар яғни таздану бірінші орынға шыққан. Мұндай оталардың тиімділігі мен бағаның арзандығына қызыққан алыс та жақын шетелден де пациенттер келе бастаған. Осыған қарап, еліміздегі эстетикалық медицинаның дамуы қарқын алғанын байқауға болады. Бірақ маман тапшылығы айқын сезіледі. Елімізде трихологтерді дайындап шығаратын оқу орны жоқ. Алдағы онжылдықта бұл мәселенің шешімін табар-таппасы да белгісіз...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста