БҚО-да өгей әкесі зорлаған қыздың ісі: Мектеп директорының адвокаты істің әділетсіз жүріп жатқанына шағымданды
Батыс Қазақстан облысында 10 жасар қызды зорлау ісі жаңа бағытқа бұрылды. Жәбірленуші оқыған мектеп директоры қамауға алынды. Оның адвокаты бұл әрекеттердің бәрі прокурордың жеке дұшпандығына байланысты болып жатыр, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Еске салайық, қылмыстық іс материалдары бойынша мектеп оқушысын өгей әкесі екі жылдан астам уақыт зорлаған. Ол 22 жылға сотталды.
Енді жәбірленуші оқыған мектептің директорын жазаламақ. Құқық қорғау органдары білім беру мекемесінің басшысы қыздың отбасында не болып жатқанын білді, бірақ бұл туралы хабарламады деп күдіктенеді.
"Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабы - "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша тергеу жүргіздік. Қазіргі уақытта азаматшадан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды", - деді БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиева.
Хабарламау туралы іс бойынша барлығы 11 педагог өтті. Болжам бойынша, қыз мұғалімдерге өзінің проблемасы туралы хабарлауға тырысқан. Бірақ сотта барлық күдіктілер шәкіртінің сөздерін жоққа шығарды. Нәтижесінде директордан басқа мұғалімдер қатаң сөгіс алды. Алайда айыпталушының адвокаты үкіммен келіспейді. Оның айтуынша, бұл істің артында жеке жанжал жатыр.
"Бұл жағдай мектеп директоры мен прокурор арасындағы қақтығыстан, олардың арасындағы жеке дұшпандықтан туындады. Ол өштесіп, осылай жазалағысы келеді. Ал қыздың анасын жазаға тартуға болмайды, ода параноидтық шизофрения бар. 2 жыл бойы ол күйеуінің қызын зорлағанын жасырды", - деді күдіктінің адвокаты Айсұлу Биялиева.
Дектеп директорын қызметінен босатты, ол сотты күтуде. Қылмыстық іс прокуратураға тапсырылды.
Бұл ретте құқық қорғаушы Павел Кочетковтың айтуынша, мұғалім мен мектеп әкімшілігі каникул кезінде оқушымен болған жағдайға жауап бермеуі керек.
"Егер бұл мектеп қабырғасында болса - бұл басқа мәселе және олар фактіні жасырған болар еді. Бұл үшін ең алдымен ата-аналар мен жақын туыстар жауап береді. Егер осы қағида бойынша тергеу және қадағалау органдары істерді тергеуді жалғастыра берсе, онда бәрін: психологтарды, әлеуметтанушыларды және мұғалімдерді түрмеге қамау керек пе?", - деді "Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық БЮРО" ҚБ БҚФ басшысы Павел Кочетков.
Айта кетейік, мектеп директорының кінәсі дәлелденсе, ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.