Биыл да қар суы қауіп төндіріп тұр

Биыл да қар суы қауіп төндіріп тұр

Соңғы жылдары еліміздегі қалалар мен ауылдардың жауған жаңбыр, тасыған өзен мен еріген қар суының астында қалып, шығынға ұшырауы үйреншікті жағдайға айналды. «Биыл да Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауылын су басуы мүмкін» дейді Өңірлік төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдері. Қазірдің өзінде осы аймақтағы 18 елді мекенге қауіп төніп тұрған көрінеді. Жақында қаңтар айының ортасында күннің сәл жылуы салдарынан Семей қаласының шеткі аудандарындағы жер үйлерді су басу қаупі туындаған еді. Өкінішке қарай жыл сайын мөлшерінен сәл артық түскен жаңбыр, қар сулары өңірлерімізді шаш етектен шығынға батыруда.
Былтыр көктемде табан астынан күн жылынып, Есіл өзенінің деңгейі 2 метрге дейін көтеріліп кетуі салдарынан теріскейдің бірқатар ауылдары су астында қалған еді. Тасқыннан әсіресе Петропавл маңындағы Заречный кентінің тұрғындары айтарлықтай зардап шекті. Елді мекенді жан-жағынан су басып, дүйім жұрт біршама уақыт өркениеттен қағылған еді. 2 апта бойы құтқарушылар арнайы техникалық көліктерімен көмекке келген болатын. Құзырлы мекеме өкілдерінің айтуынша, дәл сондай жағдайдың биыл да қайталануы мүмкін. «Қазгидрометтің» мамандары өткен күз мезгілінде жауын-шашынның мол жаууына байланысты қазір топырақ ылғал. Сондықтан еріген қар жерге сіңбей, жайылуы мүмкін. Далада қардың қалыңдығы 50 см дейін жетеді. Болжам бойынша, көктемде өңіріміздегі ең үлкен су қоймасы Сергеевкада судың көлемі 3 млн 300 мың текше метрге дейін артуы мүмкін. Ал орташа көрсеткіш -1,3 млн. Қыс соңына дейін қар әлі бірнеше рет жауады. Сондықтан қазір бірдеңені болжау қиын. Дегенмен қазірдің өзінде жауған қардың мөлшері былтырғыдан артық» дейді мамандар.
Осындайда еріксіз мұхиттың ортасында тұрып, теңіздің жағасына қоныстанбағанымызға шүкір дейсің. Қайбір жылы төтенше жағдайлар соңғы үш жылда елімізге тасқын судан келген материалдық залал 28 миллиард теңгеден астам қаржыны құрағанын жариялады. Аз шығын емес. Базбір елдер жаңбыр суы мен қар суын жинап, арнайы сүзгіден өткізу арқылы ауызсу тапшылығымен күресіп, әрі жаңбыр мен қарды өз игіліктеріне тиімді пайдаланып отырса, біз қар мен жаңбыр суының пайдасын емес, тек зиянын ғана көріп отырмыз. Жыл сайын судың тасуына да бой үйреніп алды, қар суына малшынып, жаңбыр суына шайылып отыра беру қанымызға сіңіп барады. Жасыратыны жоқ, бүгінде кейбір өңірлердегі су шайып кеткен мал шығынын да ешкім өндіріп беріп жатқан жоқ.
Атап айта кетерлік жайт, біздің елімізде су ресурстарына үнемшілдік жоққа тән. Қар суы мен жаңбыр суы түгілі, таза су қорындағы судың өзін қалай болса, солай пайдаланамыз. Әлі күнге дейін күнделікті тұрмысымызда таза ауызсу мен техникалық судың бөлінбеуі – осының айғағы. Көлік жуу орындарында көлік жуу үшін де, көшенің шаңын басу үшін де таза суды шашып, пайдаланып жатырмыз. Базбір елдер ауыл шаруашылығында қуаңшылықтың зардабын тартып, егістік суару кезінде де үнемшілдікке көшіп жатса, әлі күнге біз судың басын егістікке бұрып қойып, ернеуінен асыра суару әдісінен әлі өзгере алмай жүрміз. Мәселен, Израиль елі жайқалған егістікті тамшылатып суару әдісі арқылы қарапайым тәсілмен егілген көкөністен екі-үш есе артық өнім алуға болатынын дәлелдеп отыр. Мәселен, кәдімгі әдіс бойынша 1 гектардан 30 тонна өнім алынса, тамшылатып суару арқылы 60-100 тоннаға дейін көкөністі қамбаға жинап алуға болады екен. Шыны керек, суды ернеуінен асырып күні-түні суарып отырсақ та, біз әлі күнге өз елімізді өзіміз толықтай көкөніспен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Ал, Израиль елі табиғатының нашар болғанына қарамастан, тамшылатып суару әдісі арқылы мол өнім жинап, өнімдерін алыс-жақын шетелдерге шығаруда. Бір ғана Израиль елінде ғана емес, аталмыш әдіс дүниежүзінде көптеген елдерде қолданылып, тиімді нәтиже беруде. Әйтсе де, әлі күнге еліміз суды ысырап қолданудан гөрі, үнемдеп пайдаланылатын мақтаулы әдіске толық бет бұра алмай отыр.
Бүгінде әлем бойынша таза ауызсу тапшылығы үлкен мәселеге айналып отыр. Сондықтан кейбір елдер жаңбыр, қар суларын жинап, арнайы сүзгіден өткізу арқылы ауызсу ретінде пайдаланып отырса, баз бір елдер мұндай суларды арықтар арқылы суқоймаларға бағыттап, егістікті суаруға пайдалануда. Әйтеуір, зиянын емес, пайдасын көруге машықтануда. Мәселен, мексикалықтар «жұмыртқадан жүн қырқып», жаңбыр суын ауызсуға пайдалануда. Ол үшін еріктілерден құралған арнайы топ көмек көрсетуге де дайын екен. Бүгінде тұрғындар жаңбыр суын жинаудың жаңа әдістерін меңгеруде. Аталмыш шараны жүзеге асыру үшін Мексика билігі 7 миллион песо қаражат бөлген. Қазір 10 мың тұрғын үйге арнайы құрылғы орнатылған. Жаңа қондырғы жаңбыр суын жинап қана қоймай, оны сол бойда сүзгіден өткізіп тазартады. Бұл құрылғының тағы бір тиімді тұсы ол күннен қуат алып жұмыс істейді. Яғни табиғаттың берген суын құрылғы арқылы жинап, құрылғының өзін табиғаттың көмегімен жұмыс істетуге көшкен. Бүгінгі таңда Мексика тұрғындарының 40 пайызға жуығы ауызсу тапшылығын сезінеді екен. Әсіресе қуаңшылықтан ауыл шаруашылығының айтарлықтай зардап шегетінін ұққан ел суды барынша үнемдеп пайдаланып, тіпті жаңбырдың тамшысына дейін жинап, кәделеріне жаратудың түрлі жолдарын қарастыруда. Құптарлық жайт.
Ал біздің елімізде жыл өткен сайын ауызсу мөлшері азайып барады. Бұған дейін су ресурстарының көлемі 126 текше шақырымды құраса, қазір 100 текше шақырымға дейін азайған. Аз уақытта осынша су құртуымыздан-ақ суды қалай пайдаланатынымызды ұғуға болады. Су қорымыздың өзін осылай қолданып отырғанымызда, жаңбыр суы мен қар суын жинап, тиімді пайдалану туралы сөз қозғаудың өзі артық шығар. Бүгінде заман ағымына сай, суды сүзгіден өткізетін құрылғылар пайда болуда. Ендеше, мексикалықтар секілді қар суы мен жаңбырды жинап, сүзгіден өткізу арқылы ең болмаса бір жолғы тазартудан өткізіп, техникалық су ретінде көлік жуу орындарын қамтамасыз етуге болар еді. Су да – бір тілсіз жау. Оның тілін тауып, тиімді пайдаланудың жолын қарастырмасақ, зардабын тартып, келер шығын көлемі арта берері сөзсіз. Сондықтан жыл сайын беталды аққан судың шығынын көре бермей, өзіміз басқарып кәдемізге жаратуды меңгеруіміз керек. Дәл қазіргі таңда еліміздің ішкі су саясатындағы басты қағида суды үнемді әрі тиімді пайдалану болуы керек
Жалпы, бүгінде әлем бойынша «Судың да сұрауы бар» екенін ұғынып, түрлі үнемдеу жолдарын қарастырып жатыр. Жаңбыр суы болсын, қар суы болсын, мейлі ішуге жарамсыз су болса да суға деген көзқарасымызды өзгертетін кез жеткендей. Шыны керек, суқоймалар салып, еріген қар суы мен жауын-шашынды жинау түгіл, бүгінде қала ішіндегі арықтарды уақтылы тазалап, судың қала ішінде сақталмай ағып кетуіне жағдай жасай алмай отырғанымыз рас. Мамандар «суға деген осы көзқарасымызды өзгертпесек, су бағасы мұнаймен тең болатын күн де алыс емес» дейді. Еліміздің кейбір өңірлерінде қыста кісі бойы қар түсетінін ескерсек, оны Құдайдың өзі берген несібесі ретінде кәдемізге жаратуды ескеретін кез жеткен секілді. Сондықтан алдағы уақытта шетелдердің тиімді тәжірибесін өз тәжірибемізге енгізіп, көктемгі мезгілде еріген қар суының әбігерін емес, рақатын көрсек ұтылмасымыз анық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста