Бір ғана Әсеттің өзі соғыс тақырыбына 22 ән жазған ал біз оның бірін де білмейміз

Бір ғана Әсеттің өзі соғыс тақырыбына 22 ән жазған ал біз оның бірін де білмейміз

Соғыс тақырыбындағы әндер туралы әңгіме қозғала қалған бойда, негізінен, ойымызға Ұлы Отан соғысының эмблемасына айналған «Священная войнадан» бастап, «Катюша», «В землянке», «Синий платочек», «День Победы» сияқты атақты орыс әндері оралады. Ал майданда туған немесе соғыс тақырыбын арқау еткен қазақ әндерінен Р.Елебаевтың «Жас қазағы» мен М.Төлебаевтың «Кестелі орамалынан» басқасын біле бермейміз. Кейінгі жылдары туған әндерден «Әлия» мен «Соғыстан қайтқан солдаттар» ғана болмаса, өзгесі ел құлағына әлі сіңісті емес. Тіпті соған қарап, «ондай әндер бізде мүлде жоқтың қасы» деген түсінік тууы да ықтимал. Бірақ Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов ол ойдың негізсіз екендігін осыдан бірнеше күн бұрын өзі бас болып өткізген «Жеңіс пен махаббат әндері» арқылы дәлелдеп берді.

Осы концертте Әйткеш Толғанбаевтың «Түн сарыны», Ғали Әбеновтің «Жауынгер сағынышы», Мәлік Жаппасбаевтың «Сәлем», Смағұл Көмекбаевтың «Майданға» әндері мен М.Ибраевтың Бауыржан Момышұлының сөзіне жазылған «Аңсау» романсы сияқты бұрын-соңды ешкім естімеген 14 ән орындалды. Бәрінің нотасын іздеп тауып, өңдеп, орындаушыға ұсынған Нұрғали ағаның бұл орайдағы еңбегі, әрине, қандай марапатқа болсын лайық. Бірақ ол кісі мұны мақтан үшін емес, өзінің ұлтына, ұлттық өнеріне деген сүйіспеншіліктің нәтижесінде іске асырды. Бір әттеген-айы, қысқа хабар-ошар ғана берілгені болмаса, концертті таспаға жазып, теле-радио эфирлерінен күллі халыққа тарату жағына ешкім құлықты болған жоқ. Біздегі жағдай белгілі ғой, ол үшін ақы төленуі тиіс. «Мынау ұлтқа керек нәрсе екен. Мұны елге бірлесіп жеткізейік, бірігіп насихаттайық» деген түсінік болмаған жерде қандай құнды идеяның болсын тасада қала берері анық.

Нұрғали ағаның сөзіне сүйенсек, бір ғана Әсет Бейсеуовтің өзі соғыс тақырыбына арналған 22 ән жазыпты, ал Нұрғиса Тілендиевтің бұл тақырыптағы он шақты әні бар көрінеді. Сол сияқты Ә.Еспаев, С.Мұхамеджанов, Б.Байқадамов, Ш.Қалдаяқовтардың да бейбітшілік туын асқақтатуға үндейтін, өршіл рухтағы әндері қаншама! Ал осындай маңдайалды композиторларымыздың жан-жүрегінен төгілген ән-әуендердің намыс пен жігерді жанитын керемет дүниелер еместігіне немесе соғыс тақырыбындағы орыс әндерінен олқы екендігіне сіз сенесіз бе?.. Мұндағы мәселе – санамызға әбден сіңісті болған жат әндердің жетегінде жүріп, солардан бірде-бір кем түспейтін өз ән-әуендерімізді елемеуге дағдыланып кеткендігімізде және соны мін санамайтындығымызда. Әйтпесе әрбір Жеңіс мерекесін «Менің Мәншүгім», «Әлия», «Батыр Бауыржан», «Жас қазақ», «Дубосеково зиратында»,  «Болмасын, соғыс, болмасын», «Сөнбесін, әже, шырағың» әндерімен әрлесек, ұлтымыздың да, ұланымыздың да мерейін асқақтатпас па едік?..

Шын мәнісінде, майдан әндерін насихаттап, лайықты биігіне көтеру жас ұрпақтың патриоттық сезімін арттырып, отаншылдық рухын күшейту үшін де қажет. Сондай-ақ жылауық әндерден «ұнжырғасы» түсіп кеткен қазақ эстрадасының еңсесін тіктеу үшін де мұның көп септігі тиері анық...   

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста