Биоқалдықтар қайда кетеді?

www.funfactor.me

Адам ағзасына жасалған отадан кейін кесілген органның қайда кететінін көпшілік біле бермеуі мүмкін. Түрлі апаттардың салдарынан аяқ, қолынан айырылып, не болмаса бүйрегін тағы да басқа органдарын алдыратын жағдайлардың жиі болатыны рас. Медициналық қалдықтарды оның ішінде тканьдер мен ағзалардың биоқалдығын утилизациялау яғни, жою қауіпті класқа жатқызылады. «Алаш айнасы» осы бір қауіпті іс жайында мәселе көтереді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес Медициналық мекемелерде қалдықтарды сақтау, көму, жинау, транспортпен тасымалдау санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай жүргізілуі тиіс делінген. Биологиялық қалдықтарды ауруханалардан арнайы мекемелер алып кетеді. Алайда аяқ қол мәселесі қиындау. Сантитарлық жағынан емес, моральдық жағынан. Мұсылман халқының бұл жағына аса ыждағаттылықпен қарайтыны сөзсіз. Сұрау салған дәрігерлерімізден білгеніміз отадан кесілген аяқ қолдарды өздері-ақ көмуге сұрап алып кетеді екен. Бұл әрине, утилизаторларға сенбегендік емес. Онкологиялық ауруханаларда жылына аяқ, қол кесуге мәжбүрлейтін онға жуық операция орын алады екен. Оны қалдырып кетіп жатқан жан жоқ. Патолого-анатомиялық мекеме қызметкерлері де адамның дене мүшелерінің ішінде аяқ қолдардың мұнда жеткізілмейтіндігін айтады. Оны ауруханада науқастың туыстары алып кетеді екен. Арнайы молда шақыртып, зиратқа жерлейтіндер де бар. Егер де одан бас тартып жатса, онда оны утилизациямен айналысатын фирмаларға өткізіледі. Операциядан кейін кесілген мүше жайдан жай беріле салмайды. Әр ауруханада және патолого-анатомиялық мекемеде арнайы утилизациялық бөлме болады. Ол әлбетте кварцті шамдар және мұздатқышпен жабдықталады. Отадан кейін биоқалдықтар утилизаторлар келгенше арнайы қорапқа салынып, мұздатылады. Патолого-анатомиялық бюрода тканьдер біршама ұзақ уақыт сақталынады. Олар тез жойылуы тиіс қалдықтардың қатарына жатпайды. Ол архив болып есептеледі. Биоқалдықтар формалинде бес жыл, парафинді кесілген қалдықтар он жыл, онкологиялық қалдықтар ширек уақытқа дейін сақталынады. Себебі, қайта тексеру, сараптама жүргізілуі мүмкін. Архивте барлық алынған ағзаларды сақтау мүмкін емес, оның тек аз ғана бөлігі ғана қорғауға қойылады. Парафинді кесінділердің көлемі милиметрден де кішкентай болуы әбден ықтимал. Оның клеткаларын тек микроскоппен ғана көруге болады. Адам ағзасынан алынған биоқалдықтарды медициналық сараптаудан өткізетін аппараттардың барлығы дерлік шетелден әкелінген. Бүгінде медициналық биоқалдықтарды жоюмен айналысатын жеке фирмалар барлық аймақта бар. Олар алдын ала ауруханалармен келісімшартқа отырады. Осыған сай қызмет көрсетеді. Ол үшін заң талаптарына сай барлық құрал жабдықтармен жабдықталуы тиіс. Осы фирмалардың қызметкерлері кесілген қол аяқтарды науқастың туған туысқандарының қолына беруге мүлдем қарсы. Өйткені оны жерге көмген соң, тышқандар кеміріп жеуі мүмкін. Түрлі қауіпті індеттер тарау ықтималдығы басым. Қар, жауын жауғанда сумен бірге микробтар жер бетіне шығып, қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан да оны ауруханадан бірден қолға ұстатып жіберуге мүлдем қарсы. Ал, ондай шектеу қоятындай заң әзірге жоқ. Сондықтан да дәрігерлер сұрағандардан бас тарта алмаймыз деп отыр. Сонда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Негізі утилизаторлар барлық қалдықтарды 1 200 градуста өртейді. Одан қалған күлді осыншама градустан асырып тағы да қыздырады. Одан кейін арнайы машинада содамен араластырып жуады. Содан кейін ғана ол қауіпсіз болып есептеледі. 100 келі медициналық қалдықтан небәрі 6 келі ғана күл қалады. Оны қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына апарып көмеді. Бүгінде ең қауіпсіз жол осы болып саналады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста