Білім мен тәрбие егіз болуы тиіс
Мұғалім – білім беруші ғана емес, сонымен қатар студенттерді болашақ өмірге бағыттаушы, тәрбиеші. Әрбір жасөспірім тұлға болып қалыптасуы үшін біліммен қоса тәрбие қажет. Қоғамның дамуында білімді және тәрбиелі ұрпақтың алар орны ерекше. Өйткені жастар қоғам дамуының локомативі, қозғаушы күші. Елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуы білімді де тәрбиелі жастармен тікелей байланысты.
Бүгінгі дамығын технологияны тізгіндеу үшін білім керек. Ал сол білімді дұрыс бағытқа жұмылдыру үшін тәрбие қажет. Жоғарғы оқу орнын бітірген әрбір жас бойына құқықтық сауаттылықты, көшбасшылық қасиетті сіңірген білікті маман болып шығуы тиіс. Ол үшін бала талапты да тәрбиелі болуы керек. Сондықтан білім мен тәрбиені егіз деп қараған абазал.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та болашақ жастардың қолында екенін үнемі айтып келеді. Студенттер тәрбиесі ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауында және мемлекеттік бағдарламаларда көрініс табауып отыр.
Мемлекет тарапынан жастарға білім және тәрбие беруде бірқатар консепциялар бекітілген. Нақты айтқанда, ҚР этномәдениетінің концепциясы, мемлекеттік жастар саясатының концепциясы, ҚР білім беру саясатының негізінде адами-жыныстық концепциясы, ҚР гуманитарлық білім беру концепциясы, ҚР мемлекетінің кешенді жоспарында ҚР мемлекетінің жастарын патриоттық рухта тәрбиелеу және т.б.
Концепцияның міндеттері:
- өскелең ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңыздылығы мен келешегі бар екендігін қоғамның түсінуіне көмектесу;
- тәрбиелеу міндетін жүзеге асыру бойынша интеллектуалды, ұйымдастырушы-педогогикалық, кадрлық, экономикалық, әдістемелік және т.б. ресурстарды топтау;
- әр түрлі әлеуметтік топтарда өзара әрекетті басқара білетін және ұйым қызметінде жетекші ролді ала отырып жауапты шешім қабылдай алатын жастардан ерікті тұлға бола білу талабын қалыптастыру үшін ашық ақпараттық, білім беру, іс-әрекеттік және коммуникативті әлеуметтік орта қалыптастыру;
- жастардың рухани, интеллектуалды өмірі, өзінің денсаулығы мен жарқын өмірі үшін әлеуметтік құзіреттілігі мен жауапкершілігін арттыруды ұйымдастыру жағдайын жасау;
- жастардың қоршаған ортаға, қоғамға және табиғатқа деген позитивті көзқарасын қалыптастыруға көмектесетін әлеуметтік-педогогикалық жағдай жасау;
- тұлғаның кәсіби және жан-жақты қалыптасуы үшін жағдай жасау, өз білімін өмір бойы жетілдіруге деген қажеттілігін қалыптастыру;
Аталмыш талаптар студенттерді тәрбиелеудің қазіргі заманғы әлеуметтік тапсырысын көрсетеді, осы концепция үшін негіз болып табылады және қағидалары мен басым бағыттарын анықтайды.
Біз, мұғалімдер де студенттер тәрбиесіне аса көңіл бөлуіміз керек. Бұл тұста бар мүмкіншілікті еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, заңды сауатты, жауапты, өз жұмысын жақсы білетін, бар жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті қызметкер, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, азаматтарды, еліміздің нағыз патриоттарын дайындауға жұмсауымыз қажет.
Жастар тәрбиесіндегі негігі бағыттардың бірі – шығармашылық. Шығармашылық қоғамдық өмір, қоғамдық сана өзгерген жағдайда негізгі мағынаға ие болады, адам шығармашылық жұмыспен айналысқан кезде ғана басында тың ойлар, жаңа идеялар, түрлі стереотиптер, жаңа өмірге деген көзқарас пайда болады. Жастар шығармашылығына терең үңілу, әр жас – шығармашылық жұмыстың қажеттілігін сезу, түсіну, білу шарт және оны алдына үлкен мақсат етіп қою қажет.
Джунусова Салтанат, Токжанова Күлжан ҚазҰТУ-дің аға мұғалімі