Белгілі қаламгер тоқалдарды "тоқал" деп атамауды сұрады

Белгілі қаламгер Жұма-Назар Сомжүрек өзінің Facebook желісіндегі парақшасында тоқалдарды "тоқал" деп атауды көргенсіздікке балады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
"Әлеуметтік желіде тоқал мәселесі жиі-жиі сөз болуда... Басқа да талқылауларда бәрі де бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, таңдайлары «тоқал, тоқал»деп тақылдайды", - деп жазды ақын.

Оның сөзіне сенсек, қазақтар екінші жарына тоқал деп тіке айтпаған.

"Бұрын өзге де мұсылман елдеріндегідей қазақ ерлерінің бірнеше әйелдері болған. Олардың үлкенін бәйбіше, кішісін « кішіжар» деп атаған. Оған құда түсуге барғанда қыздың әке-шешесіне «қызыңызды тоқалдыққа сұрай келдік» деп анайы сөз айтпаған, «кішілікке сұрай келдік» деп, сыпайылап, мәдениетті тілде айтқан", - деп жалғастырды автор.

Сомжүректің айтуынша, тоқал сөзін қызғаншақ бәйбішелер ойлап тапқан.

"Тоқал деген сөзді қызғаншақ бәйбішелер мен қалжақбас қайнылары шығарған. Ол заманның зиялы азаматтары мен көргенді қариялары тоқал деп кішіжарды кемсітпеген. Кішіжарды тоқал деу көргенсіздік саналған. Мысалы, Әйгерімді Абайдың тоқалы деп оның аяулы бейнесіне көлеңке түсірдік пе? Жоқ. Ал енді мына заманда, мәдениетті деп саналатын заманда тоқал, тоқал, деп қақылдайтын болыппыз. Бүкіл баспасөзде, әлеуметтік желілерде солай деп шуылдауын қоймайды. Бұл неткен көргенсіздік десейші!", - деп ашуланды қаламгер.

Танымал ақынның пікірінше, кішіжар алғанның еш сорақылығы жоқ.

"Қазір екінші әйел алу заңдастырылмаса да, тыйым салынбайды. Сол себепті мешітке барып, некеге отырып, бәйбішелерінің келісімімен кішіжар алған ерлер жүздеп, мыңдап саналады. Бір ғана мысал келтірейік. Сидней олимпиадасының бокстан күміс жүлдегері атақты батырымыз Мұхтархан Ділдәбеков тұрмыста да батылдық жасап, Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының бастығы Альбинаға Шымкенттегі «Манчестер» мейрамханасында дүрілдетіп той жасап үйленді. Сол тойда кішіжардың басына орамалды бәйбішесінің өзі салған. Міне нағыз қазақы мәрттік деп осыны айтсақ керек. Ешкім де мұны сорақы көріп жағасын ұстаған жоқ", - деп мысал келтірді ол.

Қаламгер өз күйеуіне кішіжар іздеген келіншектердің де ісін құп көреді.

"Ал мынау әлеуметтік желіден алған мақала тақырыбында Гауһардың өз күйеуіне кішіжар іздегенін сұмдық көріп, жұрттың жағасын ұстатты деп жазыпты. Бұрын бәйбішелер күйеулеріне кішіжарды өздері іздеп таңдаған. Өйткені екеуінің сыйласып, тату өмір сүрулері үшін солай ету қажет болған. Гауһар, тіпті, кастинг жариялапты. Өте дұрыс істеген. Және өте ақылды сөздер айтыпты", - деп ойымен бөлісті ақын.
 nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста