Бекболат Тілеухан ел алдына шықты

Ел арасында Мәжілістің бұрынғы депутаты Бекболат Тілеуханға қатысты алып-қашпа әңгімелер желдей ескен еді. Кеше оның өзі республикалық телеарналарға соңғы оқиғаларға байланысты сұхбат берді, деп хабарлады turkystan.kz.

 

Далада сұхбат беріп тұрған сәтін экс-депутат өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады.

 

«Отыз жылдық төл тарихымызда осындай қиын, ауқымды әрі күрделі сынаққа тұңғыш рет бетпе-бет келдік. Тағдырдың талай тезінен өткен еліміз бұл сындарлы кезеңнен де сынып қалмай өте білді. Қауіптің бұлты сейілді, күрделі күндер артта қалды. Ендігі біздің темірқазық етіп, бұлжымас қағида қылатынымыз – береке-бірлік, тыныштық пен тұрақтылықтың қадірін біліп, сақтауымыз. Тәуелсіздік – біздің басты байлығымыз. Өткеннен өнеге, сынақтардан сабақ алайық. Ең бастысы – енді мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз» деп жазды Бекболат Тілеухан.

 

Ал кеше ғана ҚазТАГ агенттігіне шенеуніктің туыстары: «Ол Меккеде, Сауд Арабиясы Корольдігінде орналасқан», – деп жауап беріпті.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста