«Бейбітшілік мұражайы» – Семейдің символы

Семей атом полигоны ешкімнің басына тілемейтін қасірет ізі болып адамзат тарихында қалғаны мәлім. Елбасы Н.Назарбаевтың пәрменімен 1991 жылдан бері тынысы тоқтап, атомның аранына құм құйылса да оның ұрпақтар санасынан ұмытылуы мүмкін емес.
Сол себептен де бұл күнде бейбітшілікке бет бұрған Тәуелсіз Қазақстанның ұста­ны­мы да дүниежүзіне біртіндеп айқындалып келеді: кезінде полигон ошағы болған Семей ендігі уақытта татулық пен тыныш­тық­тың алтын бесігіне айналуы тиіс. Оның бірден-бір мысалын облыс әкімінің ұсы­нысы бойынша қала басшысы Айбек Кәрімовтің бастамасымен Полковничий аралынан бой көтеретін «Бейбітшілік мұра­жайы» мемориалды кешенінен көретін бо­ла­мыз. Ашығын айтқан жөн, соның ар­қа­сында адам аяғы сирек баратын арал­дың ажары еніп, біртіндеп бүкіл қаланың бір­ден бір беткеұстар нысаны болатыны көрініп тұр. Оған Семей қалалық құрылыс және сәулет басқармасының Полковничий аралында өткізген баспасөз мәслихатында тағы да көз жеткіздік.
Ауызекі сөзде «Түйемойнақ аралы» деген атаумен қалған бұл жердің кезінде Алаш қайраткерлерінің бас қосып, серуен құратын мәдениет ошағы болғанын да ешкім жоққа шығара алмасы анық. Қазақ әде­биетінің көрнекті өкілі, ұлтымыздың бес арысының бірі Ж.Аймауытовтың ән ата­сы Әміре жайында жазған «Әнші» әңгі­ме­сіне арқау еткен Түйемойнақ аралының бүгінгі келбеті тіптен өзгеше. Ресми атауы «Полковничий аралы» болғанымен, Семейдің символы екендігін айқындайтын мекенде көзге түсер екі-ақ нысан бар десек, артық айтқандық емес. Бірі – Биологиялық орталық, екіншісі – «Өлімнен де күшті» мо­ну­менті. Кейінгісі – тілімізге тиек еткен «Бей­бітшілік мұражайы» мемориалды кешеніндегі басты нысан.
Баспасөз мәслихатында келешекте салы­натын мемориалды кешен жайында әңгімелеген сәулетші Асхат Бәкіровтің айтуынша, қазіргі қолға алынған жұмыстар кезінде Шот-Аман Уәлихановтың Семей атом полигоны құрбандарына арнаған «Өлімнен де күшті» монументінің жалғасы болып табылады. «Бейбітшілік мұражайы» мемориалды кешені 20 қажетті нүкте­лер­ден тұрады. Оның қатарында автокөлік тұра­ғы, кіреберіс қақпа, демалыс алаң­қайы, этноауыл, «Жайлау» қымызханасы тағы да басқа көпшілік демалысын қам­та­ма­сыз ететін қажеттіліктер бар. Ал бес қабаттан тұратын жер шары формасындағы «Бейбітшілік мұражайы» «Өлімнен де күшті» монументінің қарама-қарсысына орналасады. Мақсат – кешендегі жолдың сол жағындағы қара түсті «Өлімнен де күшті» монументі күні кешегі атом поли­го­нының қайғылы кезеңін еске түсірсе, оң жақ­тан көз тартатын «Бейбітшілік мұра­жайы» бүгінгі Қазақстанның бүкіл әлемді тыныштық пен татулыққа шақыратын сим­во­лы екендігін көрсету. Сондай-ақ жолдың турасындағы жеті қарлығаш дөңгелене бейнеленген «Бейбітшілік» стелласы кен сахнасы, Елбасы Н.Назарбаевтың Семей атом полигонын жабу жөніндегі Жарлығы бедерленген кітаптың түсінген жанға артар салмағы зор.
Ал жетекшісі қала әкімі Айбек Мүта­лап­хан­ұлы болып табылатын «Бейбітшілік мұражайы» – семейлік сәулетшілерден құрал­ған шығармашылық топ мүшелері Қал­дыбек Қоқиланов, сәулетшілер Ер­кін Мұхамадиев, Асхат Бәкіровтердің же­міс­ті еңбегінің нәтижесі. Аралдың ажарын енгізетін бес қабатты «Бейбітшілік мұра­жайында» Семей полигоны тақырыбында салған суретшілер туындылары қойылған көр­ме, ескерткіш символдар сатылатын сауда нүктелері, шағын кинотеатр, қыс­қа­сы, келушілердің еркін демалуына мүм­кін­дік беретін жайлардың бәрі-бәрі қарас­ты­рыл­мақ. Мұражайдың ені – 24, биіктігі – 36 метр.
Асхат БӘКІРОВ, сәулетші:
– Астана дегенде, «Бәйтерек» қалай бірден ойға оралса, келешекте Семейді айтқанда арал, соның ішінде «Бей­біт­ші­лік мұражайы» да қызықтыра түсетін нысанға айналғаны жөн. Алдағы тамыз айында Семейде өтетін форум кезінде мұражай іргетасы қаланатын болады. Қаржы республикалық бюджеттен бөлі­неді. Есесіне, сол арқылы қаланың да негізгі имиджі қалыптасады деуге толық­тай негіз бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста