Боксшы Бейбіт Шүменовтың даулы ісіне байланысты елордалық полицейлер жазаланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Қызметтік тексерістен кейін Есіл ауданы полиция басқармасы басшының орынбасары және учаскелік инспектор қызметінен босатылды.
Тағы бірнеше полицейге сөгіс жарияланып, ескерту берілді.
Еске салайық, Шүменовке қазір мемлекетаралық іздеу жарияланды.
Ол 18 маусым күні ойын-сауық орталығында, қолына бала ұстаған ер адамды ұрып-соққаны бейнеқабылау камерасына жазылып қалған болатын.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz