Басшылықтың былығын ашқаным үшін "жезөкше" атандым: Жамбылдық ұстаз

NUR.KZ порталының редакциясына хабарласқан Жамбыл облыстық "Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының" мұғалімі жанайқайын жеткізді. Аталған мекемеде 20 жылдан астам уақыт қызмет еткен педагог өзіне жасалған бар әділетсіздікті жайып салды.

Айнұр Оразалиеваның айтуынша, мектеп басшылығы сыбайлас жемқорлықпен ашық түрде айналысады. Ашынған ұстаз мекеме басшылығының былығына көз жұма қараудан шаршап, жергілікті билік өкілдерінің табалдырығын тоздырып жүр.

"Мектеп-интернатта қудалау, жемқорлық, заңсыз әрекеттер өте көп. Бұл мектепте 1997 жылдан бері істеп жүрмін. Бұл жерге бастықтар өздерінің адамдарын алуға тырысады. Екі-үш жыл бұрын бізге Шилтаева Назира деген директор келді. Ол - облыстық білім беру басқармасының бұрынғы басшысының жақын танысы. Директордың түзету мекемсінде жұмыс істейтіндей білімі мен тәжірибесі жоқ. Біз арнайы мектеп-интернат болғаннан кейін, мұнда кәсіби мамандар жұмыс істеуі заңды. Бұл кісі біздің саланы мүлде түсінбейді. Келіп, бәрін былықтырды. Өзінің таныс-тамырларын жұмысқа алу үшін сыныптарды үйіп ашып тастады. Сыныптағы балалардың көбі сәйкес диагнозбен отырған жоқ. Үйінде, ата-анасының қарауында зейнетақы алып отыратын балаларды облыстық білім басқармасымен келісіп, бізге алып келген. Оқу бағдарламасы бір бөлек, балалардың диагнозы бір бөлек. Балаларға сабақ беру мүмкін емес. Сондай-ақ, қазақ балаларын орыс сыныбында бекерге отырғызып қойған. Мектепте қағаз жүзінде жұмыс істеп, бірақ іс жүзінде жоқ адамдар бар", - дейді педагог.

Қазіргі таңда мұғалім мектеп басшылығымен соттасып жатыр. Олардың арасындағы дау мұғалімнің кезекті аттестациядан өту кезінде басталған. Оның айтуынша, қудалау әлі күнге жалғасып келеді.

"Біз бес жыл сайын аттестациядан өтеміз. Маған жоғары категориямды растау керек болған. Мектеп басшылығы маған "аттестация парағын өзің толтыр" деген талап қойды. Оны негізінде оқу ісінің меңгерушісі толтыруы тиіс. Себебі, мен өзім туралы мақтап жаза алмаймын. Маған сол аттестациялық парақты толтыр деп қоймағаннан кейін, оның ережесін білейін деп Білім министрлігінің сенім телефонына хабарласып едім, басым бәлеге қалды", - дейді Айнұр Оразалиева.

Білім министрлігіне телефон шалған ұстаздың айтуынша, оны осы әрекеті үшін мектеп директоры облыстық білім басқармасына дейін апарып, қудалаған.

"Мені директорымыз облыстық білім басқармасына апарды. Онда сөмкеме дейін тексеріп, телефонымды өшірткізіп кіргізді. Ол жерде әдіскер, облыстық білім басқармасының басшысы мен оның бірінші орынбасары және мектеп директоры төртеуі төрт жағымнан ауыздарына келгенін айтып, балағаттады. Мен оны қазір дәлелдей алмаймын, өйткені кірерде телефонымды, сөмкемді алып қалды. Сол жерде екі сағат жылатты", - дейді ол.

Құқығын өз бетімен қорғауға бел шеше кіріскен Айнұрдың бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Ол Жамбыл облыстық білім саласындағы бақылау департаментіне шағымданды. Оның арызына сәйкес, мектеп-интернатқа жоспардан тыс тексеріс жүргізу кезінде бірнеше заң бұзушылық фактілері анықталған.

Алайда, Айнұрдың айтуынша, бұл істі жоғарыдағы тамыр-таныстарына сүйенген мектеп директоры жауып тастаған.

"Осыдан кейін менен мектеп басшылығы кешірім сұрады. Кешірімін бергенім сол еді, биыл маған қайта тиісе бастады. Директордың орынбасары маған тыныштық бермеді, мені "жезөкше" деп балағаттады. Мен сол күні есімнен танып, жедел жәрдем шақырттым. Уайымнан шашым ойылып түсіп, екі аяғымнан жүре алмай әбден қорлық көрдім", - дейді педагог.

Айнұр Оразалиева Нұр Отан партиясының да есігін қаққан. Тіпті, орайы келіп, Білім және ғылым министрінің орынбасары Асланбек Амринмен де жолықты. Мұғалімнің сөзінше, вице-министр оған қолында ешқандай құзыреттілік жоқ екенін ашық айтқан.

Осы орайда мектеп-интернаттың ұстазы облыс әкімі Кәрім Көкрекбаевтың қабылдауында болғанын алға тартады. Оның сөзінше, білдей бір облыс басшысының аталмыш мекемені тексеру туралы тапсырмасы білім басқармасынан әрі аспай, аяқсыз қалған.

"Әкім маған "мәселені шешеміз, есігім кез келген уақытта ашық" деп уәде етті. Бірақ, содан бері оның қабылдауына кіре алмай жүрмін", - дейді ұстаз.

Аталған фактілер дәлелденбеді деген сөзді желеу еткен мектеп-интернат басшылығы Айнұрды сотқа берді.

Шарасыз халге түскен маман облыс әкімі мен қалың бұқарадан араша сұрады. Оның бар тілегі- облыс басшысына жанайқайын жеткізу.

NUR.KZ порталы жергілікті әкімдікке осы жағдайдан қаншалықты хабардар екенін сұрап, арнайы хат жолдады. Әкімдік тиісті жауапты алдағы уақытта беруге уәде етті. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста