Балықты Балтықтан тасып жей береміз бе?

Қарағандыдағы кез келген азық-түлік дүкеніне кірсеңіз, сөреде сыңсыған тағамдар арасынан Балтық жағалауынан, алыс-жақын шетелдерден әкелінген балық консервілерін бірден аңғарасыз. Тек Қарағанды ғана емес, өзге қалаларда да солай болуы керек. Тіпті «қырында киік, ойында балық жайлаған» дейтін Балқаш қаласында да Балтық елдерінің қалбырланған балықтары дүкен сөрелерін жаулап алған. Сонда біздің судың балықтары базардан дүкенге, қармақтан қалбырға көшсе, жеуге жарамсыз боп қала ма, әлде Қазақстанда қалбыр шығарылмай ма? Шынтуайтында, Қазақстан қақталған қаңылтыр мен бапталған балық шығару жағынан мұхит жағалауындағы елдермен салыстырмасақ та, көрші маңдағы қоңсы жұрттан кем емес екені анық. Алайда...

Жақында Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Киров өндірістік кооперативінің басшылығы балық шаруашылығымен түбегейлі айналыса бастайтыны туралы ақпарат таратты. Кировтың атын әлі қимай отырған кооперативті қарағандылықтар картоп өсіруде аймақта алдына жан салмай келе жатқан ірі шаруашылық деп танитын. Өздеріне қарасты Қызыл жар, Красная Нива атты шағын суқоймаларға соңғы жылдары тұқы тұқымдас балықтың 700 мың шабағын жіберіп, қолдан өсіріп келе жатқан шаруашылық балықтарды аулауға болатынын жария етіп отыр. Аталмыш кооперативтің балық өсірушілері тұқының өскен тұқымы қазір 2-3 келі басатынын, сондай-ақ табиғи өсім мен ішкі тазалықты тұрақтандыру үшін суқоймаларға ірі шортандар жіберілгенін айтады. Ал үш жылда үш келі тартқан балықты аталмыш кооператив басшылығы көктемгі егіс науқанында өздеріне қарасты егіншілердің асханасына тегін тамақ ретінде үлестіретінін айтады.
Мысал ретінде балық өсірумен енді ғана айна­лы­сып жатқан шаруашылықты алғанымыздың өзі­нен-ақ, бұл шаруашылықтың балықты картоп өсіретін диқандарға тегін тамақ ретінде үлестіргісі кеп отырғанынан-ақ біздің балықтың қадірі қай шамада екенін аңғаруға болады. Шындығында, қырдың қазағының қазанында былқыған марқа еті мен соғымның шетінен кертіп салынған ет жатпаса, балыққа қарын тойғыза алмайтыны анық. Бірақ солайы солай екен деп, тағамдық құрамы пайдалы дәрумендер мен қазақтың ағзасына қажет йод, те­мір тәріздес көптеген керекті түзілістерден тұратын балықтан неге бас тартамыз?
Мысалды былай қоя тұрып, 2006 жылдың 6 қазаны күні сол кездегі Үкімет қабылдаған «Қа­зақ­с­тан Республикасының 2007-2015 жылдар­ға ар­нал­ған балық шаруашылығын дамыту концеп­ция­сын» оқып көрелік. Бұл құжатқа сенсек (сенбей кө­ріңіз), Қазақстанға әлемнің 43 елінен балық та­ғам­­дары тұрақты жеткізіледі екен. Осыдан жеті жыл бұрын шетелден 41,9 мың тонна балық әкеп, ол үшін 23,3 миллион АҚШ долларын шығындап­пыз! 2005 жылғы көрсеткіш осындай болғанда, жағ­­дай түзелді делінетін қазіргі халіміз қандай екен?!
Керекті деректі табармыз деген үмітпен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің ресми сайтына (www.fisherycom.gov.kz) бас сұққанбыз. Ресми сайт болған соң, элек­тронды үкімет құру туралы пәрменді науқанның бел ортасында шығар деп ойлағанымыз анық. Өкі­ніш­­ке қарай, сайттан екі-үш жыл бұрынғы ақ­па­рат­тар мен балық аулауға тыйым салу мерзімдері ту­ра­лы жария бұйрықтардан өзге ештеңе тап­па­дық.
Тыйымдар мен толық ақпараттық ты­ныш­тық жариялап отырған сайт шетелден балық тасымалдайтын кә­сіп­керлер жағында тәрізді. Әйтпесе балық өсіру жайы, балық өнімдері, су айдындары, балық шаруашы­лық­тары туралы ақпарат неге ұсынбайды? Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтына ау салсаңыз да, балық ша­руа­шылығы туралы ақпарат таба алмайсыз...
Ресми деректерге сүйенсек, Қа­зақ­станда балық шаруашылығы жүр­гі­зілетін 1400 өзен-көл бар екен. Ал жоғарыда келтірілген концепция мен ғылыми зерттеулерге сүйенсек, бір адам бір жыл ішінде кем дегенде 14,6 келі балық тағамын тұтынуы қажет-дүр. Егер 14,6 келі көрсеткішті Қазақ­стан халқының жалпы санына көбейт­сек, біз жылына кем дегенде 220 мың тонна балық тағамдарын тұтынуымыз керек екен. Өкінішке қарай, Қазақ­стандағы суқойма­лар­дан мұнша ба­лық аулау мүмкін емес. Оның сыртында, елімізде қазір ба­лық­тың 18 түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Бұған қазақ сахарасындағы айдынды су қорла­рының жартысына жуығы суды көрші елдерден ағып келетін өзендер ар­қылы құрайтынын қоссақ, елімізде балық шаруашы­лы­ғының дамуы тым күрделеніп кеткенін аңғару қиын емес. Бірақ жағдай осылай екен деп, шетел­дің балығына тамсанып отыра беруге болмайтын шығар?
Тығырықтан шығатын бір ғана жол: балық шаруашылығын алға бас­тыру қажет-ақ. Ал балық консервісін шы­ғару үшін қаңылтыр қалбыр жасау екінші кезекте қалатын тәрізді...

Дерек-дәйек
• Қазіргі таңда су айдындарында балық шаруашылығын үздік үлгіде жолға қойған ел – Қытай. Қытайда жылына 43 миллион тонна балық ауланады.
• Қазақстанда 48 262 көл, 40 мыңға тарта өзен бар.
• Елімізде қазір бір адам бір жылда 5,2 келі балық тағамын тұтынады екен.
Балық тағамдарын тұтынудың адам басына шаққандағы жылдық көрсеткіші: Ресей­де – 13,1 келі, АҚШ-та – 23 келі, Жапонияда – 65 келі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста