Балқашты сақтау үшін атом емес, жел стансысы қажет

Балқаш көлі бүгінде ерекше күтімді қажет етеді. Егер көлге қамқорлық жасалмаса, ертең Арал теңізінің кебін киіп кетуі бек мүмкін. Бұл орайда көлде атом стансысын салудың ешқандай қажеті жоқ. Бұл туралы кеше Алматыда өткен баспасөз бри­финг­інде «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов мәлім етті.
«Табиғат» экологиялық одағының бас­шы­сы көлде атом электр стансысын салуға қарсы екендігін айтты. Оның сөзіне қара­ғанда, бұл жоспар бойынша халықтың денсаулығы, көлдің тазалығы ескерілмеген. «Егер біз бұл жерге атом электр стансысын салатын болсақ, Балқаш көлі Арал теңізінің кебін киіп кетуі мүмкін. Біз керісінше, оны таза­лық айлағына айналдыруға күш жұмсауымыз қажет. Мен бірнеше жылдан бері бұл мәсе­лені көтеріп келемін»,– деді М.Елеусізов. Табиғат жанашыры атом стан­сы­сының ор­ны­на бірнеше жел стансысын салуға бола­тынын айтады. Көрші Қытайдың өзінде мұн­дай стансылар көп. Ал Қазақстан­да соң­ғы 20 жылда бірде-бір жел стансысы салынбаған екен. М.Елеусізов сондай-ақ  соңғы бірнеше жыл бойы аталған одақ Балқашқа «Желкенді регата» атты шара ұйымдастырып жүргенін айтты. Оған тек Қазақстан ғана емес, көрші Ресей, Украина сынды елдерден де азаматтар келеді. Рега­таның мақсаты – Балқаш көлін түрлі зиянды жобалардан сақтап қалу. «Бұл біздің дәстүр­лі шарамызға айналды. Мұндай туризм түрі тіпті халықаралық сипат алып келеді»,– деді одақ төрағасы.
 Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы:
– Бұл мәселені мен бұрыннан көтеріп жүрмін. Бізге ешқандай атом стансысы­ның керегі жоқ. Стансының үлкен зар­дап­тары болады. Уранды тапқаннан бастап оның қалдықтары, ауаға шыға­ра­тын улы заттары – бәрі табиғатымызға кері әсерін тигізеді. Бұл – өте қымбат жоба. Бірақ 30-40 жылдан кейін оны тоқтатуға тура келеді. Реактор жұмыс істесе, онда адамдардың еңбек етуіне мүмкіндік болмай қалады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста