Балаңыздың «нянясы» кім?

Балаңыздың «нянясы» кім?

Шетелдерде адамдарды арнайы жеке бала күтуші мамандығына даярлайды дегенді естуіміз бар. Бізде ше? Мектепке дейінгі бала тәрбиешісі мамандығы болғанымен, жеке бала күтуші мамандығы жоқ. Десек те, жұмыссыздық, балабақшалардың жетіспеушілігі секілді қиындықтар бұл «дипломсыз» мамандық иелерін, бүгінгі тілмен айтқанда «нянялардың» санын арттыруға себеп болып отыр. Жалақысы ата-ана мен бала күтушінің келісімі негізінде құралады. Бірақ арада ешқандай да құжат рәсімделмейді. Барлығы да жабайы түрде, қаржыны қолма-қол беру арқылы жүргізіледі.
Бүгінде бала күтушіге деген сұраныс көп екені шындық. Ал оларға сенім артуға бола ма, бала күтушіні қалай таңдайсыз? Осы тақырып төңірегінде бірнеше адам­дарға сұрау салған едік.
Гүлжамал ТҰРҒЫНБАЙҚЫЗЫ, медбике, декреттік демалыстағы ана:
– Біздің отбасы құрған кезіміз еліміздегі экономикалық қиын жағ­даймен тұспа-тұс келді. Жарытымды жалақы, тұрақты табыс жоқ кезең еді ғой. Сол себепті де бала күтуші қыз­метіне мәжбүрлікті сезіндік. Бі­рақ бауыр етің  – балаңды бейтаныс біреу­дің тәрбиелегенін қаламадық. Біз үшін бала тәрбиесі – ең маңызды мақсат­тары­мыздың бірі. Теледидардан Шым­кентте болған мы­надай оқиғаны көргенім бар. Бала күтуші жалдаған отбасының соңғы кездері үйінен ақша жоғалатын әдет пайда болған. Әрине, күдік бала күтушіге ауады. Бірақ ұс­талмаған ұры емес қой. Содан кейін ерлі-зайыпты екеуі ақылдасып, қаржы поли­циясы қызметкерлерінің көмегіне жүгінуді ойлайды. Олар мән-жайды анық­тау үшін үйге бейнебақылау ор­нат­қан. Сол бейне­бақылауға жазылған көріністі теле­ди­дардан көрсеткенде еріксіз жағамызды ұстадық. Кішкене ғана сәбиді қолтығына қалай болса солай қыстырып алған «няня» күнін үйді тіміскілеумен өткізеді екен. Жы­лаған нәрестені сабап алады. Үйден ақша ұрлағаны анық жа­зылып қалыпты. Осын­дай оқиғаны көріп отырып, бала­ңызды қалайша бейтаныс күтушінің қолына тапсыруға болады?
Қазіргі таңда елімізде бала күтушілерге деген сұраныстың жоғары екендігі анық­талып отыр. Осы орайда баласын күтушіге беретін ата-ана мен бала күтуші арасына шетелдегідей арнайы агенттік құрып, жұмыстарын заңдастыру керектігі сезіледі. Ол агенттік бала күтуші мамандар жайында жан-жақты мәлімет бере алуы қажет. Мә­се­лен, «няня» бірінші кезекте өз ұл-қыз­дарын тәрбиелеген ана, бала күтудегі көп жылғы еңбек өтілі бар тәжірибелі маман болуы тиіс. Психикасын, соттылы­ғын анықтайтын анықтама мен алкоголь мен есірткіге тәуелсіздігін, жұқпалы және басқа да қауіпті аурулармен ауырмай­тындығын растайтын арнайы медициналық анықта­масы болуы шарт. Әйтпесе, бейта­ныс жанның бұрынғы өткен өмірбаянын, немен ауыратындығын, мінезі, тазалығы қандай екенін қайдан білуге болады? Жүйке ауытқушылығы бар адамдар бала­ның жылағанына шыдай алмай, оған не істеп қоятынын кім біледі? Ал ол бұрын түрмеде отырып шыққан болса ше? Осының барлығын алақаныңа салғандай етіп бе­ретін агенттік өз адамының сапалы жұмы­сына кепілдік беріп отырса, сол агенттікпен келісімшартқа отыру арқылы бала күтуші жалдауға болатын сияқты. Ал бізде дәл қазір мұндай қызмет түрі бар ма? Үлкен қалаларда бар дегенді естиміз, бірақ бірен-саран жеке агенттіктер көрі­неді. Алайда оның жұмыс істейтінінен көпшілік ата-аналар бейхабар. Сол себепті бала күтушіге деген мәжбүрлік болса да оны іздеуге көбі қорқады.
Мырзабек САРЫБАЕВ, Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ орталық жетекшісі:
– Бала бағу – өте жауапты іс. Бала күту­шіге қойылар талап жоғары. Ол  ақыл-ой­ды дамытатын түрлі ойындар, есеп­тер, тақ­пақ­тар білуі керек. Оның міндеті балаға тек тамағын беріп, аулада серуендету емес. Мәселен, менің немеремді бала кү­тушіге тапсыратын болса міндетті түрде біліміне, ой-өрісіне, мамандығына, тәжі­рибесіне, мінезіне, тазалығына мән беріп, ол жайлы мәліметтерді бүге-шігесіне дейін сұрап аламын. Бала қарау үшін жан-жақты дайын болу керек. Тіпті бүгінде олардың шеттілін білетіндігіне де қатты мән беріліп жатыр. Тұрмыс деңгейі жақсы отбасы иелері арасында қазір осындай білімді де білікті жеке бала күтушінің қызметіне жүгінетіндер көбейіп келеді. Бұл да бір табыс көзі болып қалды. Ал әйтеуір баланы қарап отырса болды дегенге келіспеймін. Ондай «нянялардың» арасында бала қарамақ түгіл, ойын дұрыстап жеткізе алмайтындар да аз емес. Ол балаға қалай тәрбие бере алады? Негізінде, мүмкіндік болса, баланы кемпір-шал­дың тәрбиесіне берген дұрыс. Көпті көрген қариялардан артық ешкім қазақи тәрбие бере алмақ емес. 
Міне, біз сұраған азаматтардың пікірі осындай. Ал облыстық ішкі істер депар­таменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова соңғы жылдары бала, үй күтушілерден зардап шегетіндер қатары бұрнағы жылдарға қарағанда әлдеқайда сиреп қалғанын, биыл мұндай фактінің тіркелмегенін айтады. Бұл – жағымды жаңалық. Дегенмен балаңызға «нянка», үйіңізге күтуші іздегенде абай болғанның артықтығы жоқ. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста