Баланың тентек болатыны – үйінен

Баланың тентек болатыны – үйінен

Өмірдің өзінен туған өнегелі өсиет пен тоқсан сөздің тобықтай түйіні іспетті философиялық тұжырымдар – мақалдар мен мәтелдер. Ойшыл халқымыз ұрпағына айтпақ ойын мақалдар мен мәтелдер арқылы шебер өрнектеген.
Халық өзінің ұлдары мен қыздарының өз топырағына тән мораль талаптарына сай болып өсуін қалайды. Елдік рухтың әман­да жоғары болуын көксеп, ұр­пақ­та­рына зор үміт көзімен қарап келеді. Ел үмі­тін ақтау, ол белгілеген биіктен көріну – сын атау­лының ең мәртебелісі. Осы орайда тұл­парға бап керектігін білетін халқымыз өзі­нің келешегі – жас буынына тәрбие қа­жет­тілігін жоғары кояды.
Халықтық тәрбиенің бірден-бір түзу ай­насы – мақалдар мен мәтелдер. Ендеше, ха­лық даналығына ден қою, одан тәлім алу – сол айнадан өзіміздің жүзімізді көрумен бір­дей. Әрине, ешкімнің өмірге дайын мі­нез­бен: жақсы, я жаман болып келе қал­май­тыны кімге де болса түсінікті жайт. Ал жақсы болу да, жаман болу да тәрбиеден, тәрбие беретін ортадан. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің», – дейді халық. Мә­нісі, орта – тәрбие бесігі: кіші үлкенге қарап өсе­ді, соған ұқсауға тырысады. Сондықтан да халық жас буынның дұрыс қалыптасуына ерекше мән бере отырып, өмір тезінен өт­кен сындарлы жолын ұсынады. Бұл жолда тө­зімділік, табандылық, алғыр ақыл, қиын­дықты жеңе білетін қайтпас қа­жыр­лы­лық көрсетуді талап етеді. Жет­кін­шек­тер­дің осындай жауапты сапарда сүйенері, сенім артары үлкендер екендігін халық екі сөзінің бірінде дәлелдейді. Үлкендерге маңызды міндет жүктейді. Сондықтан да «Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе, соңғы дөңгелегі сонда жүретіндігін» қатаң ескертеді. «Ағаға қарап іні өсер» деуінің де түп тамыры осында болса керек.
Үлкендер – алдымен ата-ана. Қай ба­ла­­ның болмасын, бірінші ұстазы –оның ата-анасы, солар ұйытқы болып отырған от­басы. «Мектептер, институттар, пан­сион­дар болғанымен, жақсы әкесіз жақсы тәр­бие жоқ», – деп Н.М.Карамзин тегін айт­паған. Бала бойына ізгілік, қа­­­­ра­­па­йым­дылық, кішіпейілділік, ұқып­ты­лық, отаншылдық сияқты игі қасиеттер ал­дымен оның әкесі мен шешесінен ауысады. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегенде халық әке-шешенің жеке бас­та­рының сапасына мән беріп отыр. Мұнан туа­тын қорытынды – бала алдында әке мен ше­ше мейлінше сыпайы қатынаста болып, сый­ластықтың, қамқорлықтың, кі­ші­пе­йіл­діліктің, кешірімділіктің, білімге, өнерге құш­тарлықтың үлгісін көрсетулері шарт. Үлгі көрсетудің жөні осылай екен деп жа­санды қылықтарға ұрынудан зияннан бас­қа пайда жоқ екенін де есте ұстаған абзал. Айналаңа ғибрат боларлық өнегелі қа­сиет­тер­ді бірте-бірте бойға сіңіріп, етене етуге, оған бой үйретуге дағдыланудың жақсы нә­тиже берері хақ. Амал не, өкі­нішке қа­рай, арамызда халықтық мұрадан тәлім алып, жағымды қасиеттерді бойға жи­нау бы­­­лай тұрсын, маңын жиренішті мі­нез-құ­лық­­тармен ығыр ететін ата-ана­лар­дың ұшы­­расатындығы шындық. Баланың кө­зін­ше жанжал шығару, құлаққа түрпідей тие­тін былапыт сөздеріге ерік беру, тарс-тұрс қи­мыл, отбасында бірін-бірі сыйламау – жақ­сылыққа бастар жол емес екендігі бар­ша­ға аян нәрсе. Мұндайда «Баланың тен­тек бо­латыны – үйінен, ердің тентек бо­­­латыны – биінен» немесе «Ұлдың шал­дуа­­ры – әке­сі­нен, қыздың сөзқұмары – ше­ше­­сінен» де­ген аталы кесімге еріксіз жү­гі­ну­ге тура ке­леді. Шынында да, «Халық айт­са, қалт айт­пайды», «Не ексек, соны ора­мыз».
Кей жап-жас ата-ананың тілі енді шыға бас­таған бейкүнә сәбиге көлденең жұртты тіл­деттіріп, балағат сөздерді үйретуі – ке­ші­рімсіз қылық. Мұның өзі ата-ана білігінің төмен жатқанын танытады. Ондай тұрпайы сөздердің орнына ұғымы жеңіл, тәрбиелік мәні бар сөздерді үйретуге болмай ма? Халықта сәби ұғымына сай небір ғажайып ер­тегілер мен жұмбақ, тақпақ, жа­ңылт­паш­тардың қоры бар. Мұндай әрі маз­мұн­ды, әрі тәрбиелік мәні жоғары халықтық мұ­раларды бала өсіріп отырған әр ата-ананың жетік білуі қажет емес пе екен деген ой келеді.
Бала болмысына атүсті қарап, «Әй­те­уір, қарны тоқ, киімі жоқ жалаңаш болмаса бол­ды» деушілермен халық философиясы сыйыспайды. Халық ұрпағынан жан-жақ­ты болуды талап етеді және соған үндейді, ба­ғыт-бағдар сілтейтін, игі мақсаттарға бау­литын даналық ой қорытындыларын ұсы­нып отырады. Отан қорғау, ерлікті дә­ріптеу салты болған халқымыз үлгі бо­лар­лық аңыз әңгімелерін, теңдесі жоқ ба­тыр­лық және лиро-эпостық жырларын шы­­­ғарды. Достықтың, жолдастықтың, ын­ты­­мақтықтың күшін тамсана отырып сөз етті. Адам өміріндегі еңбектің орнын жо­ғары қойды. Ұрпақтарын осындай асыл қа­сиеттерді үйренуге шақырған ой маржаны –мақал-мәтелдерін жинақтады.
Қорыта келгенде, жас ұрпақты биік мұ­рат­­тарға жетелеп, оларды бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының белсенді де са­налы азаматы етіп тәрбиелеуде ата-ана­лар қауымының тындырар ісінің зор екен­дігін айтпасқа болмайды. Халық талабына сай боларлық зерделі де зейінді, алғыр да тәр­биелі жас өсіруге күш салу – ең басты парызымыз.
Абдулла ҮМБЕТБАЙ, Алматы облысы Ақсу аудандық сотының судьясы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста