Балаларымыз неге сапасыз киім киюі керек?

Балаларымыз неге сапасыз киім киюі керек?

Бүгінгі балалар бақытты. Шыр етіп дүние есігін ашқан шақалақтарымыздың өзі шекара асып, шетелден келген импорт киімдер киеді. Бұрындары таптырмайтын, табылса да сөре астына тығып қойып сататын, удай бағасына алатын шетел киімдері бүгінде самсап тұр. Бағасы да қалта қағарлық. Балалар киімі қайта ересектердің киімінен қымбат. Жә.. мұны қоя тұрып, әуелі сапа жөнінде сыр шертсек.
Сөреде сықасып тұрған балалар киімін шолып шықсаң, сын айтуға сөзің шығын. Алуан түстерден тігілген киімдер көз қарықтырғанымен, сапасы сын көтермейді. Бір жуған соң оңып кететін, болмаса іріп кететін, безеу шыққандай түйіршік боп кететін сапасыз киімдер көп. Балалар киімінен түрлі дертке ұшы­рататын, химиялық қоспалар қосылғандығы анық­талып отыр. Халықаралық стандарт бойынша сә­­билерге арналған киімдерге син­те­ти­­калық тал­шықтар мүл­дем қо­сылмауы ке­рек. Алайда тексеріс жүргізген Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті мамандары киім матасының жар­ты­сы­нан көбі синтетика екенін анық­та­ған. Ауа өткізбейтін, денеге жабысып, баланың қалыпты өсіп-жетілуіне кедергі келтіретін мұндай киімдердің бала ден­сау­лы­ғына тигізер зардабы орасан. Дәрігерлер мұндай киім киген баланың белсіз болып қалу қаупі бар деп дабыл қағып отыр. Бүгінгідей бедеулік пен белсіздік белең алған шақта дерттің қоздырғышын ананың жатырында жатқан кезінен іздеу керек сияқты. Базар мен дүкен сөрелерін жаулап алған балалар киімдерінің басым бөлігі Қытай мен Қырғызстаннан жеткізіледі. Ал түркиялық, басқа да Еуропа елдерінен әкелінетін киімдердің бағасы бет қаратпайды. Қымбат бутик­терде сатылатын киімдер байлардың бесігін тербететін баға. Қарапайым халық, амал жоқ, баласын жалаңаш қоя ма, құны құлынның бағасынан кем емес киімдерді алып бере алмаған соң, жақын көрші елдердің қазынасын қомпайтуға мәжбүр. Ал денсаулыққа тигізер орасан зияны жөнінде бас қатырып жатқан тағы ешкім жоқ. Ертеңгі күні ауру бала, дімкәс ұрпақ қалай көбейіп кетті деп себебімен емес, салдарымен күресіп әуре болып жатқанымыз. Ол шақта дендеп кеткен дерт әл бере ме? Мәселен, қытайлық стандартқа сай келмейтін аяқкиімдерді киіп өскен бала, әлбетте, майтабан болады. Бүгінде әскер қатарына алуға жарамай жатқандардың басым бөлігі осы майта­бандықтан зардап шегетіндер. Ал киімнің кесірінен түрлі буын ауруларына ұшырап жатқандар да жоқ емес. Мұны сарапшы мамандар әлдеқашан дәлелдеп қойған. Тек тыңдар құлақ, тыйым салар тетік табылмай тұрғаны... Шетелден әкелінетін киімдердің серти­фикаты болуы тиіс. Базардағы сатушыдан не дүкен иесінен сертификат сұрап көріңізші... бетіңізге күле қарайды. Кеңес кезінде киімдерде фабрикалық нұс­қама болатын. Онда киімді қалай жуу керекті, үтіктеуге бола ма, қанша градус суда жууға болатындығы көрсетілетін. Бүгінгі киімдердің біразында бар, кейбірінде жоқ. Тіпті сапасыз киімдерге түркиялық брендтік фирманың белгісін жапсырып, алдап сататындар да баршылық. Негізгі талап бойынша, маталарды балалар киімінің өндірісінде пайдалану үшін, оның физикалық-гигиеналық көрсеткіштеріне, қалыңдығына, көлемдік массасына, кеуектілігіне, ауа және бу өткізгіштігіне, гигроскопиялылығына, ылғалсақтағыштығына, гидро және липофильділігіне қатты мән берілуі тиіс. Мәселен, «балалар киімі жылу­сақтағыштығы жоғары бәтес, драп маталардан тігілуі тиіс» дейді мамандар. Бәтестің қалыңдығы – 0,1мм, драп-5мм, табиғи жүн 30-50мм болады. Сондай-ақ балаларға арналған киімнің ауа өткізгіштігі жоғары болуы қажет. Таза мақта, матадан жасалған жеңіл мата­лардың ауа өткізгіштігі секундына –111дм3/м2, табиғи жібек секундына – 341дм3/м2, капрон секун­дына 125дм3/м2 болады. Липофильдік, яғни денеден бөлінетін майды сіңіру қасиеті жоғары болуы қажет. Ал синтетикалық маталарда талшықтар арасын­дағы ауа өтетін кеуектіліктер тығыз болғандықтан, матаның физикалық-гигиеналық қасиеті төмен болады, яғни ауа өткізбейді. Жаңа туған сәбилердің іш киімдеріне химиялық жіп қосылмауы тиіс. 1-3 сынып оқушы­ларының киімінде ол 30 пайыз, одан жоғары жастағы балалардың киімінде 50 пайызға дейін рұқсат етіледі. Сәбилер киімі тек табиғи тал­шықтардан – кендір, мақта, жібек немесе вискозадан жасалуы керек. Алайда бұл талаптар жеңіл өнеркәсіп иелеріне мүлдем қатысы жоқтай. Этикеткадағы жазу бір жақта, киімнің құрамы бір жаққа лағып кеткен.
Былтыр Алматыда үш ай ішінде 2 мың­ға жуық стандартқа сай емес, құжаты жоқ өнім тәркіленген болатын. Балалар киім­дері сапа стандарттарына мүлдем сай ем­ес­тігі анықталды. Сапа тексеру зертхана­сын­да тексеруден өткен балалар киімде­рінде синтетика, химиялық қоспа тым көп екендігі анықталған болатын. Сондай-ақ жуырда Жамбыл облыстық санитарлық тек­серу орталығының токсикология зерт­ханасында полимер мен химиялық қоспа­лар­ға қарсы тексеру жүргізген болатын. 151 дана балалар киімінің 9-ы санитарлық талапқа сай еместігі анықталды. Балаларға арналған жейделерді тексергенде онда 100 пайыз синтетикалық жіп пайдаланыл­ғаны анықталды. Жағымсыз иісі бар. Хи­мия­лық талшықтан жасалған. Жазда ап­тап ыстығымен ерекшеленетін оңтүстікте бұл зат бала ағзасында аллергия тудыра­ды. Ал аяқкиімдердің 14 данасын тексер­генде үшеуі талапқа сай болмай шықты. Бүгінде тері-венерологиялық ауруханалар­дың дәрігерлері балалар арасындағы түрлі тері ауруларының, аллергияның көбейіп кеткендігіне алаңдаулы.
Баянсұлу Қасымова, дерматолог дәрігер:
– Балаларының денесінде түрлі бөртпе, қышыма пайда болғанын айтып шағымданып келетін ата-ана көп. Әсіре­се аллергияға ұшырағандар басым. Ба­лалар киімін түрлі химиялық қоспалар­мен жуғаннан да болуы мүм­кін. Аналар­ға жас балаға синтетикалық киім кигіз­бең­дер, түрлі ұнтақтармен жумаңдар деп ескерту жасасаң, «сапа­лы киімді қай­дан аламыз?» деп мұңын шағады. Біз шетел­ден ағылып келіп жат­қан киімдер­дің са­пасын тексере алмаймыз. Алайда тиісті органдар бұ­ған қандай да бір шара қол­дануы керек емес пе? Ертеңгі дені сау бо­лып өсетін ұрпақты тамырынан суалтып жатқан­даймыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста