Балалар биыл да лагерьге бармай ма?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Өзге өңірді қайдам, өткен жылы оңтүстіктің оқушылары кенелердің кесірінен демалыс лагерьлеріне бара алмады. Биыл бұл мәселеге өзгеше көзқарас қалыптасты. Балалар лагерьлерінің барлығы залалсыздандырылып, оқушылар қабылдауға барынша дайындық жасалды. Өйтпегенде ше, жыл сайын лагерьлерде бой жазып, жаңа достар табатын балалар былтыр ала жаздай қайда барарларын білмей аласұрды. Ата-аналарға да оңай соқпады.
Биылғы дайындық деңгейі қандай? Балалардың жазғы демалысы мен са­уық­тырылуына жергілікті бюджеттен 133147 мың теңге бөлініпті. Оның ішінде жазғы демалысқа 85980 мың, мектептерді залалсыздандыру жұмыстарына 45137 мың, қала сыртындағы лагерьлерді залал­сыз­дандыруға 2 миллион 30 мың теңге тие­сілі болды.
Облыстық білім басқармасының мәлі­метіне жүгінсек, үстіміздегі жылы қала сыр­тында 19 сауықтыру лагері жұмыс іс­тей­ді деп жоспарланған. Олардың 8-і аудан­дық, қалалық білім бөлімдеріне қа­рас­ты болса, төртеуі облыстық білім бас­қар­масы мен дене тәрбиесі және спорт бас­қармасына, аудандық байланыс торабына тиесілі. Қал­ған жеті лагерь жеке­меншіктің иелігінде. Бұлардан басқа, қала сыртындағы лагерь­лерге теңестірілген үш мектеп-интернат жанындағы лагерьлер де жұмыс істейді. Сонда бас-аяғы 22 лагерьге 14 989 бала қамтылады деген жоспар бар.
Сәуле Жарқынбекова, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары:
– Аудан, қалалардағы жағдайларға қатысты айтар болсам, Арыс қаласы мен Қазығұрт ауданында қала сыртында сауықтыру лагерьлері жоқ. Алайда олар лагерьлерге теңестірілген мектеп-интернат жанынан лагерьлер ашып, 550 баланы қамтуға әрекет жасап отыр. Ал Мақтаарал аудандық білім бөлімі жыл сайын «Жылысу» санаторийіне бес ауысымда жазғы лагерь ұйымдастырып, онда 500 бала сауықтырылатын. Биыл бұл санаторий ересек адамдарды қа­был­дауға көшкен­діктен, Түлкібас ауда­нындағы «Машат» лагерімен келі­сім­шартқа отырып, 290 оқушы сонда демалатын болды. Бұл мақ­сатқа жергілікті бюджеттен 7 700 мың теңге бөлінді.
Отырар мен Шардара аудандарында балаларды сауықтыруға арналған бірде-бір лагерь жоқ. Бұл екі ауданның басшылары Төлеби ауданындағы «Тау самалы» оқу-сауықтыру орталығында 400 баланы демалдыруды жоспарлады. Ал Кентау қа­ла­сындағы жағдай күрделі күйінде қа­лып отыр. Қаратау тәжі атанған қаладағы «Транс­форматор» зауытына қарасты «Әлия» сауықтыру лагерін қалалық білім бөлі­мі жыл сайын жазғы мезгілде жалға алып, онда 520 балаға дейін сауықты­ры­латын. Биыл бұл мәселе шешімін таппады.
Табиғаты тамаша, лагерьлердің басым бөлігі орналасқан Түлкібас аудандық білім бөліміне қарасты сауықтыру лагерьлері жоқ дегенге сенгіміз келмейді, әрине. Бірақ шындық осы. Жергілікті қазынадан бөлінген 5 миллион теңгеге бар болғаны 200 баланы жекеменшік лагерьлерде демалдыруға мәжбүр. Осы аудандағы Машат шатқалында орналасқан жекеменшік «Жалын» лагері 2007 жылы аудандық білім бөлімінің балансында болған. 2008 жылы Қ.Шамболатов деген жеке кәсіпкер Жоғарғы соттың шешімімен балалардың ортақ мүддесі үшін қызмет етіп жатқан лагерьді өзіне қайтарып алды. Содан кейінгі екі жылдың көлемінде лагерьге тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Жөндеу жұмыстары былай тұрсын, онда балаларды да қабылдамаған. Биыл, әйтеуір, күр­делі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жат­қанға ұқсайды. Алайда балаларды қа­былдау-қабылдамау жағы белгісіз. Сонда дейміз-ау, барлық жерде кезінде жекеге өтіп кеткен нысандарды, әсіресе бала­ларға қызмет көрсетуге қатысты нысандарды қайта мемлекетке қайтару саясаты жүр­гізіліп жатқанда, бұл неғылған кереғар әрекет? Мейлі, жеке кәсіпкердің жеке қа­ражатына сатып алынды делік, бірақ бас­тапқы мақсаты сақталып, жұмысты тоқ­татпауы керек еді ғой.
Төлеби ауданында да бірқатар балалар лагері жұмыс істейді. Бірақ бұл ауданның да білім бөліміне қарасты сауықтыру лагерьлері жоқ. Облыстық туризм, дене­шынықтыру және спорт басқармасына қарасты ең ірі лагерьлердің бірі саналатын «Бәйшешек» биыл оңтүстіктің емес, Байқоңырдың балаларын қабылдайтын болды. Бәлкім, олар қомақты қаржы төлейтіндіктен, осындай тоқтамға келген болар. Байқоңырлықтар 20 күн демалған әр балаға 42 мың теңге төлейді екен.
 Облыстағы жұмысы жүріп тұрған, бай кәсіпорындардың бірі цемент зауыты екені талассыз. Алайда осы зауытқа қарасты «Родничок» лагерінің тозығы жеткендіктен, есігін қара құлып күзетіп тұрғанына биыл төртінші жыл. Бұл зауыттың қазіргі иелері шетелдіктер. Олардың жергілікті ұлт өкілдері балаларының болашағына бас қатырмайтыны осы әрекетінен-ақ көрініп тұрғандай.
Балаларды жазғы сауықтыру демалдыру ісінде проблема аз болмай тұр. Соның негізгілерін ғана атап өтер болсақ, Кентау, Қазығұрт, Шардара аудандарында жазғы кезеңдегі демалыстың барлық түрімен оқушылардың 15-59 пайызы аралығында ғана қамтыл­мақ. Кентауда жазғы сауық­тыруға, мектептер мен қала сыртындағы лагерьлерге залалсыздандыру жұмыста­рын жасауға ешқандай қаржы бөлінбеген. Ал Созақ ауданында жазғы де­малысқа деп әжеп­тәуір қаржы бөлін­генімен, залалсыздандыру жұмыстарына мүлдем назар ауда­рылмаған. Арыс пен Түлкібас ауда­нының басшылары да залалсыздандыру жұ­мыс­тарына немқұрайды қарағаны белгілі болып отыр. Ал кенеден келетін кесел­дің ең қауіпті жағдай ретінде күн тәртібінен түспей келе жатқанына бірнеше жыл болды. Сонда бұл неғылған немқұ­райдылық десеңізші.
Иә, «Бар жақсылық балаларға» деп ұрандатқанымыз кеше ғана еді. Биыл бұл ұранды ұмыта бастағандардың бары өкінішті-ақ. Әйтеуір, ертең сан соғып қалмасақ болғаны.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста