Балабақшаларда ата-әжелер тәрбиесін неге пайдаланбаймыз?

«...Не сұрайды мына бала, Сұрағанын берсеңші! Енді мұның жылағанын, Естігенше өлсемші!» – деп Шәкәрім жырға қосқан өлең­нің қозғар тақырыбы әлі күн­ге маңызды. Маңыз­ды­лығын қатал келіннің тәр­бие­сіне заманауи өзгеріс­тердің де қосы­ла демеу болуынан-ақ анықтап алуға болады. Ал нақты құбылыстарды ойға алсақ, қазіргі отба­сындағы әже мен ата ролі­нің қазақ әулет­тері тарихындағы алар ор­нынан анағұрлым төмен­деп кетуінен туын­дай­тын бір­неше мәселені көтеруге болады.
Шынтуайтында, қазіргі қазақ отбасында ата мен немере, әже мен немере арақатынасы бір шаңырақ астындағы тәрбие ісінің шешуші факторы бола ала ма? Қазіргі балалардың түсінігіндегі ата мен әже тұлғасы халқымыздың сан ғасырлық көркем әдебиетінде қалып­тасып, тұлғаланған ата мен әжеден қаншалықты өзгеше? Жаңа формацияда қалыптасып үлгерген әке, бала, жасөспірім, қазақ қызы, кәсіпкер, саясаткер, мұғалім сынды көптеген нақты «кейіпкерлердің» арасында ата мен әже тұлғасы анықталды ма?
Ұлттық тәрбие, бала тәрбиесінің бастауы болар балабақшаларда аталар мен әжелердің тәрбиесін неге пайдаланбасқа? Мәселенки, педаго­гикалық қызметтен, не болмаса өзге әлеуметтік саладан зейнетке шыққан ата-әжелер кез келген балабақшада қоғамдық негізде, тіпті жалақы келі­сім­шарты негізінде қосалқы тәр­биеші ретінде қызмет атқарса. Қазір бала­бақша атаулыда жас мамандар жетерлік. Негізгі тәрбиешіден өзге, күтуші, қосалқы көмекшілерінің дені – жастар. Педагогикалық біліміне дау жоқ, тек өмірлік тәжірибесі аздық ететін, сол тарапта өзі де тәрбие қарауылына сұра­нып тұрған жастар. Оның сыртында, біздің балабақшалардың құры­лымдық ұстыны кешегі кеңестік педа­гогикаға негізделгені кімге болса да жасырын емес. Оған қазір бақшаларға дендеп енгізіле бастаған «Тәй-тәй» (ағылшынша: «Step by step») секілді бағ­дарламалардан да ұлттық ерек­шелік байқалар емес. Ал өзге қоғам­нан алынған қондырғының орнына бір топқа бір ата не әже аптасына бі­рер күн ескі һәм есті аңыз-ертегісін ай­тып, өзге де тәрбиелік маңызды ша­ра­ларына қатысып отырса, ұлттық ой­ын­дардың ұтымды жақтарын пай­да­лануға атсалысса, артық болмас еді ғой! Жаһанданудың жарнамасына қар­сы ұлттық ұстаным қариялардың тәр­биесі арқылы болашақ ұрпақтың сана­сына бақшадан бастап сіңірілсе етті!
Қазақтың әйгілі жазушысы Мұхтар Мағауин осыдан біраз жыл бұрын «Ата­сы келініне...» атты мақаласында пост­кеңестік қоғамдағы қазақ отба­сының ахуалын суреттеп берген бола­тын. Жазушы кеңестік қазақ отба­сын­дағы ата мен әженің жаңаша атау иеленгенін, қазіргі балалардың әжесін «апа» деп атауын, оның қате екенін нақ­ты мысалдармен дәлелдеп жазады.
Шындығында, отбасылық ортадан ығы­сып бара жатқан ата мен әженің тұл­ғасын қайтсек бала тәрбиесіндегі, ұлт­тық тәрбиедегі орыны бөлек тұлға­ға айналдыра аламыз? Жастық шағы кеңес­тік кезеңде өткен қазіргі қария­лар ұлт­тық тәрбие ұстаушысы бола ала ма? Әл­бетте, бүгінгі баланың ермек ете­тін теле­арналары мен компьютерлік ой­ын­дары, болмаса, көшедегі ортасы­нан гөрі қалай болғанда да, үйде не ба­ла­бақ­шада қариялар тәрбиесін алса, ұр­пақ үшін алаңның бір шаруасы реттелер ме еді?..

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста