Бала - Алланың аманаты

Бала - Алланың аманаты

Ата-ана болу – дүниеге бала әкелу ғана емес, өмір бойы перзентің үшін жауапкершілікті мойныңа алу. Қазіргі таңда көбіміз сырт көзге жақсы ата-ана болып көрінгіміз келеді, отбасылық суреттерімізді мақтанышпен әлеуметтік желіге саламыз. Одан қалса, өз баламыздың денсаулығын, тәрбиесін қатырып алмай жатып, өзгенің ұл-қыздарына қатысыты кеңес бергіміз келіп тұрады. Шындығында, үйдегі балаларымызға жақсы ата-ана бола алып жүрміз бе?

Иә, кім де болса, өз баласының оқыс жағдайға ұшырағанын, оған қауіп төнгенін, денсаулығына зиян келгенін қаламайды. Бүгін көз алдында ойнап, шауып жүрген баламнан демде айырылып қаламын деп тіпті де ойламайсың. Күні кеше Жаңатастағы 5 баласынан бірдей айырылған ата-ана қандай күйде десеңізші. Елестетудің өзі қиын, жаның түршігеді. Оның миын «неге олай болды», «неге ғана балаларымды қараусыз қалдырдым» деген сан сұрақ мазалап, өң мен түсін ажырата алмай, жүрегі езіліп отырғаны анық. Мұндайда перзенттерінен көз жазып қан жұтқан ата-анаға қандай жұбату айтарыңды да білмейсің.

Балалардың  өліміне қатысты қоғамдағы көзқарас бүгінде екіге жарылады. Біреулер еш күнәсіз пәк періштелердің көкке ұшып кетуіне ата-аналарын кінәласа, енді біреулер еліміздегі әлеуметтік жағдайдың төмендігін алға тартып, бұған атқамінер азаматтарымыз тікелей кінәлі екенін айтуда. «Баға алмаса баланы неге таптырады» деп әкені кінәлау, «баладан жүйкесі тозса, жоқшылықтан шаршаса, неге шұбыртып туа береді» деп әйелді кінәлау, көпбалалы отбасыларға неге тиісінше жағдай жасалмайды деп мемлекетті кінәлау оңай. Ең қиыны – әр адамның өз міндетін дұрыс атқаруы.

Міндет демекші, баланы дүниеге әкелуге бізді ешкім міндеттемейді, әркім өзі үшін, өз ұрпағын өрбіту үшін  перзент сүйгісі келеді. Бірақ баланың жарық дүниеге келуіне себепкер болған екенбіз, онда оны бағып-қағуға, өсіруге, тәрбиелеуге өзіміз ғана  жауаптымыз.

Қазақта бала «жетіге келгенше жерден таяқ жейді» деген сөз бар. Яғни осы жасқа жеткенше баланың сүріншек, ұрыншақ болатынын меңзеп тұрса керек. Әдетте кішкентай бөбектің өздігінен жүргенін асыға күтеміз. Ал тұсауы кесілген бөбек аяғы шыққан соң жеткізбейді. Қолыңнан сытылып кетіп, көшеге қаша ма, көліңтің астына түсе ме, ыстыққа күйіп қала ма, қауызға түсіп кете ме, аузына бірдеңе сап қойса ше деп ізін аңдып жүргенің. Бірақ кейде әлпештеп отырған әлдидің өзі сәл көзің тайып кетсе, бірдеңеге ұрынып қалуы әбден мүмкін. Оқыс оқиғаларды жазым ғой десек те, ата-анаға қырағылық қажет-ақ. Өйткені ата-ананың баласына деген салғырттығы қымбатқа түседі.

Раушан Көпжасарқызы, психолог: –Соңғы кездегі балалардың оқыс оқиғалардан көз жұмуы қабырғамызды қайыстырғаны рас. Бірақ мені алаңдатаныны, біздің осы оқиғалардан сабақ алмай отырғанымыз. Екі жыл бұрын дәл осылай астанада 5 қыз бала өрттен көз жұмғанын бүкіл ел естіді. Бірақ әлі күнге кішкентай балаларды үйге қамап кете береміз. Айдың, күннің аманында баласынан айрылып отырған отбасыларды айыптаудан аулақпын. Бірақ өз басым айналама қарап, баласының өміріне салғырт қарайтын ата-аналардың бар екенін байқаймын. Бір танысмының баласы 5 жасқа дейін сөйлемей жүрді. Бала өз жасына сәйкес дамымаса, ата-ана бірден мамандарға көрсету керек емес пе? 5 жасында ғана баланы дәрігерге көрсеткенде оның көзі нашар көретінін, сондықтан сөйлей алмайтынын анықтапты. Салғырттық емей немене? Бұл бір ғана мысал. Қаншама ана балаларын қараусыз қалдырып, басымен смартфонға кіріп кетеді. Баласын қараусыз қалдырып жүрген ата-аналардың бәрі бірдей күнкөріс қамымен жанығып жүр дей алмас едім.    

 

Қазіргі таңда баланы өсіріп, жеткізу кімге болса да оңай болмай тұр. Қит етсе, «бұрынғы аналарымыз он шақты баланы туып, біреуін арқалап, бірін жетектеп жүріп жеткізді, үйдегі шүпірлеген балалар бірін бірі бағып өсіп кетті» деп шыға келеміз. Ол заманда да небір қиындықтар болды ғой. Ал қазіргі ақпараттық қоғамда жағымсыз жаңалықтар лезде тарайтын болғандықтан балаларға қатысты небір сұмдықтарды естіп жағамызды ұстап жатамыз. Алла пендесіне перзентті аманат етіп берді емес пе. Ата-ананың баласына жақсы тәрбие беруден бұрынғы ең басты міндеті – баланы от пен суға түсірмей, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіру. Ендеше Алланың берген аманатына қиянат жасамай, қарапайым қауіпсіздік шараларына мұқият болайықшы. «Сақтансаң, сақтаймын» деген жоқ па?

Есіңізде сақтаңыз!

·        Әлі есі кірмеген балаларды «қазір келемін ғой» деп сыртынан құлыптап кетпеңіз

·        Жер үйлердегі электр энрегиясына «предохранитель» қойыңыз

·        Үйде от жағатын болсаңыз, көмірді сала салып, пештің жануын соңына дейін күтпей ұйықтап қалмаңыз

·        Көлікте автокреслосыз бала тасымаңыз

·        Қалта телефонының қуаттағышын тоққа тығылғаны күйі қалдырып кетпеңіз.

·        Лифтіге кіріп-шыққанда арбадағы баланы қолыңызға алыңыз

·        Дәрі-дәрмек, пышақ, қайшы, үшкір заттарды, тиын, түйме секілді ұсақ заттарды, химиялық сұйықтықтарды баланың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.

·        Көпқапбатты үйдің терезелерін ашық тастамаңыз.

·        Балаңыуздың денсаулығына, өз жасына қарай дамуында қандай да бір ауытқушылық байқасаңыз, бірден дәрігерге көрсетіңіз.

Айнұр Сенбаева

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста