Бағдаршам жетіспеушілігі басты мәселеге айналып барады

Нұрғиса Елеубеков (фото)

Бағдаршамсыз көше қозғалысын көзге елестету қиын, әрине. Осы бір жол көрсетушінің қызметі болмаса, көше көлік кептелісінің ордасына айналары сөзсіз еді. Бүгінде көлік те көп, көлікке байланысты проблема да көп. Бағдаршам жетіспеушілігі бір ғана Тараз қаласына емес, бүкіл елімізге тән ортақ проблемаға айналғалы қашан.

Жамбылдық шенеуніктер қолдан келге­нінше, қазына көтергенінше осы мәселені шешуден аянып қалып жатқан жоқ. Алайда «жасыл толқынның» мәселесі толық шеші­летін түрі көрінбейді. Облыс орталығындағы Төле би көшесі мен Жамбыл даңғылының бойы үнемі көлік кептелісінен көз ашпайды. «Оның басты себебі – бір-біріне жақын, орналасқан екі бағдаршам мен басты бағдаршамға қосылған қосымша секция­лар», – дейді жүргізушілер. Көлік ең көп жүретін автожолдағы басты мәселе де – осы. Лажы болса, жүргізушілер осы қиы­лысты айналып өтуге тырысады. Бағдар­шамдар бір бағытта орналасса, ешқандай мәселе болмас еді. Бірінші бағдаршамның жасылы жанған санаулы секундтарда өтіп үлгерсе, үлгерді, үлгермесе – екіншісінің қызылына тоқтап тұруға мәжбүр. Мұның қашан реттелетіні де тұманды. Бағдаршам жетіспеушілігі де басты ауыртар басты мәселеге айналғалы қашан? Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін жағдай жа­сал­­ма­са да,  айыппұл төлеткізу жағынан жамбы­л­­дық жол сақшыларының асығы алшысынан түсіп тұр. Бүгінде Тараз қала­сын­да 16 бейнекамера бар болса, жыл соңына дейін оған тағы да 40 данасы кө­мек­ке келмек. Олардың басым бөлігі қала­ның криминогенді аймақтарына орнаты­латын болады. Жалпыға ортақ тәр­тіп­ке ба­ғын­ған да дұрыс. Енді тараздық жүр­гізушілерге аяғын аңдап басуға тура келетін түрі бар. Жол ережелері туралы кі­тап­пен қайта танысып шығудың да артық­тығы болмайтын сияқты. Автоматты түрде айып­пұл салатын бейнебақылау мен жыл­дам­дықты өлшегіштер жүргізушілердің бас­ты «жауына» айналды. Жол полициясы­ның «қара тізімінде» бүгінде 8 миллион теңге айыппұл салынған 72 жүргізуші бар. Әрине, айыппұл салу үшін де айғақ айқын болуы тиіс. Кейде жүргізушілер жол белгі­ле­рінің көрінбейтін жерлерге ілінетінін ай­тып ша­ғым­данып жатады. Мұндай кем-кетіктерді жоюға Жол полициясы бас­қар­масы күш салуда. Алайда қымбат бағалы бағдаршам жетіспеушілігін жоюға күштері жеткіліксіз.
Николай СОН, Жол полициясы басқармасының техникалық бөлімінің автоинспекторы:
– Облыс орталығындағы бағдар­шамдардың дені Кеңес Одағы кезінде қойылған. Одан бері де жаңартылуы жағынан мақтана алмаймыз. Бюджет қоржынынан қаржыландырылуы кемшін. Бағдаршам қоюды әкімшілік­те ұйымдастырылатын мемлекеттік тапсырыс бойынша жеке фирмалар жеңіп алып, солар қояды. Жол поли­ция­сы қызметкерлерінің міндеті – қай жерге бағдаршам қажет, соны анықтап, ұсыныс айту.

Қалада қарапайым бағдаршамдардан бөлек көзі көрмейтін жандарға арналған дыбысты бағдаршамдар да өте қажет. Олар қазір облыс орталығының өзінде екі-үш жерге ғана қойылған. Мәселен, орта­лық алаңда, әкімшіліктің жанында, базар­дың қасындағы соқырлар қоғамына бара­тын жолда ғана бар. Қарапайым ғана бағдар­шамға қол жеткізе алмай отырғанда, мұн­дай дыбыстыларын қою әзірге арман күйін­де ғана қалатын түрі бар. Әйтпесе дыбысты бағдаршамдарды қажетсінетін мүгедек жандар баршылық. Қаржы тапшы­лығына байланысты олардың әзірге қа­сы­на жол сілтеуші алып жүруден басқа амалы жоқ.
Бір бағдаршамның өзіне бюджеттің бүйірін опырып түсірердей қаржы қажет. Осыдан бес-алты жыл бұрын бір бағдар­шамның құны 1 миллион теңгеден асып жығылатын. Ал қазіргідей қымбатшылық жағаға жар­масқан шақта тіптен шарықтап кеткені сөз­сіз. Әзірге қолда барымен амал­дай тұруға тура келетін сыңайлы. Одан бөлек бағасы төмен болар еді дейтіндей бағдаршамдар елімізде шығарылмайды. Бұл жөнінен де шетелге күніміз түсулі. Әсіресе қазір еліміз­ге әкелініп жатқан бағдаршам нарығында ресейлік «Электро­прибор Владимир» зауытының бәсі жоғары. ТМД төңірегіндегі елдердің басым бөлігі осы зауыттың өнімін тұтынады. Әрі сапасы да жоғары. Кеңес заманында шыға­рылған бағдаршамдардан әлдеқайда жетілдірілген өнімдеріне 15 жылға дейін кепілдеме береді. Яғни осын­шама жыл бірде-бір рет бұзылмай қызмет ете алады. Сондай-ақ заманауи үлгідегі модельдері­мен де мақтана алады. Жүруге болады деген жасыл түс жанғанда, адам­ның суреті шығады, сондай-ақ қанша уа­қыт­тан кейін жүруге болатынын ескертетін сан­дар­ды көрсетіп тұрады. Уақыт таяған сайын бағдаршамдағы адам бей­несі де тезірек қозғалады. Жыл жылжыған сайын бағ­дар­шамның түрлерін жетілдіре түсуде. Алай­да оны өз елімізде жасап шығару әзірге ақ бұлттың арғы жағындағы айға қол созғанмен бірдей болып тұр. Мей­лі  отан­дық өз өнімдерімізбен мақтана алмай­мыз. Ендігісін өзге елдікі болса да, жеткілікті түрде жол көрсетуші құралды көбейту мәселесін түбегейлі шешетін кез  әлдеқа­шан жеткен жоқ па? 

Қызық дерек
Бір қызығы, ең алғашқы жол белгілері автокөліктерге емес, жаяу жүргіншілерге арналыпты. Жол белгілерінің ережелерін ең алғашқы болып ел билеуші – Юлий Цезарь ойлап тапқан. Бір-екі ғана белгі болғанымен, оның ішіндегі ең қызықты бұйрығы – қандай көлік болса да, әйелдердің жүргізуіне тыйым салған. Оны заңмен бекіткен. Яғни осы заңға бағынбағандарды жазалайтын болған.
Алақандай ақпарат
Көлік қозғалысын реттейтін алғашқы бағдаршам 1927 жылы пайда болған. Йэльсек университетінің оқытушысы, ғалым Гарри Хау жасап шығарған бағдаршам 1928 жылы Коннектикут штатына қойылған. Одан кейінгі бағдаршамды Чарльз Адлер атты өнертапқыш жетілдіре түскен. Ең алғашқы бағдаршамдардың құрылысы да қызық болатын. Олардың бір түстен екінші түске ауысуы үшін жүргізушінің өзі белгі беріп, содан кейін ғана бағдаршамға орнатылған арнайы белгі беру будкасынан жүруге рұқсат деген белгіні күтетін болған. Бұл өте көп уақытты қажет ететін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста