Аутизмге шалдыққан балалардың жайын кім ойлайды?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Қазақстанда психологиялық ауруға шалдыққан балалардың саны күн өткен сайын артып келеді. Аутизм деп аталатын осы дерттің салдарынан жүздеген емес, мыңдаған бүлдіршіннің тағдыры қыл үстінде тұр. Бұлай деуіміздің себебі, елімізде қатерлі кеселді емдейтін мамандар тапшы. Кейбір дәрігерлер оны қатерлі ауру ретінде қарастырмай, жай ғана психологиялық дерттің түріне жатқызады, сөйтіп, ауруларға тек кеңес берумен шектеледі. Мұның соңы балалардың өсе келе әлеуметтік ортаға бейімделуін қиындатады, айналадағы адамдардың өзіне деген түсінбеушілігін тудырады.
Аутизм – адамның психологиясындағы ауыт­қу­лар. Мұндай ауруға шалдыққандар адамдар­мен араласу, әлеуметтік қарым-қатынас орнату қа­білетінен айырылады. Оның сөйлеу қабілеті бұ­зы­лып, психикасы мен ақыл-есі дұрыс жетілмейді. Бірақ аутизммен ауыратындардың интеллек­туал­дық деңгейі әртүрлі болады. Кейбірінің санасы мүлде дамымай, кенже қалса, енді біреулері білім мен өнердің жекелеген салалары бойынша дарынды болып келеді. Мамандардың айтуынша, ау­тизм – негізінен, балалардың сырқаты. Дерек­тер­ге қарасақ, қазіргі кезде әлемде шамамен 67 мил­лион адам аутизм сырқатына шалдыққан екен.
Көптеген елдерде мұндай сырқатпен ауыратындар саны қатерлі ісік, қант диабеті және ЖҚТБ-дан да жиі кездеседі. Тек әлемде емес, бұл ауру түрінің бүгінгі таңда Қазақстанда да меңдеп бара жатқаны байқалады. Оның бірінші және ең басты себебі, елімізде аутизм «психологиялық дамудағы ауытқушылық» ретінде ғана ста­тистикаға енгізілген. Мамандар аутизмді қатерлі дерт түріне жатқызып, оған қар­сы тиісті ем қабылдауға асығар емес. Яғни аутизмнің соңы қатерлі жағдайларға алып келетіні ескерілмей отыр. Сондай-ақ ау­тизм­мен ауыратын балаларды оңалтуға ба­ғытталған іс-шаралар «Мүгедектерді оңа­лту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» ар­қылы ғана реттеліп отырады. Онда ау­тизмге шалдыққандар жеке санатқа алынбайды. Сондықтан елімізде аутизммен ауыратын балалар туралы ресми мағлұ­мат­тар күмән тудырады. Екіншіден, аутизм­мен ауыратын балаларды анықтау жүйе­сі­нің дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан Қазақстанда ондай балаларға тиімді көмек көрсету жүйесін қалыптастыру қиынға со­ғып тұр. Аутизм және оған ұқсас ауытқу белгілері бар балалардың 90 пайыздан астамы арнайы оқумен қамтылмаған­дық­тан, ауыр психикалық мүгедек болып қалуда. Ал дер кезінде және дұрыс көмек көрсетілген жағдайда мұндай балалардың 60 пайызға жуығының мектеп бағдарла­ма­сына ілесіп, білім алуына, отбасына бейім­делуіне мүмкіндік жасауға болады. Тағы бір мәселе, аутизмге шалдыққан ба­ла­ларға ізгілік қарым-қатынас жағы ақсап тұр. «Аутизммен ауыратын бала тәрбиелеп отырған отбасылар айналадағы адамдар тарапынан түсінбестікке тап болады, оларды жұрттың өздеріне үрке қарайтыны қинайды. Бұл аутизмге шалдыққан адам­дардың әлеуметтік ортаға бейімделуін одан әрі қиындата түседі», – дейді ма­ман­дар.
Әлия АРХАРОВА, «Ашық әлем» қоғамдық қорының президенті:
– Деректер бойынша, аутизмге негізі­нен ұл балалар көп шалдығады екен. Қа­зақ­станда мұндай дертке қанша баланың тап болғанын нақты басып айту қиын. Бір­ақ осы сырқаттың жылдам дендеп ба­ра жатқаны белгілі. Себебі елімізде аутизм­ге шалдыққандарды анықтау жұ­мыс­тары дұрыс қолға алынбаған. Негі­зі­нен, балаға үш жасқа дейін ем қолданса, оны аталған дерттен құлан таза айық­тыру­ға болады. Ал дер кезінде шара қабылдамаса, бала өсе келе қоғамға бейімделе алмайды. Менің балам да осы дертке тап болған. Мұны ол төрт жасқа келгенде бір-ақ білдім. Бастапқыда біз баланың мінез-құлқын түсінбейтінбіз. Бала да өзінің айналасында не болып жатқанын ұқпайтын. Ол үнемі басқа әлемде жүргендей мінез танытатын. Бұл – тек бір ғана мысал. Мұндай балалардың барлығына нақты көмектер керек.
Әлия ЕРСАРИНА, Медициналық-педагогикалық кеңес беру ғылыми-тәжірибелік орталығының психологы:
– Аутизмге шалдыққан балалардың мінезі басқа қатарластарына қарағанда өзгеше болады. Олар қоғамға араласқы­сы келмейді емес, дұрыс араласа алмайды. Оның себебі, орталық жүйке жүйесі бұзылған. Мұндай дертке шалдық­қан балаларды тәрбиесі қиын бала­ларға жатқызуға болады. Мұндай ауру­ды емдеуге болады. Тек мемлекеттің қол­дауы қажет.

Дерек:
Әлемдік статистика бойынша, 2000 жылы аутизмнің таралу деңгейі 10 мың балаға шаққанда төрт-бес адамнан тура келген. Американың сырқатты бақылау және алдын алу орталығы сарапшыларының айтуынша, АҚШ-тағы 110 баланың біреуі осы дертке душар болған. 2007 жылы Американың әрбір 150-баласына осындай диагноз қойылған. Нәтижесінде 2002-2006 жылдар ара­лығында сырқаттың таралу деңгейі – 57 пайыз, ал соңғы 20 жылда 600 пайызға артқаны анықталды. Соңғы уақытта Қазақстанда аутизмге шал­дық­қан балалардың саны күрт арт­қа­ны байқалады. Тіпті күмәнді деген де­ректердің өзі бұл сырқаттың қа­зақ­­стандық балалар арасында кең етек жайып бара жатқанын көр­сетеді. Мәселен, Алматы облыстық пси­хо­­логиялық-педагогикалық кеңес бе­ру орталығының статистикалық есе­бі­не сүйенсек, 2003 жылы аутизмге шал­дыққан – 77 бала, 2006 жылы  – 255 бала, 2009 жылы 326 бала тіркеліпті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста