Ауруын жасырған өледі

Ауруын жасырған өледі

Ақтөбелік  дәрігерлер Үкіметтің көмегіне жүгінуді жөн санап отыр. Олар ҚР «Халық денсаулығы, денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодексіне өзгертулер енгізуді талап етпек. «Екпе қабылдамаған балалар балабақшаға, мектепке жіберілмесін», – дейді эпидемиологтер.
Мұндай мазмұндағы хат мәжілісмендер мен Денсаулық сақтау министрлігіне жолданып та үлгерілді. Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлім бастығы Клара Омарованың айтуынша, облыста бүгінде қатерлі дертке қарсы берілетін екпелерді қабылдамаған 200 бала бар.
«Бұл жағдай соңғы жарты жылдан бері өз маңыздылығын жоғалтқан емес. Оның үстіне күн өткен сайын «Діннің талаптарына қарсы» дейтіндердің қатары артып барады. Қазір еш шарасызбыз, себебі – заң солардың  жағында. Адамның ағзасына оның рұқса­тынсыз екпе жұмыстары жүргізілмеуі ке­рек. Сондықтан біздің үкіметтегілерге ин­фекцияларға қарсы екпе жасатпаған ба­ла­ларды балабақшаға, мектепке қабыл­дамау туралы ұсынысымыз қабылданса, заңды құжаттар қатарына енгізілсе деп отырмыз», – дейді К.Омарова.
Облыстың бас имамы Әбдімүталі Дәуренбеков бұл жайттан құлағдар екенін және мешіттің екі қызметкері егілуге қарсы ата-аналармен әңгімелесуге, оның адам денсаулығы үшін маңызды екендігін түсіндіруге жібергенін айтты.
«Исламда ем қабылдама, егілмеуге болмайды» делінбеген. Күллі мұсылман құлшылылық етуге Меккеге барғанда Араб  елі мұсылманның қауіпті дертке қарсы егілген-егілмегендігін растайтын құжат­тарын талап етеді. Халық осыны түсінуі ке­рек. Түсіндіру жұмыстарынан кейін алты ата-ана райынан қайтып, сәбиін ектірген», – дейді Ақтөбенің бас имамы.
Дәрігерлердің дабыл қағатындай жөні бар. Екпе жұмыстары дұрыс жүргізілмесе, бес жылдан соң  қатерлі ауру дендеп кету қаупі төніп тұр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста