Аула сыпырушылардың жағдайын кім ойлайды?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Аула сыпырушы... Бұл – біздің қоғамда әлі дұрыс бағаланбай келе жатқан кәсіп түрлерінің бірі. Оған көпшілік бармайды. Бірақ оларсыз да күніміз қараң. Мәселен, аулаңыз бір күн тазаланбай қалса, қандай күйде болатынын көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Сырттан келетін қонақтардан ұялатыныңыз өз алдына, есік алдына шығып демалудың өзі ыңғайсыз. Солай бола тұра, аула сыпырушының еңбегі бізде құнсыз.
250 мыңнан астам тұрғыны бар Орал қаласында 105 пәтер иелерінің ко­опе­ра­тив­тері (ПИК) құрылған. Бұларда 1600-ге жуық аула сыпырушы жыл мезгілімен санас­пай еңбек етуде. Алайда мардымсыз жалақы мен лас жұмыс бұл кәсіпті кісі қы­зы­ғарлық етіп көрсетпейді. Орал қалалық ПИК қауымдастығының төрағасы Станис­лав Филипповтың айтуынша, аула сы­пы­ру­шылар жұмыста көп тұрақтамайды. Себе­бі оның атқарар шаруасы шаш-етек­тен болғанымен, табысы тым аз, бар бол­ғаны 15 000 теңге мөлшерінде. «Одан зей­нетақы қорына жарна мен табыс салы­ғын ұстағанда қалатыны – 12 мың тең­ге­дей. Мұнша ақша төлеп, «өйт», «бүйт» деп та­лап қоюдың өзі қисынсыз, көбіне қосымша жұ­мыс ретінде жүктейміз», – дейді С.Фи­липпов.
Аула сыпырушыға, әсіресе, қыс мезгілі ерекше қиын. Тау-тау боп үйілген қарды та­залау кімге оңай дейсіз? Осындайда ауыр жұмысты бірнеше кісінің бірігіп ат­қа­руына рұқсат етіледі. Сөйтіп, бір отбасы мүшелері үш-төрт үйдің ауласын бірігіп тазалайды. «Оларды іштей аяғанымызбен, қолымыздан ештеңе келмейді. ПИК-терде тек аула сыпырушылардың ғана емес, со­нымен қатар, сантехник, слесарь секілді аса қажетті мамандардың да жалақылары тым төмен. Олардың жалақыларын жоға­ры­лату үшін пәтердің әр шаршы метріне төленетін төлемақы құнын көтеру керек. Ал бұл жағдай тұрғындардың наразылығын туғызатыны сөзсіз. Қосымша қаржы көзі болмағандықтан, аула сыпырушыларға әзірге азғантай жалақыны місе тұтуға тура келіп тұр», – деп ағынан жарылды қауым­дас­тық төрағасы.
Зоя ОЛЕСЕНКО, «Дорожник» ПИК-тің төр­айымы:
– Біздегі 25 үйге 16 аула сыпырушы бе­кітілген. Олардың басым бөлігі зей­нет­керлер, қалғандары бұл жұмысты қо­сымша атқарады. Жалақы аз бол­ған­дық­тан, сегіз сағаттық жұмыс күнін та­лап ете алмаймыз. Дегенмен аула сы­пы­рушыларымыз бізді ұятқа қалдырып көрген жоқ. Күн сайын ертелетіп, өзде­рі­не бекітілген аумақты жинап, тап-тұй­н­ақтай қылып қояды. Өкінішке қарай, осындай ауыр жұмыс біздің елі­мізде мамандық ретінде есептелмейді. Ешқандай көмек немесе ерекше бір жеңілдік те қарастырылмаған. Мысалы, зиянды өндірістегі жұмысшыларға айран, сүт секілді шаң-тозаңның зарда­бын жоятын тағамдар беріледі. Ал біз ондай жағдай жасамақ түгіл, азғантай жалақысының өзін әрең береміз. Келе­шек­те ҚР «Тұрғын үй туралы» Заңына өзгеріс енгізілетін жағдай туса, аула сыпы­рушының мәртебесі де ұмыт қалмас деп үміттенеміз...

Бағия МҮСІПОВА, 56 жаста, аула сыпыру­шы:
– Ауылда тұрғанда сауыншы да болдым, ер-азаматтармен қатар трак­тор да жүргіздім. Жасымыз ұлғайған соң қалаға көштік. Мұнда да қарап отыра алмай, аула сыпырушылық жұ­мысқа кірістім. Әуелі облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және эко­логия орталығының ауласын тазаладым. Кейін уақытының еркіндігіне қызығып, ПИК-терге ауысып кеттім. Қазір «До­рож­ник» ПИК-інен үш үй және «Ша­ңы­рақ-Медик» ПИК-інен үш үйдің ауласын сы­пырамын. Бұған қосымша тұрғын­дар­мен келісіп, кейбір үйлердің кіре­бе­рісін жинаймын. Осы жұмыстардың бәрін күн сайын сағат 9.00-бен 15.00-ге дейінгі аралықта жасап боламын. Бірнеше ауланы қатар тазалағандықтан, жалақым жаман емес. Жұмысым, әри­не, ауыр, бірақ, ауылда жүріп, бұдан да қиын шаруалар атқарғандықтан, бұл жұмысты аса қатты ауырлай қой­май­мын. Бір сөзбен айтқанда, шыдауға болады.

Бұл кәсіп барлық жерде «еңбегі адал, еті һарамның» кебін киіп жүр ме деген оймен ғаламторды ақтарғанбыз. Еуропа мен АҚШ-та аула сыпырушыға екінші сорт­ты адам ретінде қарамайды екен. Гер­манияда оның айлығы 700-900 евро (біз­діңше, шамамен 150 мың теңгеден аса), Австрияда 1900 евро (400 мың теңгеге жуық). Тіпті орта есеппен 17 000 рубль (80 мың теңгеден аса) алатын ресейлік аула сы­пырушының көрген күні біздікінен көш­іл­­гері. Еуропадағы жоғары тазалық мә­де­ниеті және аула сыпырушының қо­ғам­дағы өзіндік рөлі оның жұмысын ай­рықша жеңілдетеді. Бір мысал, шетелде ит-мы­сық­ты серуендететін арнайы орынға жетіп үлгермей, «түзге» отырып қойған төрт аяқ­ты достарының дәретін иелері арнайы қалақ­шамен пакеттеріне салып алады. Бізде ол бас қатыратын мәселе емес. Қан­ден­дерін жетектеп, мысықтарын қол­тық­та­рына қысқан қалалықтар «ерке­то­тай­ла­ры­ның» қалаған жерге дәретке отыруына рұқсат ете береді. Қала берді, жасы да, жа­самысы да аулада шемішке шағып, ішімдік ішкенді әбестік санамайды. Маңайын бүл­дір­генін ұят көрмейді. Өйткені ол үйрен­шікті әдетке айналып кеткен. Аула сы­пы­ру­шының «еңбегі – еш, маңдай тері – тұз» болмауы үшін алдымен қоғам түзелуі керек. Қоғам түзелсе, аула санитарының мәртебесі де кө­теріледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста