Әуеде жыныстық қатынасқа баратындар да жоқ емес

Әуеде жыныстық қатынасқа баратындар да жоқ емес

«Біреуге бас қайғы, біреуге жан қайғы» дейді қазақ.  Дәл осы күндері Ресей әуедегі «әлекті» қалай тоқтатудың амалдарын қарастыруда. Бірінші кезекте олар заңды күшейтпекші. Өйткені ұшақ әуеге көтерілген кезде жолаушылар тарапынан тіркелген «тізгінсіздік»  тізімі артып, жағдай барған сайын ушығып бара жатқан сыңайлы. Ішімдік ішіп алу, төбелес шығару немесе ұрыс-керіс сияқтытөтенше оқиғалардың тигізер зардабы, сөз жоқ, орасан.Әуеде кездесетін осындай келеңсіздіктерді «Алаш айнасы» саралап көрген еді.
Қазір Ресей депутаттары өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заң жобасын талқылап жатыр. Егер жаңа заң  сенатта мақұлданып, Елбасы қол қойса,ресейлік әуетасымалдаушылар «атың шықпаса жер өртегілерді» қара тізімге алып, асауға тұсау салу үшін оларға белгілі бір уақытқа дейін ұшаққа ешбір бағытқа билет сатпау құқығына ие болмақшы. Сонымен қатар, заң күшіне енсе, ұшақта шатақ шығарғандарды тәуір көретіндерді 15 күнге қамап не 15 мың рубль көлемінде айыппұл салынатын болады. Сондай-ақ, заң шығарушылар бір бап бойынша бірнеше рет көзге түскендерді қатаң жазалауды ұсынады, яғни жалғыздан-жалғыз шу шығарса 500 мың рубль, бірнеше адам болып сойқан салса 1 миллион рубль айыппұл төлетіп, тіпті 5-7 жылға дейін бас бостандығынан айырған дұрыс деп санайды.
Жалпы Ресейде бұрындары да әуеде әпербақандық танытқандарды ешкім аяп жатпайтын. Осы сынды заң бұзғандарға тағайындалатын жаза біздегімен салыстырғанда әлдеқайда қатаң. Естеріңізде болар, ресейлік А.Зуйченконы Обь қаласындағы Әлемдік соты 200 сағаттық қоғамдық жұмыстарға «жеккен» болатын. Даулы пікірталас тудырған бұл төтенше жағдай жаңа заң жобасын жасауға өзінше сеп болды десек қате айтқандық емес.
Бұл - Ресейде. Біздегі жағдай да мәз емес. Ұшаққа мініп алып, ұрынарға қара таппай, өзінің ғана емес, бүкіл ұшақ экипажы мен жолаушыларға қауіп төндіретіндер Қазақстанда да жетерлік. Алайда  біз  «шыбынға шоқпар көтермес болар» деп ойлаймыз ба, әйтеуір немкеттілікпен қараймыз бұған. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» демекші, «қамданғанның қапы қалмайтынын» ескерген жөн сияқты.
Арнайы хабарласқанымызда «ЭйрАстана» әуекомпаниясы Баспасөз қызметінің қызметкері Тілек Әбдірахимов:
-Соңғы үш жылды айтсам, мұндай келеңсіз оқиғалар 1000-ға жуықтап қалады, яғни жыл сайын 200-350 оқиға тіркеледі. Ал «ЭйрАстана» үшін шығын бір миллион теңгенің төңірегінде,- дейді.
«ЭйрАстана» әуекомпаниясының қызметкерлерінің «бір қызығы, отандастарымыз шетелдік рейс кезінде «бетегеден биік, жуасаннын аласа» бола қалады. Өйткені, жай ғана артық қимылың үшін олар полиция шақыртады дегендері рас. Таэквондашы Азамат Теңізбаевтың ісін алайық, қалғып кетіп, қасындағы қызға басы тиіп кеткен екен, сол үшін сотталып кете жаздады емес пе. Тіпті, ұшақта темекі тартқаның үшін Германияда 3-4 мың евро айыппұл салады екен. Ал бізде мұндай жағдайда бірнеше мың теңге ғана айыппұлмен оңай құтыласың. Мынандай оқиға орын алған болатын: Париж қаласының Шарля де Голля әуежайында біздің қазақстандық отбасына барлық кассада билет сатуға тыйым салынған. Бар айыптары: әуежай қызметкерімен сөзге келісіп қалған. Олар амал жоқ, елге автобуспен қайтуға мәжбүр болған.
-Көбіне мұндай ерсі қылықтарды сауатты деген ер адамдар көрсетіп жатады. Жас мөлшерін де байқап көрдік, негізінен 35 жасқа дейінгілер. Тіпті ішімдік ішіп алып, ұшақтың ішкі жағындағы әйнекті шағып, дәретханада от шығарғандар да кездесті. Ойлап көріңіздерші, біреудің ақымақтығы қанша адамның өміріне үлкен қауіп төндірді емес пе. Борт ішінде әсіресе бизнес класта отырғандар көп шу шығарады. Олар қалтасындағы ақшаларына сенсе керек, - дейді Қазақстан әуе тасымалының қауіпсіздік стандарты бойынша менеджері Наталья Лебедева.
Бір мысал келтіре кетейік, осыдан бір жылдай уақыт бұрын Алматы-Дели бағытында ұшып бара жатқан ұшақ ішінде бір жолаушы ішімдік ішіп алып, төбелес шығарған. Ұшақ командирі Алматыға қайтып келуге мәжбүр болады. Сот тәртіп бұзған адамға 2 миллион теңге айыппұл салған-ды. «Алайда ұшақтағы тәртіпсіздігі үшін жауапқа тарту Қазақстанда өте сирек кездесетін жағдай. Кінәлі адам негізінен жазасыз қалады» дейді сондай-ақ, Наталья Лебедева.
Қазақстан Әуе тасымалы қауымдастығының бастығы Владимир Куропатенко:
-Кейбір адамдар ұялудан қалып барады. Әуеде жыныстық қатынасқа баратындар жоқ емес. Мынандай бір оқиға орын алған болатын: Ұшақ Ақтауға тоқтағанда бір жолаушы есікті жауып алып, адамдарды қонақүйге жібермей қойды. Тоқтап тұрған әуе кемесінің жылыту жүйесі сегіз сағатқа дейін ғана жұмыс істейді. Міне осы уақыт өтіп кетіп,  борт іші суып кетті.  Алматыдан басқа ұшақ шақыруға тура келді. Біз сонда 20 мың долларға шығынға баттық. Осы сынды төтенше жағдай Мәскеу-Алматы бағытындағы рейсте де орын алған еді. Бір жолаушы борт қызметкерімен жанжалдасып, төбелес шығармақшы болған. Кесірінен ұшақ Ақтөбеге қонуға мәжбүр болады. Әлгі жолаушы 700 теңгеге шығынданды. Ондай шығынды қойшы, ұшақ ішінде отырған өзге адамдардың тағдырлары қыл арқанның ұшынды тұрды сонда. Ұшақта тәртіпке бағынбайтындарға шетелдердегідей қатаң жаза қолданбаса болмайды. Біреу білер, біреу білмес, бойдағы алкоголь әуеде екі есеге дейін күшейіп кетеді. Депутаттар рейс уақытынан сәл кешіксе болды, «түймедейді түйедей қылады». Ал борт ішінде бүлік шығарғандарды тиісті жазалау керектігін ешкім ойлап жатқан жоқ.
Бізде де негізі «қара тізім» бар екен. Алайда ол келесі жолы да билет алып, оған әуе кемесінің қызметін пайдалануға ешқандай шек қойылмайды. Тек ескерту алады. Айтпақшы, қазір  «ЭйрАстананың» қара тізімінде 14 адам тұрса керек. Жұрт назарына сала кетейік, бұл тізім ІАТА Халықаралық әуе тасымалы қауымдастығына да беріледі. Біздегідей «қазақбайшылыққа» салынбайды олар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста