Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында Астанада ұсталған журналист Бейімбет Молдағалидың босатылғаны туралы жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
"Біз Ішкі істер министрлігіндегі әріптестермен хабарластық. Нәтижеде Бейімбет босатылды", - деп жазды министр.
Еске сала кейік, бүгін "Власть" интернет журналының тілшісі Бейімбет Молдағалидың ұсталғаны туралы хабар тараған болатын.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.