Әскери прокуратура әскердегі әлімжеттік видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның Бас әскери прокуратурасының өкілі Еркін Қожа-Ахмет өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жақында тарап кеткен қазақстандық әскер қатарындағы әлімжеттік видеосына қатысты пікірін білдірді.

Желіде тараған видеода ысылып қалған сарбаздардың жас жауынгерлерге әлімжеттік жасап жатқанын көруге болады. Әскерилер жас сарбаздарды ұрып, "хат" оқытады және түрлі бұйрықтарды орындатқызады.

Назар аударыңыз, видеода бейәдеп сөздер бар!

"Facebook желісінің түрлі парақшаларында әскерилердің бір-біріне нормативтік қатынастан тыс әрекеттер жасаған видеосы таралып кетті. Бұл материал 2009 жылы Ақтаудағы әскери бөлімде жазылып, 2012 жылы YouTube видеохостингіне жарияланғанын айта кетейін. Олардың кім екені анықталып, сәйкес шаралар қолданылды. Ал қазір мұндай жағдай жекелей ғана болатынын айтқым келеді. Біз жүргізген алдын алу жұмыстар арқасында мұндай құқық бұзушылық айтарлықтай азайып, кейбір түрлері мүлде жойылды. Сонымен бірге, қоғамда дау тудырмас үшін мұндай материалдарды жариялар алдында олардың қайда және қашан түсірілгенін біліп алуды немесе өкілетті органдардан анықтауды сұраймын. Сондай-ақ, мұндай деректер туралы хабарлап, одан тысқары қала алмаған тұлғаларға алғысымды білдіргім келеді. Әскери прокуратура органы БАҚ пен интернет-басылымдарды ары қарай да қадағалап, мұндай жағдайды анықтап, кінәлі тұлғаларды жауапқа тартуды жалғастырады", - деп жазыпты ол.

Тengrinews.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста