Арсыздықтың астарында не бар?

Арсыздықтың астарында не бар?

Таяуда БАҚ өз ұлын зорлаған Алматы облысындағы бір ауыл мектебінің директорының сотталғандығы туралы айтып, жазды. Кәмелетке толмаған өзінің туған ұлын зорлаған арсыздық оқиға біздің елімізге де жетіп отыр. Жас балалар мен қыздарға көздерін сүзетін педофиль деп аталатын бұндай арсыздық өздерінің өркениеттерімен әлемге мақтанатын Батыс елдерінде әлдеқашан белең алып, қоғамның ажырамас бөлшегіне айналғаны белгілі. Міне, сол жаман әдет енді қазаққа да жетіп отыр.

Құрдымға құлаған сайтани қоғам

Дінді қоғамнан әлдеқашан аластап, ғылымды бірінші орынға шығарған қазіргі зайырлы қоғамның даму бағдарына қарап, азғындықтың құрдымына жыл санап құлдырап құлап бара жатқанымызды аңғару еш қиын емес. Басқаны былай қойып, өзім көріп, куәсі болған өткен ғасырдың 60-70-80-ші жылдарын алып қарайықшы. Коммунистік түсінік үстемдік еткен сол заманның өзінде адамдар дәл қазіргідей азғындыққа салынбаған еді.

Өз басым кәмелетке толмаған жас баланы зорлапты деген ерсі оқиғаны сол кезде бір де бір рет естіген емеспін.Рас, ауылымызда нәпсіге беріліп, кім көрінгеннің жетегінде кеткен бірлі-жарым бойжеткендер болды. Қыздар орамал тартып, шаштарын бір, не екі өрім қылып өріп жүретін. Оқуға түскен қыздар болмаса, ауыл қыздары шалбар кимейтін. Ал қыздардың арасында темекі тартып, арақ ішетіндер мүлдем дерлік болмайтын.

Ал қазір ше? Қазіргі жағдайды көкірек көзі ашық әрбір адам жақсы біледі. Басқа жақты қайдам, осы Көкшетауда жазда арақ-сыра сататын дәмханаларда отыратындардың басым көбі жас қыздар мен келіншектер. Олар темекі де шегеді, арақ-сыраны да суша сіміреді. Арақ ішіп мас болып төбелесіп жатқан қыз-келіншектер қазір қай жерде де аз емес. Ал тәндерін саудалап, жезөкшелікке салынған бойжеткендер ауылда да, қалада да жыртылып айрылады.

Өздері дүниеге әкелген сәбилерін қоқысқа лақтыратындар, ұрып-соғып азап беретіндер, тіпті азын-аулақ ақшаға сататындар да қазір жиі бой көрсетуде. Еркек болып туып, бірақ өздерін әйелмін деп сезінетіндер және ақша төлеп, ота жасатып әйелге айналып жатқандар да жер-жерде көрініс беруде. Ондайларға «трансгендер» деп ат қойып, айдар тағып жүр. Ал өз жыныс өкілдерімен жақындасып, арсыздыққа салынатындар ерлер арасында да, әйелдер арасында да бүгінде аз емес. Одан қалды, жоғарыда айтқанымыздай, қаршадай ұл-қыздарды зорлайтын педофил дегендер де жыл санап көбейіп барады.

Арсыздыққа адамды не итереді?

Енді жоғарыда айтылған сот шешімімен 16 жылға бас бостандығынан айрылған мектеп директорына қайта оралайық. Орта жастағы әйел-бала-шағасы бар төңірегіне сыйлы азаматтың естір құлаққа ерсі осындай арсыздыққа қалай барғаны оны танитындардың бәрін қайран қалдырған.

Өзіңіз ойлап қараңызшы: жоғары білімді, ұстаздарға ұстаздық жасап жүрген отбасылы әжептәуір беделді азаматтың өзі дүниеге келтірген 9 жастағы ұлын бір рет емес, бір жылдан астам уақыт бойы үнемі зорлап келгендігі ақылға сыйымды шаруа ма? Ал енді осы жоғары білімді азаматтың ендігі тағдыры қандай болмақ?

Оны білу үшін ешқандай данышпан болудың қажеті жоқ. Мына жай анық: Бұл бейшара пенде өзінің отбасынан мәңгіге айрылды. Бұндай зорлықшыл әкені баласының ешқашан кешпесі даусыз. Әйелі де, басқа балалары да одан безінеді. Бұндай арсыздық жасаған адамнан туған туыстары да бойларын аулақ салады. Мектептегі әріптестері де оның атын ауызға алмайтын болады. Сонымен 16 жыл түрмеде отырып, шыққасын ол пенде қайда бармақ? Яғни, туыс бауырлары мен тамыр-таныстарынан түгел безініп, өмірін жаңа ортада бастауына мәжбүр болады және оның соңынан өле өлгенше «педофил» деген жаман атақ қалмайды. Бұндай қылмыспен сотталған адамды түрмедегілер де иттің етінен жек көрмек. Сонымен ол өле өлгенше барша қоғамға жексұрын болады. Ал өлген соң ТОЗАҚТЫҢ ЕҢ ТҮБІНЕ құлайды. Бұл – АҚИҚАТ.

Осыншама өз өмірін қорлайтын бұл бейшараға не көрінді? Неге ол осылай боларын алдын ала сезбеді? Әйелі бар, қалыпты еркек бола тұра неге өз ұлын зорлап, бұндай абырой да, тән рахатын да әкелмейтін, азап пен тауқыметке ұшыратып, абырой-беделден жұрдай ететін шаруаны жасады?

Рептилойдтар

Американдық қоғам қайраткері Дэвид Айктің бейнесабақтары бүгінде барша әлемге танымал. Ол бейнесабақтарында Айк жанымыздағы параллел көзге көрінбейтін нәзік өлшемде өмір сүретін рептилойдтар туралы әңгімелейді. Кесіртке тұрпатты мұндай тіршілік иелері адаммен энергетикалық каналдар арқылы байланып, адамдарды түрлі арсыз әрекеттер жасуға еріксіз итермелейді дейді Айк.

Үнді иогтарының айтуынша, адамның тәнінде шексіз кеңістікпен байланыстырып тұрған 7 қуат орталығы – чакра бар. Оның ең төменгісі – муладхара чакрасы жыныс мүшесі мен артқы тесіктің арасында орналасқан және жыныс жақындығына жауап береді. Рептилойдтар адаммен сол чакра арқылы байланысып, пенделердің жыныс жақындығына деген ой-фантазиясына ерік беруіне, түрлі арсыздықтар жасау арқылы тән рахатына кенелуге ынталандырып отырады екен.

Айктің рептилойды Құранда жазылған сайтаннан еш айырмасы жоқ. Рептилойдтар жыныс жақындығы жайында үнемі ойлап, армандап жүретін пенделердің санасына ой арқылы әсер етіп, оларды түрлі азғындықтарды жасауға ынталандырып отырады дейді Айк. Осындай ойларға берілген пенделердің жанынан шықпай, оларға әбден байланатын рептилойдтар төменгі чакра арқылы әлгі пендеге жабысып, соның ажырамас көлеңкесіне айналады екен. Ұйықтап жатқан сәттерінде рептилойдтар әлгіндей пенделермен жыныс жақындығына барып, оларды өздерінің құлақ кесті құлдарына айналдырып алмақ.

Бұл тақырыптағы мақалаларды алдағы уақытта да толығырақ жазу жоспарым бар, сондықтан блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста