"Аралас халал" дегенді естіп пе едіңіз?!

"Аралас халал" дегенді естіп пе едіңіз?!

"Халал" деген атауды иемденіп, тек пайда табуды көздейтін кәсіпкерлер көбейгенін өткен жолғы санымыздағы арнайы рейд барысында жазылған мақаламызда айтқан болатынбыз. Ислам дінін ұстанушы әрбір мұсылман халал мен харамды ажырата білуі керек. Халал өнім – дін бойынша тұтынуға құпталған, рұқсат етілген болса, ал харамға шариғат бойынша үзілді-кесілді тыйым салынған.
«Ата-баба дәстүрінің мұрасы» Тұтынушылар құқығын қорғау қоры мен «Мұсылман» журналы бірлесе отырып осы аптада Алматы қаласының ішіндегі біраз дүкен, кафе, асханаларға арнайы рейд жүргізген болатынбыз. Көз көрген жайттардан бір ғана мысал келтірейік. Қаладағы көпшілік «Никольск» базары атап кеткен сауда орны маңындағы «Первомайские деликатесы» атты шұжық өндіретін фабриканың дүкенінде болып, сатушымен әңгімелесе келе білгеніміз, аталмыш фабрика «аралас халал» стандартымен жұмыс жасайды екен. «Аралас халал» дегеніміз не? Бұл қандай стандарт? Бұрын соңды естісек құлақ керең болсын... Мәселен, шұжық өндіретін цехтар «халал» өнімін шығарумен қатар, шошқа етінен жасалған колбасаларды да қатар өндіреді екен. Екеуі де бір жерде өндірілетіндіктен, ол жерде қандай тазалық пен шынайы халал өнім болуы мүмкін? Екеуі де бір цехтан шығады. Бір фабрика атауымен шығады. Мейлі ыдыс жеті рет жуылсын, мейлі бөлек ыдыспен жасалсын, ол оның «халал» екенін растамайды. Осындай бизнесті өздері ойлап тапқан «аралас халал стандарты» деп атайды екен. Бұл – «жартылай халал, жартылай харам» дегенмен бірдей. Әлгі дүкеннің қабырғасына «халал» сертификатын барынша көрнекті етіп іліп қойған. Соған малданады. Есесіне аңқау тұтынушы алданады. Ал оларға «халал» сертификатын берген кім? Сертификат беріп жатқан мекемелер неге осы мәселеге мән бермейді?!
Сонымен қатар «мусульманская» деген жазумен де шұжық, пельмен т.б. өнімдер көптеп сатылуда. Ол «мусульманскаяның» неден жасалғанын өздерінен басқа ешкім білмейді. «Құрамында шошқаның еті жоқ» деген принципті өздерінше басшылыққа алады да, «мұсылмандардыкі» деп орап шығара береді. Кез-келген базар, азық-түлік дүкендерінде осындай тауарлар жетіп артылады. Оны алып жатқандар да баршылық. Көшедегі «халал» жазуы бар самса, бәліш, дөнер сатушыларға «етті қайдан аласыңдар?» деп сұрасақ, «сиырдың еті», «тауықтың еті», бір кісілер алып келеді» дейді. Яғни бұл жерде де үлкен күман бар. Пайғамбарымыздың (c.ғ.с.) «Негізінде күманданған нәрселеріңді жемегендерің абзал»- деп ескерткен хадисі бар. Қолданыстарындағы еттің халал не харам екенін өздері де білмейді және оны мойындап та тұр. Бірақ «халал» деген жазуды бетке ұстап, саудасын дөңгелетуде. Себебі «халал» өнімі үлкен сұранысқа ие екендігін жақсы біледі. Өндірушілер арасында бұл брендке қызығушылық күн сайын артуда десек қателеспейміз. Өйткені «халал» жазуын көрген тұтынушы бірден тағамның тазалығына сеніп, ойланбай алады. Яғни бұл жазу – қазіргі таңда қып-қызыл табыс көзі!
Қазақстан тұрғындарының 70 пайызы мұсылман екендігін ескерсек, басым көпшіліктің халалды таңдауы заңдылық. Халалға қызығушылық танытып отырғандар тек мұсылмандар ғана емес, басқа дін өкілдері ішінде де көп, яғни сұраныс ерекше деген сөз. Бірақ сол тауардың қаншалықты нақты таза екеніне ешкім бас қатырып отырған жоқ. Бәлкім ол иттің, доңыздың, тіпті бақа-шаянның еті шығар, кім білсін? Бізді алаңдатып отырғаны – «халалдың» таза тауар емес, тек қана маркалық атау ғана болып тұрғаны.
Ал енді осындай аралас-шатыс өнімге рұқсат етілді деп ойлайсыз ба? ҚМДБ-ның «аралас халалдың» дұрыс еместігі жайлы арнайы пәтуасы бар. Егер малды бауыздап жатқан адамның өзі мұсылман кісі болмаса, ол сойған қойдың еті қалайша халал болады? Осыны бізде ескеріп жатқан кім бар?
Құранның «Бақара» сүресінің 173-аятында:«Шынайы түрде сендерге өлексені, (арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды. Сонда кім мәжбүрленсе, қарсылық қылмаса, шектен шықпаса оған күнә жоқ. Күдіксіз Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді» делінген, сонымен қатар «Әнғам сүресінің 121 аятында: «Алланың аты аталмай бауыздалған малдың етін жемеңдер!», деген аяттарды кездестіруге болады. Алла Тағала ненің адал, ненің арам екенін соқырға таяқ ұстатқандай көрсетіп берген.
Қорытындыға айтар сөз: Халал белгісін орынсыз пайдалануда тым шектен шығып кеткенімізге рейд барысында көз жеткіздік. Осының бәрі үкіметтік деңгейде халал өндірісін реттейтін мемлекеттік стандарттық ұйымның жоқтығының және тиісті орындар тарапынан қатаң қадағалаудың болмауының салдары екені жасырып жабар жай емес!...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста