Арал аудандық сотының төрайымы шулы оқиғаның мән-жайын түсіндірді

Арал аудандық сотының төрайымы марқұм болып кеткен «күйеуінің» отбасымен соттасып жатыр. Ол 2017 жылдан бастап 5 баласы бар танымал кәсіпкердің «екінші әйелі» болған деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

 

«Екінші әйелі» деп тырнақшамен жазуымыздың себебі &ndash екеуі заңды түрде некелеспеген, бірақ сот төрайымы алдыңғы күйеуінен тапқан қызын сол кәсіпкердің атына жаздырыпты. Былтыр жазда 55 жастағы кәсіпкер аяқасты қайтыс болғаннан кейін (жүрек ауруынан &ndash авт.), бәйбіше мен «екінші әйелдің» арасында бітіспес дау басталып кеткен. Яғни, марқұмның артынан қалған дүниеге талас жүріп жатыр.

 

Арал аудандық сотының төрайымы Кәмшат Садуақасова бұған дейін екі рет заңды некеде болып ажырасқан. Екінші күйеуі де кәсіпкер, ортақ некеден дүниеге бір қыз келген екен.

 

Бұл оқиғаның мән-жайын әлеуметтік желіге жазған танымал адвокат Абзал Құспанның айтуынша, К.Садуақасова екінші күйеуін әкелік құқығынан жасырын айырған көрінеді. Сотта ол марқұм кәсіпкердің заңды отбасының құқығын қорғап жатыр.

 

«​2012 жылы сот орындаушысы Кәмшат Садуақасова бірінші күйеуімен ажырасып, «Н» есімді азаматпен тұрмыс құрады. Сол «Н»-нің айтуынша, Кәмшат оған тек қана дүние үшін шыққанын ол кеш түсінген. Ол өзінің үш балалы (екі ұл, бір қыз) әйелін тастап, Кәмшатқа үйленген кезде, қаладағы дүркіреп тұрған бір мекеменің басшысы болған. Сұлу да сымбатты екінші жарын үлде мен бүлдеге орап, кейін оның судья болуына да тікелей араластым деп отыр. Осы некеден 2013 жылы қыз бала дүниеге келеді. «Н»-нің айтуынша оның мекемесінде 2015 жылы проблемалар басталады. Қызылорда облысына жаңадан келген басшы «Н» басқарып отырған мекемені жауып, орнына басқа компания ашады. Ол жерге «Н» емес, басқа біреу басшы болады, кез-келген мекемені жабу үшін аудиторлық тексерулер басталады, ұзын-сөздің қысқасы «Н»-нің басынан бақ таяды. Сол кезде судья Кәмшат «сенің проблемаларың менің жұмысыма кедергі келтіруі мүмкін, сол себепті қағаз жүзінде ажыраса тұрайық» деген ұсыныс тастайды. «Н» келіседі. ​Бірақ арада екі жыл уақыт өткенде, яғни 2017 жылы екеуіне шын мәнінде ажырасуға тура келеді. Себеп &ndashКәмшаттың өзге адаммен көңіл жарастырып жүргені белгілі болып қалады. Ол адамның да өз отбасы, бес баласы бар», - деді оқиғаны түсіндірген адвокат А.Құспан.

 

2019 жылы соттың төрайымы К.Садуақасова Қызылорда қалалық сотының судьясы Эльмира Ахметоваға талап арыз береді. Осы жылдың 10 қыркүйегінде Қызылорда қалалық сотының судьясы Э.Ахметова талапкер К.Садуақасованың қызы «Н.А.»-ның туу туралы акт жазбасындағы әкесі туралы мәліметтерді алып тастау туралы талап арызын толық қанағаттандырған. Ол туралы қыздың әкесі мүлдем білмеген. Сот шешімі іс жүзінде әкелік құқықтан айыру тәртібімен қаралған. Өзінің әкелік құқықтан айрылғанын кеш білген «Н» апелляциялық шағымын Қызылорда қалалық сотына жолданғанда, судья Э.Ахметова 21.01.2021 жылы өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.

 

«Істің біржақты тез шешілуінің тағы бір себебі, Қызылорда қалалық сотының судьясы Эльмира Ахметова мен талапкер Кәмшат Садуақасова екеуінің өзара жақын құрбы болуында. К.Садуақасова 2019 жылдың шілде айында Арал аудандық сотының төрайымы болып тағайындалғанға дейін, Қызылорда қалалық сотында судья болған», - дейді Абзал Құспан.

 

Адвокатың айтуынша, Қызылорда қалалық сотының судьясы Э.Ахметова тек қана «Н»-нің ғана емес, кәмелетке толмаған қыздың да құқықтарын, әрі заңның нормаларын бұзып отыр.

 

Қазір Кәмшат Садуақасова қайтыс болған Ибрагим Абубакировтың заңды әйелімен дауласып жатыр. Ол марқұмның артында қалған дүниенің 7/1 бөлігін иемденбек. Өйткені, 7 жасар бүлдіршін кәсіпкердің қызы ретінде жазылғандықтан, дүние-мүліктің бір бөлігін алуға ол да құқылы.

 

«Марқұмның артында бес баласы қалған. Оның ең үлкен ұлы 28 жаста, 1-топтағы мүгедек, арбаға таңылған. Әкесінен қалған алпауыт компанияны сол ұлы басқарып отыр. Марқұмның топырағы суымай жатып дүниеге талас басталды. Ұлын құқық қорғау органдары тергеуге шақырып, құжаттарды сұратып жатыр. Былтыр ғана бұл компания екі үлкен тексеруден өткен. Арал аудандық сотының төрайымы К.Садуақасова менің қорғауымдағы марқұмның балалары мен жесірінің үстінен сотқа ұйымдасқан қылымыстық топ деп арыз жазған. Оған марқұм кәсіпкердің мұрагері саналатын мүгедек баланы да қосып отыр. Марқұмның садақасын беріп үлгермей жатып облыстық сот шақырып, түсініктеме талап етіп жатыр. Кәсіпкердің қайтыс болғанына 6 айдан енді ғана асты, - дейді адвокат.

 

А.Құспан аталған жайтты тізіп, Қызылорда облысының прокуроры Нұрлан Бижанов пен ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асановтың атына хат жазды. Жәбірленуші тараптың сенімді өкілі жоғарыдағы жағдай «Сот шешiмi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі N 5 нормативтік Қаулысының 11 тармағының талаптарына қарама-қайшы келеді деп санайды.

 

ОЛАРДЫҢ МАҚСАТЫ &ndash МЕНІ ЖҰМЫСТАН ҚУУ

 

Біз судья Кәмшат Садуақасовамен де сұхбаттастық. Ол әңгімелесуден бас тартқан жоқ. Өзінің айтуынша, заң саласында 15 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді екен. Азаматтық некедегі күйеуі марқұм Ибрагим Серікұлының дүние-мүлкіне қызықпадым деп ант-су ішті. Ол Ибрагим Абубакировпен 2006 жылдан бері жақын таныс, қарым-қатынаста болған екен. Тек өзара махаббат, сүйіспеншілік туғандықтан соңғы жылдары бірге ғұмыр кешкен. Оны кәсіпкердің заңды отбасы да, туыстары да білген. Тіпті, кәсіпкер өзінен 15 жас кіші Кәмшаттың туыстары мен анасының алдынан да өткен көрінеді. Ал бұрынғы күйеуі ел айтып жатқандай танымал кәсіпкер болмаған. Керісінше басы даудан арылмаған соң онымен қоштасуға тура келген. Садуақасованың сөзінше, бұрынғы күйеуі Нұрлан Нұралыұлы туған қызына мүлдем көмектеспеген, қарамаған. Ұзақ жыл іздеп те келмеген. Оның әкелік құқықтан айырылғанын білмей қалдым деуі &ndash сылтау екен. Алимент те төлеп көрмеген.

 

«Маған біреудің дүние-мүлкі керек емес, ол туралы жазған түсініктемемде айтылған. Ешкімнің дүниесіне таласпаймын деп «отказ» жазып бергем. Ол туралы қайын апа, қайын сіңілілерім және марқұм Ибрагимнің әйелі Бақытгүл Бермаханова біледі. Марқұм Ибрагим менің қызымды өзі әкесімін деп таныды, біреудің қызын өзі қызындай қабылдады. Бақты, балабақшаға, дайындыққа, биге апарды, жағдайын жасады. Мектепке де тасыды. Адамдар жетім баланы да асырап алып жатыр ғой. Алайда, дүниеге құмартқан, тәкаппарланған оның әйелі 30 жыл отасқан күйеуінің топырағы суымай жатып «шалқыды». Енді міне, шулатып жатыр, маған сес көрсетті. Олардың ойы мені жұмыстан қуғызып, құрту, масқаралау. Дүниеден бас тартам десем де менің қызымды, баяғы күйеуімді, жеке өмір тарихымды қопарып, алдын ала сөз байласып, Нұрлан Нұралыұлына (К.Садуақасованың бұрынғы күйеуі &ndash авт.) ақша ұсынып, арыз жаздырып, үгіттеп отыр. Үлкендік жасағанның орына сонша дүниені жинап, жағдайларын жасаған күйеуінің атына кір келтіріп жатыр. Нұрлан әкелік құқықтан айыру туралы соттың хабаралмасына мән бермеген, келмеген. Жайыма тыныш қойсаң болды деген сол кезде. Жылдар бойы қызын іздемеген адам екенін оны Нұрланды қорғап жүрген А.Құспанның жазбасынан-ақ ұғуға болады. Менің жеке тағдырымды талқылауға ешкімнің құқығы жоқ, мына жағдай маған өте ауыр. Жұмыстан да кет деп жатыр. Мен ұл мен қыз өсіріп отырмын, балаларымның болашағына алаңдаймын. Мен олар сияқты қолдан жала ұйымдастырып жатқам жоқ, қалай бар, соны айттым», - деді Арал аудандық сотының төрайымы Кәмшат Садуақасова.

 

Судья Садуақасова қарсы тарап күдіктеніп, елді дүрліктірген соң қызының да құқығын, өзінің де абыройын заң шеңберінде қорғауға бел буған. Дүниеге талас туралы әңгіме ақыры шыққан соң, қызының өгей әкесінен қалған мүлікті мұрагерлік жолмен алатынын да ашық айтты.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста