Әр атыраулық жылына екі центнер зиянды зат жұтады

Әр атыраулық жылына екі центнер зиянды зат жұтады

Өндірісі өрістеп, өркен жайып келе жатқан мұнайлы өңірдің мұңы да аз емес. Әуелгісі, әрине, экология. Ішер су мен жұтар ауа лас болса, ол халықтың келешегі жайлы жарқын болжамдар жасау қателік болар еді. Өйткені зиянды заттарға бөккен ауамен тыныстаған елдің денсаулығы құрып барады. Бүгінде Атырауда 42 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Олардан ауаға шығатын зиянды қалдықтар мөлшері жылына бір мың тоннадан асады. Ел-жұртты жұмыспен қамтып, экономикалық жағынан да қыруар пайдаға кенелтіп отыр демесеңіз, мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғау шараларына немқұрайды қарайтыны тағы бар. Жыл сайын ауа қабатына шығарылатын зиянды заттар көлемінің 85 пайызы осы салаға тиесілі. Және бір сұмдығы – осы мөлшердің 0,2 пайызы ғана залалсыздандырылады.
Шыны керек, мұнай-газ сала­сын­дағы кәсіпорындардың ішін­де Экологиялық кодекстің талап­тарын сақтап отырғандар не­кен-саяқ. Жер қойнауын пай­да­ланушылардың стационарлық мекемелерінің бірде-бірі әлі күнге дейін тазарту қон­дыр­ғыларымен жаб­дық­тал­маған. Бұл – зиянды шы­ға­рындылар сүзгіден өткізілмеген күйі ауаға тазартылмай кетіп жатыр деген сөз. Экологиялық кодексте та­зарту қон­дыр­ғы­ла­рын­сыз кә­сіп­орынды іске қосуға болмайды делін­ге­німен, оған назар салған жан баласы көрін­бейді. Нәтижесі – өткен жылы Атыраудағы ірі жер қойнауын пайдаланушылар 107 мың тонна лас шығарындылар шығарған, бұл адам басына шақ­қанда 201 келіден келеді. Бұл туралы «Атырау облысының экологиялық проблемалары, шешу жолдары және қазіргі за­манғы технологияларды ен­гізу» тақы­рыбында өткен жиында белгілі болды. Тағы бір белгілі болған жайт – жекелеген ком­па­ния­лардың тазарту қон­дыр­ғыларын орнатуды эконо­ми­ка­лық жағынан тиімсіз санай­тыны, қоршаған ортаны қорғау шара­ла­рының жоспарында ұмыт қал­дыратыны. Облыстық эколо­гия департаментінің бастығы Ер­бол Қуанов осы мәселені айта келе, өңірдегі алпауыт ком­па­ния­ның соңғы бес жылда табиғат қорғау шара­ларына 160 млрд теңге жұм­сағанымен, бүгінге дейін тазарту қондырғысын алу­ға мүд­делі болмай келе жат­қа­нын жасырмады.
Ауру кө-ө-өп...
Ауаның ластануы, ең ал­ды­мен, қара халықтың ден­сау­лы­ғы­ның бүлінуі. Облыстық ден­саулық сақтау басқармасының мәлі­метінде Теңіз кеніші орна­ласқан Жылыой ауданында соң­ғы бес жылда халықтың ты­ныс алу жолдарының сырқаты 21 пайызға артқаны айтылады. Ал облыстық СЭС келтірген дерек­тер­де өндірістегі зиянды фак­тор­лардың кесірінен «Қазтрансойл» мен «Қазтрансгаз» мекемелерінің қызметкерлерінің арасында ауру саны артқаны көрсетілген.
Өндірістік кәсіпорындарда ұзақ жылдар жұмыс істеген адамдардың зиянды заттар­дың әсерінен ауруға шалдығатыны да – дәлелденген дүние.
Соңғы 20 жылда Атырау қаласы тұр­ғын­дарының аурушаңдық көрсеткіштері едәуір артқан. Сүйек-бұлшық ет жүйесі аурулары – тоғыз, қан және қан түзетін ор­гандар аурулары – алты, туабітті аурулар 3,8 есеге дейін өсті. Бұл – облыстық қор­шаған ортаны қорғау жөніндегі комиссия­ның кешенді зерттеуінің нәтижесінде белгілі болған дерек. Атырау мұнай өңдеу зауыты мен басқа да кәсіпорындардың қоршаған ортаға және облыс орта­лы­ғындағы халықтың денсау­лығына әсерін бағам­дайтын үш жылдық кешенді зерт­теудің алдын ала мәлімет­терінде атмос­фералық ауаның жерге жақын қабатында күкіртті сутек, күкірт диаксиді және азот көбейгені жайлы келтіріледі. Қорқынышты тұсы, түнгі мезгілде Атырау қаласындағы күкірт сутегінің концен­трациясы шекті мөлшерден 140 есеге асып кеткен (!). Енді екі-үш жылда бірқатар ірі мұнай-газ жобасы іске қосылатын болады. Ал одан  ауаға тасталатын лас заттар көлемінің бүгін­гіден еселеп арта түсетіні айтпаса да түсінікті. Сол кезде қара халықтың ден­саулығы қандай күйге келерін ойлаудың өзі көңілге үрей ұялатады.
Қара жер  қара майға айналды
«Жер қойнауын пайдаланушылардың  қоршаған ортаны қорғау шараларында кемшілік көп». Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Данияр Ереншинов Атырауға келген сапарында осылай деп ашығын айтты. Оған себеп те жоқ емес. Жер қойнауын пайдаланушылар табиғат қорғау шараларына эмиссия алуға керекті құжат деп қана қарайды. Эко­ло­гиялық қауіпсіздікке байла­нысты мәселе қалдықтар мен қоқыстардың төңірегінде де бар. Бүгінде облыстағы полигондарда 1 млн тоннадан астам қалдық жинал­ған. Облыстағы 28 поли­гонда 105 мың тонна май топырақ, мұнайды бұрғылау қал­дықтары тау-тау болып үйіліп жатыр. Оларды залалсыз­дандыруды кейінге ше­гере  беруге болмайды. Бір ғана қалалық қоқыс алаңында биылғы сәуір айынан қыркүйекке дейін сынап, формальдегид, фенол, метилмеркаптан, аммиак секілді ластаушы заттардың  рұқсат етілген шекті мөлшерден асып кетуі туралы 40 факт тіркелген. Облыс­тық экология  де­пар­таментінің бастығы Ербол Қуанов мұнай компания­ларының қалдықтарды жоюды мамандандырылған компания­ларға беріп құтыла салатынын  айтады. Ол компания­лардың құжаттары қатып тұрға­нымен, шын мәнінде, қалдық сақ­тайтын уақытша орындары да жоқ. Соның кесірінен мұнай қалдықтары көрінген жерге төгіліп жатыр. Өткен жылы осындай компаниялардың бірінің Атырау мұнай өңдеу зауытының маңына мыңдаған тонна қалдық көміп тастағаны белгілі болды. «Ол компания­лардың жұмыстары тексеріледі, лицензия­ларының күшін жоюға дейін шаралар қолданатын боламыз», – дейді Е.Қуанов.
Экология жайлы сөз болғанда Каспий теңізін айналып өту мүмкін емес. Теңізден көмірсутегі шикізатын игеру шарықтау шегіне жеткен мезгілде су айдынының эко­логиялық жүйесіне төнер қауіптің де арта түсетіні белгілі. Бұған дейін де талай әңгі­менің тамызығына айналып келе жатқан теңіздегі мұнай ұңғымаларын жою жөнінде соңғы екі жылда ешқандай жұмыс жүргізілген жоқ. Экологтер су астына батып кеткен ұңғымалар саны мыңнан асады дейді. Бірақ әдеттегідей оларды жою үшін ақша жоқ деген сылтауды малданумен келеміз. Су астында тотығып, шіріп, теңдес­сіз теңіздің таңғажайып экожүйесіне қауіп төндіріп жатқан ұңғымалардың көзі жойыл­майынша, Каспийдің тазалығы туралы сөз қозғау ерте.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста